Мүгедектің ұғымы және оның топтары
Жоспар
Кіріспе 3
1 Мүгедектің ұғымы және оның топтары 6
1.1 Мүгедектермен әлеуметтік жұмыстың психологиялық ерекшеліктері 9
1.2 ҚР Мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясаты 12
1.3 ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясаты 13
1.4 Мүгедектік мәселелерін шешу аспектісі 15
Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиеттер 19
Кіріспе
Елдің реформалану жағдайларында, нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезінде миллиондаған адамдар (зейнеткерлер, мүгедектер, жетім балалар, босқындар, т.б.) жедел әлеуметтік көмекті және қорғауды қажет етеді. Әлемде әлеуметтік жұмыстың, соның ішінде халықтың бөлектенген топтарымен әлеуметтік жұмыстың үлкен тәжірибесі жинақталды. Біздің елімізде де аз тәжірибе жинақталған жоқ. Қазіргі кезде еліміздегі әлеуметтік жағдай күрт өзгеріске ұшырады, әлеуметтік қатынастардың шиеленісу үрдістері мағына беруді және талдап қорытындылауды талап етеді. Халықпен әлеуметтік жұмыстың ғылыми негізделген тұжырымын, сонымен қатар әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің түсінікті де сенімді тәсілдерін, әлеуметтік технолгияларыни жасау қажет.
1 Мүгедектің ұғымы және оның топтары
Мүгедектік мәселесі, ал жайлы ұғым социология және әлеуметтік жұмыста басты зерттелу және талқылану тақырыбы болып табылады. Мүгедектік сырқатпен, зақымданумен, жарақатпен байланысты пайда болады, бұл мүгедек деп танылған адамның қабілетсіздігін түсіндіреді. Осыған байланысты қандай да бір жалпы - қабылданған әрекеттер орындалуы керек, яғни халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуші мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен мекемелер тарапынан мүгедек деп танылған балалар мен азаматтарға әлеуметтік қорғау көрсетіледі.
1.1 Мүгедектермен әлеуметтік жұмыстың психологиялық ерекшеліктері
Психологиялық құбылыс мүгедектің тұлғалық - психологиялық бейімделуі ретінде, сонымен қатар қоғамның мүгедектік мәселесін эмоционалды - психологиялық қабылдауы ретінде де бейнеленеді. Мүгедектер мен зейнеткерлер халықтың аз ынталанған тобына жатады және қоғамның аз қорғалған, әлеуметтік әлсіз бөлігі болып табылады. Бұл, ең алдымен, мүгедектікке әкелген, аурумен шақырылған, олардың физикалық жағдайының кемшіліктеріне байланысты. Одан басқа, бұл топтардың әлеуметтік қорғалағандығы, көп мөлшерде, олардың қоғамға қарым-қатынасын қалыптастыратын және олармен байланысты қиындататын психологиялық фактордың бар болуымен байланысты. Психологиялық мәселелер мүгедектердің сыртқы әлемнен алшақтауы кезінде пайда болады.
Мүгедектер әлемі өз алдына бейнелі. Бұл жердің өз белгілері, өз бағалауы, өз заңдары бар. Мүгедекке көмектесу - бұл ең алдымен оның әлемін, назар аудару және жүрек қарым-қатынастарын қажет ететін адам әлемін түсіну және қабылдау.
1.2 ҚР Мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясаты
Әлеуметтік-экономикалық мәселелер микроәлеуметтік ортамен (отбасы, еңбек тобы, тұрғын үйі, жұмыс орны және т.б.) және макроәлеуметтік ортамен (ақпараттық орта, әлеуметтік топтар, еңбек нарығы және т.б.)байланысты сұрақтарды қамтиды.
Мүгедек адам бар отбасымен жұмысты ұйымдастыру кезінде мемлекеттің әлеуметтік бөлімдері берілген отбасының әлеуметтік тобын анықтауы керек, оның құрылымын белгілеуі қажет(толық, толық емес). Көрсетілген факторлар мағынасы белгілі, олармен отбасымен жұмыстың әдістемесі байланысты, олардан отбасы қажеттіліктерінің әртүрлі сипаты көрінеді.
1.3 ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясаты
Әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттік институттардың тәжірибелік қызметінің және мүгедектер мен мүгедектікке қатынасындағы мемлекеттік саясат қалыптасуының мазмұнын анықтайды.
Мүгедектігі бойынша әлеуметтік қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының 16 маусым 1997 жылғы «Мүгедектік, асыраушысынан айрылу, жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» және 5 сәуір 1999 жылғы «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақылар туралы Заңдарымен жүзеге асырылады.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау жүзеге асыру үшін мүгедектіктің пайда болуы (ол өтініш бергенге дейін жұмыстың бітуіне немесе жалғасуына тәуелсіз), сонымен қатар мүгедектіктің туындау уақыты (жұмыс уақытында, жұмыстың басталуына дейін немесе аяқталған соң) құқықтық негіз болып табылады.
Қорытынды
1991-1992 ж. Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастар экономикасына өтуімен сипатталады. Осындай өтпелі кезеңде мемлекеттің әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін құрастыру қажеттіліктері пайда болды.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1- бабында «ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялайды; оның ең қымбат қазынасы - адам және адам өмірі; құқықтары мен бостандықтары; деп жазылған. Осыған байланысты, Қазақстанда, өркениетті мемлекет ретінде, экономика индивидтің материалды, әлеуметтік және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға мақсаттануы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы»Қазақстан республикасының 1997жылғы 20 маусымдағы №136-1Заңы
2. Қазақстан Республикасында « Мүгедектігі бойынша, Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы №126-1
3. Әлеуметтік кепілдіктерді реттеу жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республткасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы 1996 жылғы 23 қаңтар №2788
4. Сансызбаева Г.Н. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және оның проблемалары/ Оқу құралы.-Алматы: Экономика,1998