Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 30 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Халықаралық сауда.


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕМДІК САУДА ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЭКОНОМИКАСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ПРОБЛЕМАЛАР 4
1.1 Сауда капиталы мен сауда пайдасының мәні 4
1.2 Капиталистік сауда үлгілері 5
1.3 Дүниежүзілік сауданың қазіргі кездегі түрлері және құрылымы 6
2 ҚАЗІРГІ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА 9
2.1 Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда 9
2.2 Дүниежүзілік сауданың қарқынды дамуы 14
2.3 Қазақстанның халықаралық сауда қатынастарына қатысуы 17
3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАДАҒЫ ОРНЫ МЕН РӨЛІ 20
3.1 Халықаралық саудадағы кедергілер 20
3.2 Халықаралық сауданың дамуының басты бағыттары мен келешегі 22
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29
ҚОСЫМША 30

КІРІСПЕ
Тауарды сатып өткізу, айналыс процесінде жүзеге асады. Оған арнайы шығын кетеді. Осындай шығын түрлерін айналыс шығымдары деп атайды. Ол екіге бөлінеді: қосымша шығын және таза айналыс шығындары.
Тауарды сатып алу және сатып өткізу кезінде жарнама істерін және т.б. ұйымдастыруға кеткен шығындар таза айналыс шығыны түсінігін береді.
Тауарды толық тұтынушыларға жеткізуге кететін көптеген шығын түрлерінің жиынтығын айналыстағы өндірістің қосымша шығындары дейміз. Капитализмде сауданың 3 түрі бар: көтерме, бөлшек және сыртқы сауда. Сауда капиталистері тауарларды тікелей тұтынушыларға, халыққа сатады. Бөлшек сауда дегеніміз осы. Бір капиталистердің, басқа капиталистерге тауарларды қол көлемде сатып өткізуін көтерме сауда деп айтамыз.
Капитализмде сыртқы сауда ерекше ролін атқарады. Келешекте бұл тенденция үдей түседі. Шет елдерге шығарылған тауарлар экспорт, әкелінген тауарлар импорт деп аталынады. Экспорт көлемі импорттан асып түссе сауда балансы активті, ал импорт экспорттан басым болса сауда балансы пассивті болғаны. Қазір, әсіресе келешекте ел тағдырын шешетін күштердің бірі - әлемдік рынок.

1 ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕМДІК САУДА ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЭКОНОМИКАСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ПРОБЛЕМАЛАР
1.1 Сауда капиталы мен сауда пайдасының мәні
Капиталистік қоғамда сауда капиталы, капиталистердің ерекше тобы тек қана айналыс саласында қолданатын өнеркәсіп капиталының оқшауланған бір бөлігі болып табылады. Сауда капиталының айналымы (Д-Т-Д) тауарды өткізу процесінде саудагерлер авансыланған капиталдың орнын толтырып қана қоймай, сонымен бірге осы капиталдан пайда түсіруді де көздейді.
Шын мәнінде сауда пайдасы дегеніміз - материалдық өндіріс саласында жалдамалы жұмысшылар жасаған қосымша құнның өзгерген формасы. Бұл өнеркәсіп капиталистері тауарларды өткізуді жүзеге асырғаны үшін, сауда капиталистеріне беретін қосымша құнның бір бөлігі. Өнеркәсіп және сауда капиталистері жұмысшы табын бірлесіп қанайды, ал жұмысшы табы өндірген қосымша құнды өзара бірдей көлемді пайданы, бірдей көлемді капитал жұмсау принципі бойынша бөліп алады.
Айналыс процесі тауарды сатып алу үшін капиталды авансылауды ғана емес, сонымен бірге тауарларды өткізу ісін ұйымдастыруға шығын жұмсауды да керек етеді.

1.2 Капиталистік сауда үлгілері
Көтерме сауда дегеніміз - бір капиталистің басқа капиталискс тауарларды ірі көлемде сатуы. Сауда өнеркәсіп және сауда капиталисттерінің арасында және капиталисттерінің осы ерекше топтарының ішінде жүргізіледі. Сауда әдетте көтерме сауда орталықтарында - тауар биржаларында, жәрмеңкелер мен аукциондарда жүзеге асырылады. Көтерме сауда процесінде тауарлардың едәуір белігі айналыс саласынан тұтыну саласына көшпейді. Мұндай көшу бөлшек саудада аяқталады.

1.3 Дүниежүзілік сауданың қазіргі кездегі түрлері және құрылымы
Халықаралық сауда - мемлекеттер және ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауар және қызметтердің айырбасы. Ол ерте заманда қалыптасып, бірақ тек XX ғасырда ғана дүниежүзілік рынок формасына ие болды, өйткені оған негізінен өнеркәсібі дамыған елдер ғана қатысады. Халықаралық сауда дүниежүзілік еңбек бөлінісіне, әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне және олардың табиғи - жағрафиялық жағдайларына сәйкес тауарлардың белгілі бір түрлерін өндіруге маманданудың нәтижесі ретінде көрінеді.

2 ҚАЗІРГІ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА
2.1 Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда
Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың ролі ерекше маңызды.
Американ ғалымы Дж.Скастың пікірінше «қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».
Халықаралық сауда - еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың экономикалық тәуелділігі.
Ғылыми-техникалық өрлеудің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді.

2.2 Дүниежүзілік сауданың қарқынды дамуы
Дүниежүзілік сауданың ең қарқынды және өскелең дамып келе жатқан секторы өңдеуші өнеркәсіп саласының тауарлары оның ішінде ғылыми сыйымды тауарлар.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ғылыми сыйымды тауарлар экспорты жылына 500 млрд долл құрайды, ал жоғары технологиялық өнімнің үлесі 40%-ке жақын. Машиналар мен жабдықтар саудасының да ролі артып келеді. Осымен байланысты ғылыми-техникалық, өндірістік, кооперациялық, қаржы-несие қызметтерінің айырбасы кең қанат жаюда. Машиналар мен жабдықтар саудасының қарқыны бірқатар жаңа қызметтер түрлерін өмірге алып келді. Оларға: инжиниринг, лизинг, консалтинг, ақпаратты-есептеу қызметтері жатады.
Инжиниринг - клиентке көрсетілетін инженерлік қызметтердің жиынтығы. Оның түпкі мақсаты өндіріске жұмсалған күрделі қаржыны немесе басқа шығындарды өтеуде жоғары нәтижеге жету. Ондай нәтижеге жету үшін инжиниринг материалдық, технологиялық, енбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланудың әдістерін іздестіреді.

2.3 Қазақстанның халықаралық сауда қатынастарына қатысуы
Қазақстанның егемен ел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасады.
Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оңды құбылыстарды байқар едік:

3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАДАҒЫ ОРНЫ МЕН РӨЛІ
3.1 Халықаралық саудадағы кедергілер
Жоғарыда аталған халықаралық сауданың артықшылықтарына қарамастан, көптеген елдер оған шектеу қоюда, оның ішінде АҚШ-та бар.
Кеден тарифтері. Бұл импортқа келетін тауарлар және қызмет көрсетулерге салынатын салық. Кеден тарифтерінің негізгі екі түрі бар. Мемлекеттің ақша қаржысын толтыру үшін қолданатын ресми тарифтері және ұлт өнеркәсібін шетелдік бәсекелестерінен қорғау үшін қолданылатын қолдаушы тарифтері болады. 1910 жылға дейін АҚШ-тың негізгі табыс көзі ресми тарифтер болып келген. Бұл тарифтердің негізгі мақсаты шетел тауарлары мен қызмет көрсетулерін отаңдық өнімдерден, қымбаттатып, олардың сатылуына шектеулер қою болып табылады.

3.2 Халықаралық сауданың дамуының басты бағыттары мен келешегі
Әлем экономикасында тауарлар мен қызмет көрсетулерді ұлттық шекара арқылы айырбастау процесін «халықаралық сауда» деп атайды.
Шет елдерден сатылып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулер - «импорт» деп аталады. Ал, басқа елдерге сатылатын тауарлар экспорт болып саналады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Адамзат қоғамын, оның негізі экономиканы зерттейтін ғылым саласы — экономикалық теория. Қазіргі дәуірде экономика мәселелерінен мағлұмат алмаған адам өзін білімді маман қатарына жатқызбақ тұрсын, күнделікті өмірге қажет сауалдарға да жауап бере алмайды. Экономика мен саясат тығыз байланысты. Біздің ойымызша, тәуелсіз алған Қазақстанның ерекшеліктеріне сай өзінің экономикалық теориясы болу керек. Әрине, тәуелділікке ие болған ел, әлемдік елдер қауымынан, бұрын Кеңес Одағы болмақ елдерден оқшау емес, керісінше, экономикалық интеграция халықаралық еңбек бөлінісі артықшылықтарын пайдалану қажет.