Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Заңгер этикасы

Тип: Реферат

Объем: 4 стр.

Полный просмотр работы

Әділеттілік

Қайырымдылықтың нақтыланған формасының бірі әділеттілік болып табылады. Ол ізгіліктер арасында негізгі орынды алады, өйткені, адамдар арасында ізгіліктер мен зұлымдықтар бөлінісін сипаттайды және бағалайды. Әділеттілік адам өмір сүруінің тәсілдері мен шарттарының бағасы ретінде адамдар өмірі мәнімен тығыз байланысты. «Әділеттілік,— деп жазады Д.Роулс,— ғылым жүйесінде ең басты ізгілік ретінде ақиқат саналатыны сияқты, қоғамдық институттардың ең басты ізгілігі болып табылады».

Алайда, абстрактілі теңдік пен бөлініс әділеттілігінің жарамсыздығы әділеттіліктің моральдық қағидасының құнсыздануын білдірмейді. Д. Белл жазғандай, «адамзат санасының табиғатында әділеттіліктің моральдық схемасы барлық әлеуметтік тәртіптің қажетті негізі болып табылады: заңдылықтың болуы үшін билік ақталуы тиіс. Және, ақырында, дәл осы адамгершілік идеялар, яғни, қалаулы нәрсе туралы көзқарастар адамзат ұмтылыстары арқылы тарихты қалыптастырады».

Алайда, қоғам игіліктердің бірден-бір қолға жинақталуы мен қалғандарының кедейшілікке ұрынуына жол бермеуі тиіс. Қоғамдық топтар арасындағы мұндай айырмашылыққа әртүрлі әлеуметтік қимылдар арқылы қарсы тұру қажет. Қазіргі уақытта әлеуметтік экономикалық және моральдық мәселелерді реттеуде мемлекеттің рөлі күшеюде. Ендігі жерде өмірдегі теңсіздік үшін жауапкершілікті нарыққа артып қою мүмкін емес. Жолы болмағандардың топтық құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі туындайды. Бұл мәселелерді шешу адамзат дамуына әділеттілік жолмен жетуге жағдай жасайды.