Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әлеуметтану және саясаттану

Тип: Реферат

Объем: 7 стр.

Полный просмотр работы

Ұлттық сана-сезім – шексіз дүние (Өзбекстандағы қазақтар жайында)

Ұлттық сана-сезім, ұлттық патриотизм әр адамды, әр халықты ұлттық ойлау қабілеті, ұлттық әдет-ғұрып, ұлттық салт-дәстүр қоршауында сақтайтын негізгі рухани байлық. Егер бір ұлттың бір бөлшегі басқа жерде, я өз Отанында бөлек ұлттың сана-сезімі негізінде тәрбиеленсе, онда ол қоғамның мүшелері басқа ұлттың әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін қабылдайды, біраз уақыттан кейін сол ұлтқа сіңіп кетеді. Сондықтан халықты ұлт ретінде

Ұлттық сана-сезімді қалыптастыратын құралдардың ең негізгісі – ана тілі. Өзбекстанда жасайтын қазақ халқының ана тілі мақтайтындай жағдайда жақсы сақталған. Қолданылу жиілігі жоғары, әлеуметтік қызмет атқаруы (тұрмыстық қарым-қатынас, мектепте білім беру барысында) бірінші орында тұрады.

Өзбекстан Республикасында қазақ халқының өкілдері төменгі аудан-аймақтарда шоғырланған:
1. Ташкент облысының барлық аудандарында, бірақ басым көпшілігі Бостандық, Жоғары Шыршық, Орта Шыршық, Төменгі Шыршық, Жаңа Жол, Қыбырай, Шыназ, Бөке аудандарында және Шыршық қаласында;
2. Қарақалпақстан Республикасында;

Өзбекстандағы бес жоғары оқу орнында қазақ тілі мен әдебиеті бөлімдері бар. Олар: Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті, Ташкент облыстық мемлекеттік педагогикалық институты, Гүлістан мемлекеттік университеті, Навои мемлекеттік педагогикалық институты, Нөкіс мемлекеттік университеті, Әжінияз атындағы Қарақалпақ мемлекеттік педагогикалық институты.