Валюталық баға кесу. Валюталық бағамды болжау
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Валюта бағамы түсінігі мен түрлері 4
2. Баға кесу (котировка) 6
3. Валюта бағамын белгілеу (валюталық баға кесу) 8
4. Валюта бағамын болжау 11
Қорытынды 15
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 16
Кіріспе
Валюта бағамының деңгейі сыртқы саудаға, ұлттық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекелестігіне, капиталдың қозғалысына, ақша айналымының қалпына және елдің бүкіл экономикасына айрықша әсер етеді. Ұлттық валютаның бағамын төмендету тауарларды экспорттауға жағдай туғызады, яғни төлем балансының белсенділігін арттырады. Cол себепті валюта бағамы маңызды экономикалық көрсеткіштер қатарына жатады. Оның ұғымын, түрлерін білу, валюта бағамының белгіленуін, және оның өзгерістерін алдын-ала болжау маңызды.
1 Валюта бағамы түсінігі мен түрлері
Әрбір елдің валюталық жүйесінің негізгі элементі – оның ұлттық валютасы. Елдің макроэкономикалық операцияларының барлық есебі ұлттық валюта арқылы жүргізіледі. Валюта бағамы (курс) – ұлттық валюта бірлігінің шет елдік валюта бірлігіне қатынасы. Валюталық бағам екі валютаның баға қатынасы ретінде заңды түрде бекітілуі немесе өзара котировка процесінде анықталуы мүмкін.
Іс жүзінде экономикалық даму қарқыны мен экономикалық бағдарламаларды бағалау үшін валюталық бағамның бірнеше түрлері қолданылады. Сол арқылы макроэкономикалық өзгерістерге қалай әсер ететіндігін анықтауға болады.
2. Баға кесу (котировка)
Баға кесу (котировка, франц. coter – баға белгілеу, баға белгіленімі) – құнды қағаздардың, шет ел валюталарының бағамын немесе биржалардағы тауарлардың бағасын белгілеу. Бағаны, әдетте, тауар, қор немесе валюта биржасының баға белгілеу комиссиясы белгілейді және тауарлардың көтерме сауда бағасының, құнды қағаздар бағамы мен валюталар бағасының биржалық бюллетеньдерінде жарияланады.
3. Валюта бағамын белгілеу (валюталық баға кесу)
Валюталық баға кесу (котировка валюты) – бұл бір валюта (базалық) бірлігінің басқа валюта (кесілетін немесе контрвалюта) бірлігімен берілген құны, немесе трейдердің қандай да бір валютаны сатып алуға немесе сатуға мүмкіндік алатын баға болып табылады. Сатылатын валюталық жұптың белгіленуінде (мысалы, eur/usd) базалық валюта бірінші, ал кесілетін валюта – екінші жазылады.
Валюталық баға кесу сандық және графиктік формада ұсынылады. Техникалық анализдің негізі форекс баға кесулерінің тарихын гравик түрінде зерттеу болып табылады. Баға кесу графиктері өз кезегінде барлар (ағылшын жүйесі), жапондық шамдар (японские свечи) және сызықтық график түрінде ұсынылуы мүмкін. Трейдерлер арасында неғұрлым жиі қолданылатыны оларды талдаудың визуалды қарапайымдылығы арқасында жапондық шамдар болып табылады. Егер валюталық баға кесу графигі жоғары жылжыса, онда бұл базалық валютаның жоғарылауын көрсетеді. Егер де керісінше төмен қозғалыс болса, онда бұл базалық валютаның арзандауын білдіреді.
4. Валюта бағамын болжау
Валюта бағамы, бұл ақпарат кәсіпорынның экономикалық қызметі мен қаржылық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті болып табылады. Жеке тұлғалар үшін де валюта бағамын болжау маңызды болып келеді, себебі ол жинақтауларды қажетті пропорцияда бөлуге мүмкіндік береді.
Жинақтар қай валютада жұмсалатын болсаң, сол валютада сақталу керек деп саналғанымен, валюта бағамының қозғалысын болжау кәсіпқойлардың еншісі болғандықтан, ақша қаражаттарын әр түрлі валютада сақтауға тура келеді.
Сондай-ақ көптеген саяси шешімдер мен процестер валюта бағамын болжау мақсатында жан-жақты талдау жүргізу кезінде айтарлықтай түсінікті және айқын бола түседі (негізінен басқа валюталарға қатысты доллардың және долларға қатысты еуроның болжамы маңызды).
Қорытынды
Валюталық жүйенің басты элементі – валюталық бағам. Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал ететін факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағамдарының әр түрлі түрлерi мен баға белгiленiмдерi берiлген.
Валюталық бағам – басқа елдiң ақша бiрлiгiне қатысты сол елдiң ақша бiрлiгiнiң бағасы. Валюта бағамын ресми түрде Орталық Банк белгілейді, бейресми түрде банкілер белгілейді. Валюта биржалары сақталған елдерде валюта бағамын белгілеу күннің белгілі бір уақытында тіркеледі.