Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 38 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Кәсіпорындағы еңбекақыны ұйымдастыр


Жоспар
Кіріспе 3
1 КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕКАҚЫ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 5
1.1 Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың экономикалық мәні мен маңызы 5
1.2 Еңбекақы төлеу нысандары мен жүйелері 11
2 «ТАС-ҚҰМ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДА ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫН ТАЛДАУ 19
2.1 Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы және оның технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау 19
2.2 Кәсіпорындағы еңбекақы төлеу жүйесін талдау 24
2.3 «Тас-құм» АҚ-да еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру шаралары 28
3 КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ 32
3.1 Шетелдерде еңбекақыны ұйымдастыру тәжірибелері (Жапония мен Франция) 32
Қорытынды 36
Қолданылған әдебиеттер тізімі 38

Кіріспе
Бұл жұмыстың өзектілігі Қазақстан Республикамызда өткізіліп жатқан нарықтық реформалар, тек экономикалық дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін орасан зор маңызы бар екендігін Республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстары көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтиды.
Қазақстан экономикасының дамуын бақылау барысында көптеген өзгерістерді көруге болады: жекешелендіруге, бәсекелестікті қолдауға бағытталған реформалар жүргізілді, республикамыздың стратегиясын анықтайтын заңдар мен қаулылар қабылданды, көптеген басқару функциялары тікелей кәсіпорындармен ұйымдарға берілді. Еңбекақыны ұйымдастыруға қатысты саясатта осындай сипатта болады.

Курстық жұмыстың 1-ші бөлімінде жалпы еңбекақы туралы түсініктер мен оның кәсіпорындағы қолданылуы жайлы, ҚР-ның еңбекақы туралы кодексі мен заң және 2005 жылы жасалынған жоба сонымен қатар, еңбекақы туралы мамандардың жазған ойы туралы жазылған. Ал 2-ші бөлімінде менің мысалға алған «Тас-құм» акционерлік қоғамындағы еңбекақының ұйымдастырылуын, технико-экономикалық көрсеткіштері, еңбекақы төлеудің ең тиімді шаралары жайлы жазылған. 3-ші бөлім, кәсіпорындарда еңбекақыны жетілдіру бағыттары мен шетелдердегі еңбекақы жүйесі туралы қарастырылған.

1 КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕКАҚЫ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1 Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың экономикалық мәні мен маңызы
Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпкерлік қызметте басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді.Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі.Міне, сондықтан да, мұны еш уақытта естен шығаруға болмайды.
Еңбекақы – бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетін, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбек ақыны орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді.

1-сызба.Еңбекақыны ұйымдастырудың құрылымы
Еңбекақы жүйелерінде қайта құру еңбек министрлігімен әлеуметтік қорғау бағдарламаларына сәйкес келесі бағыттарда жүзеге асырылады.
1. Бірыңғай тарифтік торды жаңарту;
2. Жалақыны мемлекеттік реттеу;
3. Жұмыс берушілердің еңбекақыны уақтылы беруге жауапкершіліктердің жоғарлауы;
4, Кәсіпорынның қаржысына және пайдасына ұжымның қатысуы;
5. Әлеуметтік серіктестердің дамуы.
Таяу уақытқа дейін жалақы деп – жұмысшылар арасындағы еңбек бойынша бөлінетін қоғамдық өнімнің үлесі танылып келеді.

1.2 Еңбекақы төлеу нысандары мен жүйелері
Еңбекақының жүйелері және нысандары өз алдына еңбектің нәтижесін қамтып көрсетіп сандық және сапалық көрсеткіштер жиынтығының көмегімен жұмсалған, еңбектің санына және сапасына тәуелді еңбекақы мөлшерінің бекітілу тәсілдерін көрсетеді.

2 «ТАС-ҚҰМ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДА ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы және оның технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
«Тас-құм» акционерлік қоғамы - құрылыс материалдарының кейбір түрлерін барлаумен, өңдеумен және жеткізіп берумен айналысатын өнеркәсіптік кәсіпорын. Дәлірек айтсақ – құм, қиыршық тастар, тротуарлық плиткалар, гравий және кірпіштер өндіреді.
«Тас-құм» - Қазақстанда бәріне бұрыннан белгілі Алматылық рудалық емес материалдар комбинатының жаңа аты.

2.2 Кәсіпорындағы еңбекақы төлеу жүйесін талдау
Кез-келген кәсіпорында қаражаттардың пайдалануына талдау жасау өте маңызды болып келеді. Талдау барысында еңбекақы қорының пайдаланылуына жүйелік реттеу жасау керек және өнімнің еңбек сиымдылығын төмендетіп, еңбек өнімділігін жоғарылату есебінен қаржыландыруды үнемдеу мүмкіндігін анықтау керек.
Статистикалық органдардың әдістемелік құжаттарына сәйкес еңбекақы қорына тек ағымдағы шығындарға жатқызылатын еңбекті төлеу қоры ғана емес, сонымен қатар таза табыс пен әлеуметтік сақтандыру қорына жіберілетін төлемдер де кіргізіледі.
Кесте 3 - «Тас-құм» АҚ-ғы тұтынушыларға арналған қорлардың қолданылуы

2.3 «Тас-құм» АҚ-да еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру шаралары
Негізгі еңбекақы персоналға нақты істелген уақытқа, істелген жұмысының көлемі мен сапасына немесе өндірілген өнімнің көлеміне бекітілген мөлшерде немесе жалақыға сәйкес төленеді.
Қосымша – ол персоналға кәсіпорында жұмыс істелмеген уақыт үшін төленетін, еңбек заңнамасына сәйкес тәртіпке төленетін еңбекақы мөлшері. Оған кезекті демалыстардың төлемақылары, сонымен қатар қосымша төлемдер мен тарифтік мөлшерлемелердің үстіне қосулар және жұмысшылардың қызметтік жалақылары жатады.

3 КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Шетелдерде еңбекақыны ұйымдастыру тәжірибелері (Жапония мен Франция)
Қазақстан Республикасында еңбек ету қызметін жүзеге асырып жүрген шетел азаматтарының, республиканың азаматтары сияқты міндеттемесі мен құқықтары бар, бірақ олар жекелеген қызметке тұруына немесе ҚР-ның азаматтары сияқты белгілі қызмет түрімен шұғылдануда болмайды, мысалға олар мемлекеттік қызметке қабылданбайды немесе сот, нотариус, прокурор немесе т.б қызметтермен шұғылдана алмайды.

Қорытынды
Нақты кәсіпорында еңбекақыны төлеуді ұйымдастырудың нақты мысалында біз еңбекақыны ұйымдастырудың жаңа жағдайлардағы мүмкіндіктерін көрсеттік. Еңбекақының деңгейін кәсіпкерлердің және нарықтың сұранысымен қарқынды анықталады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. ҚР-ның «Қазақстан Республикадағы еңбек туралы заңы» 10.12.1999ж (өзгерістер 23.12.04ж) Алматы.,2005ж
2. «Анализ хозяйственной деятельности предприятия», под редакцией Г.В. Савицкая, 2000 ж.
3. «Анализ финансово-хозяйственной деятельности предприятия», Дюсембаев К.Ш, 2001 ж.