Музыкалық жоғарғы оқу орны домбырашы студенттерінің ұстаздық тәжірибесі ой жүйесінің дамуы мәселелері
Қазіргі таңда бұрыннан да бар музыкант – ұстаздар дайындау проблемасына өте жіті көңіл бөлінуде. Оның ішінде «Аспапта орындаушы» мамандығы ұстаздықтың, музыканы үйретуде неше қырлы, жалпы әдістері, мақсат мүдделері қарастырылуда. Мұнан орындаушылықты екінші қатарға ысырды деген мағына тумауы керек. Ол өзінен өзі күнделікті мамандық сабағымен, сынақтардағы орындалған түрлі күйлермен, шығармалармен, басқа орындаушыларды тыңдаумен келіп жатқаны айдан анық, бірақ бұл да үйретумен келетін, өркендейтін қиын да қасиетті іс. Біздің көңіл бөліп қарастыратынымыз – осы үйренген, үйрететін өнердің сындарлы саласы музыканы орындай жүріп, оны оқушыға (мектепте, колледжде, кім болса да - үйренуші) жете үйретудің әдістерімен қаруландыру үшін қандай білім жүйесі, қандай ой жүйесі керек. Сол бағытта іздену, баршаға көмек беру.
Осылайша ұстаздың ой, жүйе, жан танымдық құбылыстардың аса кеңірек аймағына (орындаушылықпен салыстырғанда) бағытталады, бұл ұстаздың көз алдында тек қана оқушысының бұрыннан қалған орындаушылықтың үлгісін қалай жеткізетіндігі ғана жалаң тұрса, істің жан-жақты мәмілеге келмегені.
Сонымен қисынды, жүйелі ой қасиетін анықтаймыз. Ол кезек күттірмей қолға алған мақсат пен осы құбылыс аясында іске асатын шара. Осы мақсаттардың реті, біріншіден ұстаздың ұлағаты терең, жан-жақты болған сайын оның оқушымен жұмысы асқан бай, мазмұнды келеді. Әрине бұл қасиеттер студенттерде бірден қалыптаспайды, ұстаздық машықтану, тәжірибелі маман, жетекші дәріскердің арқасында біртіндеп қалыптасады, екіншіден – «Домбыра үйрету әдісі» пәні көмекке келеді. Мұнда теориялық бастамалар қолға алынады.
Ұстаздық ой жүйесінің жаңаша бір қыры: ол алған дағды білімнің практика жүзінде, тәжірибеде сапалы іске асуы. Бұл:
Жалпы мұндай дағдылар ерте қалыптасуы керек. Ғылыми ұстаздық ой жүйесіне керекті қасиет ойлағыштық, үздіктігі, сөз саптау шеберлігі, нотамен, үн, бейне таспамен, кітаппен мәністі жұмыс, сындарлы сын, танымдық қызығушылық және өсуге қажеттілік, құмарлық, ізденгіштік. Міне, мұның бәрі мектепте тіпті бала жастан қалыптасып, орта буында жетіледі, ал жоғары оқу орнында зор мәнге, түйінге ие болады.
Алғашқы домбыра үйрету кезіндегі басты назарға ұстайтын қағидалар: