Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарихы

Тип: Реферат

Объем: 6 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстан қаһарлы соғыста

1941 ж. 22 маусымда фашистік Германия Кеңес Одағына басқыншылық соғысын бастады. Бұл соғыс - біз үшін Отанды қорғау, прогресшіл адамзатты фашизм апатынан сақтау үшін жүргізілген әділетті, азаттық соғыс.
Гитлер мен оның сыбайластары Кеңес елін, оның қоғамдық құрылысын құртуды мақсат етті. Жеңіске жеткен жағдайда Кеңес Одағында мынандай мемлекеттер құру жоспарланды: «Осландия» (Белоруссия, Прибалтика), «Московия» (Москва, Тула, Ленинград, Горький, Қазан, Уфа, Пермь), «Украина» (Украина, Еділ бойы, Воронеж), «Кавказ» (Армения, Әзірбайжан, Грузия, Солтүстік Кавказ), ‘Түркістан» және «Еділ-Орал» буржуазиялық мұсылман мемлекеттері.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Отан қорғау жолында асқан ерлік пен жанқиярлықтың үлгісін Қазақстанда жасақталған генерал-майор И.В.Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы көрсетті. Олар өзінен 4 есе басым жаумен Москва түбінде кескілескен шайқастар өткізді. Панфиловшылар бір ай бойы тегеурінді шабуыл жасай отырып, жаудың екінші танк, 29-механикаландырылған, он бірінші және 110- жаяу әскер дивизияларын тас-талқан етті.