Банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібі
Клиенттердің тапсырысы бойынша банк мекемелері арасындағы есеп айырысулар банкаралық есеп айырысу деп аталады. Банкаралық есеп айырысулар есеп айырысуға қатысушылардың кімге бағынуына, олардың есебі қайда және қалай автоматтандырылғанына және олардың бір немесе әртүрлі мемлекетте болуына байланысты жүргізіледі.
Әртүрлі банктерге бағынатын банк мекемелері арасындағы есеп айырысулар банкаралық есеп айырысу орталығы арқылы жүргізіледі. Банкаралық есеп айырысу орталығы Ұлттық Банктің облыстық басқармасының деңгейінде құрылған.
Есеп айырысуды жүзеге асыру үшін әрбір банкке корреспонденттік шоттар ашылады. Корреспонденттік шотты ашу үшін банк мыналарды ұсынуы тиіс:
Егер есеп есептеу орталығы автоматтандырылмаған болса, онда кредиттік тапсырыстар қажетті реквизиттердің көрсетілуімен жай қағазда басылады. Мұндай тапсырыстар нөмірлерінің өсу тәртібімен орналастырылады.
Банкаралық есеп айырысудың 3 түрі бар:
Корреспонденттік қатынас арнайы корреспонденттік келісіммен толтырылады. Онда сәйкес банктік операцияларды орындау тәртібі мен шарты көрсетіледі. Келісіммен мыналар анықталады:
Электронды төлемдерді енгізу бір уақытта банктер арасындағы қағазды құжат айналымын азайта отырып, сенімділік пен жылдамдықты арттыра түсуі тиіс.
Электронды төлемдерді жүргізудің ерекшеліктері мыналарда:
Банк мекемесі мен оның клиентіне арналған электронды төлем «А» филиалынан аударудың шынылылығы туралы, 3,4 операциялық күн ішінде алынған куәландырудан кейінгі алушының шотына қаржыларды аудару кепілі болып табылады.
Электронды төлем құжаты шынайылықтың қажетті деңгейін қамтамасыз ететін байланыс (телекоммуникция) торабы арқылы беріледі.
Электронды төлем арқылы есеп айырысу екіге бөлінеді:
Мекемелер арасындағы есеп айырысудың ұақтылығын, ақша қаржыларының айналымын жылдамдату және есеп айырысу техникасының қарапайым болуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының банктері өзара талаптар мен міндеттемелердің есептелуіне негізделген есеп айырысуды жүргізе алады.