Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 20 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының механизмі


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының механизмі 9
1.1 Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы 9
1.2 Банктер бағалы қағаздардың эмитенттері ретінде 11
1.3 Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары 14
1.4 Бағалы қағаздар нарығына басқа қатысушылар 16
Қорытынды 18
Қолданылған әдебиеттер 20

Кіріспе
Кез келген экономикалық игілікке тек нарықтық экономика арқылы жетуге болатынын дүниежүзілік тәжрибе көрсетіп отыр.
Қазақстан экономикасының шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарына көшуі сатып алу - сатудың нақты объектісі ақшаның ролін арттыруды шұғыл қажет етеді.
Ақшаның сатып алу-сату төлем қаражаттарының, несие ресурстарының және сан алуына бағалы қағаздарының ауқымы зор айналымдарына қызмет ететін нарық шаруашылығының айрықша секторына пайда болуына себепші болады.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтанған жоспарлы экономикада жаңа, мемлекет тарапынан реттеліп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық құралдармен бірге қаржы және валюта нарығының құрылуын талап етті.

1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының механизмі
1.1 Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы
Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-жылдары КСРО-да жаңа экономикалық саясат кезінде болған. Ал қазіргі егемен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.
Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар-ақша қатынастары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық қатынастарға сай өзгерту тек оны жеке меншіктендіру арқылы ғана іске асады. Соңғы 10 жылдықта дүниежүзінің көптеген елдерінде жеке меншіктендіру жүрді. Әсіресе, Англияда ол шапшаң кар қынмен өтті. Бірақ Батыс Еуропа елдерінде жеке меншіктендіру өркендеген нарық экономикасы жағдайында жүрді. Сондықтан жеке меншіктендірген кәсіпорындардың акция саны қанша көп болса да өркендеген нарық жағдайында оларды орналастыру өте оңай болды. Ал тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы (ТМД) елдердің жайы мүлде өзгеше.

1.2 Банктер бағалы қағаздардың эмитенттері ретінде
Бағалы қағаздар рыногындағы банкілік операциялардың түрлері.
Бағалы қағаздар рыногында банктер бағалы қағаздардың эмитенті ретінде, бағалы қағаздармен операцияларды жүргізгенде делдал ретінде бола алады және табыс алу мақсатында өз атынан бағалы қағаздармен операцияларды іске асыруға құқылы.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 129-бабына сәйкес бағалы қағаз дегеніміз белгіленген форманы және міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат.
Жоғарыда келтірілген анықтамаға сәйкес «бағалы қағаз» ұғымы бәрінен бұрын мүліктік құқықты куәландыру тәсілін білдіреді. Дәлірек айтар болсақ, бағалы қағаздардың іскерлік айналымдағы мақсаты мүліктік құқықтык қатынастарды растау.

1.3 Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары
Бағалы қағаздар нарығының жұмысын қамтамасыз етіп, оның міндетін атқаратын кәсіби мамандар, яғни делдалдар. Ол жұмыс баға белгілеу үшін және қажетті хабарларды тарататын компьютерлік техниканы қажет етеді. Ол үшін қазіргі уақытқа сай нарыққа әдейі дайындалған кәсіби мамандар қажет. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары:
1. Брокерлер — делдал ретінде келісімге қатынасатын адамдар. Брокер келісім жасасатын әрбір жақты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Брокерге әрбір жеке келісімді жасауға арнаулы өкілеттік беріледі. Ол тек сол өкіметтік шегінде әрекет етуге міндетті.

1.4 Бағалы қағаздар нарығына басқа қатысушылар
Қазірге кезде бағалы қағаздар нарығына негізгі қатысушылар: мемлекет, жергілікті әкімшілік, ірі ұлттық және халықаралық компаниялар. Бұндай компаниялардың халық арасында жоғары атағы бар. Сондықтан олар шығарған бағалы қағаздар ешбір қиындықсыз өтеді. Нарық ол қағаздарды көп мөлшерде қабылдауға әрқашан дайын. Бұл қағаздар, әсіресе, мемлекеттік және жергілікті әкімшіліктің қағаздары.
Екінші топ, инвестициялық институттар немесе бағалы қағаздар операциясын жүргізетін қаржы-несие институттары. Олар:

Қорытынды
Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруда. Алайда, бағалы қағаздар нарығының даму жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелер көп. Экономикалық мәселелерге:

Қолданылған әдебиеттер
1. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, Несие, Банктер Алматы Экономика 2001ж
2. Мақыш С. Ақша, Несие, Банктер Алматы Экономика 2000 ж
3. Көшенова Б.А. «Бағалы қағаздар нарығы», Алматы, 2000 ж.
4. Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру. Н.А. Ғүмар, Р.Ж. Қалығұлова, Алматы, Арыс,2000.