Қылмыстық іс жүргізудегі апелляция
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І-тарау. Заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудың түсінігі және тәртібі 6
1.1 Аппеляциялық өндірістің тарихи және салыстыру - құқықтық талдаулары 6
1.2 Занды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудың түсінігі, мәні және маңызы 27
1.3 Аппеляциялық шағым беру, наразылық білдіру құқығы және тәртібі 30
II - тарау. Аппеляциялық шағымдар және наразылықтар бойынша істерді қарау 40
2.1 Аппеляциялық өндірістің түсінігі, қозғау негіздері, пәні және шектері 40
2.2 Аппеляциялық сатыдағы өндірістің және шешім қабылдаудың тәртібі 51
Қорытынды 70
Пайдаланылған әдебиеттер 74
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заң шығарушы, атқарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін құрайды.
Қылмыстық істі шешу, яғни, айыптау үкімін шығару барысында қылмыстылықты және қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның кінәлілігін немесе ақтау барысында оның кінәсіздігін анықтау тек бірінші сатыдағы соттың міндетіне жүктелген. Сот істі қарап, дұрыс шешім қабылдауы тиіс. Бұл жерде, ең бастысы іс жүргізу тәртібін реттейтін заңдардың, сондай-ақ сотталушы жасаған іс-әрекеттің қылмыстылығын және жаза қолдану дәрежесін анықтайтын заңдардың еш бұрмаланбай, қатаң сақталғаны жөн. Осы талаптарға ақтау үкімін шығару, сол сияқты істі қысқарту жағдайлары да бағынады.
І-тарау. Заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудың түсінігі және тәртібі
1.1 Аппеляциялық өндірістің тарихи және салыстыру - құқықтық талдаулары
Апелляциялық өндірістің тарихи және салыстыру - құқықтық талдауларын мен үш бөліммен қарастырдым: 1) қазақтардың дәстүрлі құқығы бойынша шешімдерін қайта қарау институты; 2) кеңестік дәуірде Қазақстан соттарының шешімдерін қайта қарау институттары және 3) кассациялық өндірістен апелляциялық өндіріске өту.
1.2 Занды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудың түсінігі, мәні және маңызы
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заң шығарушы, атқарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін құрайды.
Қазақстандық сот жүйесінің негізін, мәнін анықтайтын құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Конституциясы және «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заң болып табылады. Бүл құқықтық актілерге сәйкес, соттар инстанцияларға бөлінеді. Бірінші инстанциялы сот - істі мәні бойынша қарайтын сот.
1.3 Аппеляциялық шағым беру, наразылық білдіру құқығы және тәртібі
Еліміздің ұлттық заңы аппеляциялық өндірісті қозғауды тараптардың еркіне жүктейді. ҚР ҚІЖК-нің 396-бабына сәйкес, заңды күшіне енбеген сот үкімдеріне Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының үкімдерін қоспағанда. тараптар аппеляциялық тәртіппен шағымдануы және наразылық білдіруі мүмкін. Үкімге шағымдану құқығы сотталушыға. ақталушыға, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдеріне, жәбірленушіге және оңын өкіліне тиесілі. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері үкімге, оның азаматтық талапқа қатысты бөлігінде шағым жасауға құқылы.
II - тарау. Аппеляциялық шағымдар және наразылықтар бойынша істерді қарау
2.1 Аппеляциялық өндірістің түсінігі, қозғау негіздері, пәні және шектері
Аппеляциялық өндіріс - басты мақсаттары бірінші инстанциялы соттың үкімдері мен қаулыларына келіп шағымдар мен наразылықтарды қарау, сот қателерін және күшіндегі заң нормаларының бұзылуын анықтау, жою, заңдылықты қалпына келтіру, сондай-ақ азаматты, қоғамды және мемлекетті қылмыстық іс бойынша өндірістің қатысушыларының кұқыққа қайшы әрекеттерінен сақтау болып табылатын қылмыстық іс жүргізудің жеке сатысы
Аппеляциялық өндірістің негізгі белгілері:
2.2 Аппеляциялық сатыдағы өндірістің және шешім қабылдаудың тәртібі
Бірінші сатыдағы сот аппеляциялық шағым мен наразылық келтіруге арналған мерзім біткен соң және мүдделі тұлғаларды шағым беру туралы және оған қарсылық білдіру мүмкіндігін түсіндіргендігі хабарландыру талабы орындалған соң, істі қараудың жоғары тұрған сотпен келісе отырып белгіленетін уақыты мен орнын көрсетіп, істі тиісті аппеляциялық сатыға жібереді (ҚР ҚІЖК-нің 408-бабының 1 б.).
Қорытынды
Сонымен, апелляциялық инстанция - тараптар үкім туралы, оның негізіне алынған дәлелдемелер туралы өзінің ой-пікірін жеткізетін сот. Әрі бұл жөнінде сот өз шешімін шығаруға міндетті. Қабылданған шешімнің жариялануы тараптардың іске байланысты дауларын, өзіндік пікірлерін тоқтатып, олардың шығарылған шешімге бағынуын міндеттейді. Сөйтіп, сот та өзінің өкілеттігін тоқтатады. Ал, тараптардың шешімге қатысты бұдан кейінгі дауласуы басқа «жазықтыққа» ауысады; тараптардың шағымдарын келесі сатыдағы соттың судьялары мен лауазымды тұлғалары қарайды, әрі мәселенің қаншалықты шешілетіндігі солардың еркіне байланысты. Тек, прокурордың наразылығы ғана ешбір бұлтарыссыз келесі сатыдағы соттың есігін аша алады.