Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 9 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Түркия Республикасы


Жоспар
1 Түркия Республикасы 3
1.1 Табиғаты 3
1.2 Тарихы 4
1.3 Экономикасы 6
1.4 Мәдениеті 7
Пайдаланылған әдебиеттер 9

1 Түркия Республикасы

Түркия Республикасы – Азияда және ішінара Оңтүстік Шығыш Еуропа жерінде орналасқан мемлекет. Аумағының 97% -ы Қіші Азия (Анадолы) түбегін, 3% -ға жуықы Еуропа ендігін немесе оңтүстік шығыс Балқан түбегін (Шығыс Фракия) қамтиды. Солтүстік шығысында ТМД елдерімен, шығысында Иранмен, оңтүстік батысында Иракпен, Сириямен, солтүстік батысында Болгария және Грекиямен шектеседі.

1.1 Табиғаты

Түркия – Кіші Азия мен Армян қыраттары шегінде жатқан таулы ел. Солтүстік және оңтүстік жағалаулары аз тілімденген. Батыс жағалауы шығанақты келеді. Жері батыстан шығысқа қарай 160 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 500-600 км-ге, ал теңізбен шектесетін жағалауы 7 мың км-ге созылған. Жері негізінен таулы-үстіртті. Солтүстіктен Понтий таулары, оңтүстіктен Тавр тау жүйелері, шығыстан Солтүстік Тавр жоталары, ішкі бөлігін Анадолы үстірті алып жатыр. Жері әр түрлі климат белдеулерінде орналасқан.

1.2 Тарихы

Түркия жерін адамдар ерте замандардан мекендеген. Ежелгі халықтар: хеттер, фракиялықтар, лидиялықтар, галаттар, ассириялықтар гректер, армяндар, т.б. бұл жерде өз мәдениеттерін қалдырған. Ежелгі заманда және ертедегі орта ғасырларда бұл аймақ түрлі мемлекет бірлестіктердің – Хетт патшалығының, Мидияның, Ахемен әулетінің, Александр Македонский державасының, Селевки әулетінің, Пергамның, Рим империясының, Византияның, т.б. құрамында болды. Б.з.б. 3 ғасырда басталған халықтардың ұлы қоныс аудару кезінде қазіргі Түркия жеріне сақ-скифтер, сарматтар, ғұндар, аланда, т.б. келе бастады.

1.3 Экономикасы

Түркия – аграрлы-индустриялы ел. Түркия азық-түлік өнімдерін өндіруде дербестікке жеткен әлемдегі санаулы елдердің бірі. Егіншілік – ауыл шаруашылығының жетекші саласы. Ел аумағының 33%-ын егістік алып жатыр. Оның 88%-ына дәнді дақылдар өсіріледі. Егістік алқаптың 15%-ына техникалық дақылдар (мақта, темекі, қант қызылшасы, күнжіт, зығыр) егіледі. 4,2%-ын бақ пен жүзім баулары алып жатыр. Жерорта теңізі жағалауында негізінен жүзім, інжір, маслина, цитрусты жемістер, алма, өрік, т.б. ал Қара теңіз жағалауының шығыс бөлігінде шай өсіріледі. Мал шаруашылығы да жақсы дамыған. Түркия ангор ешкісінің түбітін әлемдік рынокқа шығаратын жетекші ел.

1.4 Мәдениеті

Түрік әдебиеті көп жанрлы, терең мазмұнда ежелгі фольклордан бастау алады. Түркі дәстүрлі әдебиетінде «Оғызнаме», «Китаби дәдәм Қорқуд» эпостық шығармалары мен «Көроғлы» дастаны ерекше аталады. Романтикалық хикая - әңгімелер, қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, күлдіргі, т.б. ертегілер, мысалдар, рәуіштер (соның ішінде Қожанасыр әңгімелері), мақал-мәтелдер, жұмбақтар елеулі орын алады. Ауыз әдебиетінде манп, түрік қошма (гошма), тәшлама сияқты өлең түрлері бар. Кейін түріктер ислам дінін, мәдениетін қабылдаған соң араб тілі, діни және ғылыми-танымдық, ал парсы тілі сарай әдебиетінің тілі болды. Жазба әдебиетінің алғашқы үлгілері: (аруз, маснауи, қасида, ғазаал) 13 ғасырда пайда болды. Алғашқы шығармалар сопылық сарында жазылды.