Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Реферат

Объем: 5 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Мәліметтер қорын басқару жүйесі - ақпараттық процесті басқаруды автоматтандыру құралы

Ақпаратты алу және түрлендіру әрбір ағзаның өмірлік іс-әрекетінің қажетті шарты болып табылады. Қарапайым бір жасушалы ағзалар да әрдайым ақпаратты қабылдайды және қолданады, мысалы, өмір сүрудің қолайлы жағдайларын таңдау үшін ортаның температурасы және химиялық құрамы туралы ақпарат алады. Тіршілік иелері ақпаратты қоршаған ортадан сезім мүшелері арқылы тек қабылдап қана қоймай, өзара алмасады.

Әрбір ағзаның өмірлік іс-әрекеті және техникалық құрылғылардың дұрыс қызмет атқаруы басқару процесстерімен байланысты. Басқару процесстеріне ақпаратты қабылдау, сақтау және түрлендіру жатады.
Күнделікті өмірде біздер басқару процесстерімен жиі-жиі кездесіп тұрамыз:

Басқару — бүл біреуі басқарушы, басқалары — басқарылатын объекттердің бағытталған өзара іс-әрекеті. Күрделі жүйелердегі басқарудың ақпараттық процестерін сипаттайтын модельдер — басқару процесінің ақпараттық модельдері деп аталады. Әрбір басқару процесінде әрдайым тікелей және кері байланыс каналдарымен біріктірілген басқарушы және басқарылатын екі объекттердің өзара іс-әрекеті болып отырады. Тікелей байланыс каналдары арқылы басқарушы сигналдар, ал кері байланыс каналдары арқылы - басқарылатын объект күйі туралы ақпарат жіберіледі.

Автоматтандырудың мақсаты - еңбектің өнімділігін жоғарылату, өнімнің сапасын жақсарту, басқаруды ықшамдау, адам үшін қауіпті өндірістерден адамды алып тастау. Қарапайым жағдайларды санамағанда автоматтандыру мақсатты шешуге комплексті, жүйелік түрде келуді талап етеді, сондықтан да автоматтандырудың алдында тұрған мақсаттарды шешуді әдетте жүйелер деп атайды, мысалы:

Мәліметтер қорын басқару жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер базасын кұртуға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық құралдар кешені.
Мәліметтер қорын басқару жүйелері келесідей екі негізгі функцияларды орындайды:

Қорыта айтқанда, ақпараттық процесс - қазіргі қоғам дамуының ең басты кілті болса, мәліметтер қорын басқару жүйесі - ақпараттық процесті басқаруды автоматтандыру құралы болып табылады.