Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 24 стр.

Полный просмотр работы

XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ-татар зиялыларының өзара қарым-қатынасы: тарихи талдау

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ 10
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 22
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ 24

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан тарих ғылымы ондаған жылдар бойы кеңестік идеологияның құрсауында дамып келді. Әсіресе революцияға дейінгі кезең бұрмаланып, оған екінші дәрежелі сипат берілді. Осыған байланысты түркі халықтарының тарихы да бір-бірінен оқшау зерттеліп, қарастырылды. Ал қазіргі Қазақстан тарихнамасында бұрындары зерттеу нысаны болмаған тақырыптар қолға алынып, зерделеніп, шынайы тұрғыдан бағасын ала бастады.
Қазақ жеріне өзге ұлт өкілдері патшалық Ресейдің отарлық саясатының күшімен келіп қоныстанғаны мәлім. Еріксіз жер аудару немесе қоныстандыру нәтижесінде қазақ даласына келіп, тұрақтап қалғандардың ұрпақтары осы күнде Қазақстанның азаматы болған орыс, украин, белорус, ұйғыр, татар, башқұрт және тағы басқа ұлттардың өкілдері. Қазіргі Қазақстанда аталмыш ұлттардың диаспорасы қалыптасып, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін ұстануға, өз тілдерінде сөйлеуге барлық жағдайлар жасалған. Осылайша Қазақстан көп ұлтты мемлекет болып қалыптасты. Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Мәдени тұрғыдан алғанда мұның өзі демократиялық мемлекеттің алдына қатаң талаптар тартады. Қазақстан жерінде әлемнің ең ірі халықтарының өкілдері өмір сүріп жатыр. Сонымен бірге олар біздің елдестеріміз, жерлестеріміз, ал азаматтық деңгейіне келсек, ең алдымен бәрі де қазақстандықтар”, - деген сөздері дәлел бола алады [1].
Кезінде патша үкіметінің қол астында өмір сүрген халықтардың қазақ жеріне қоныстана бастауына ғылыми зерттеу жүргізілмегендіктен нақты зерттеу объектісіне тартылмаған еді. Осы ретте татар диаспорасының қалыптасуымен олардың Қазақстандағы қызметі туралы мәселенің айқындалуы өзекті болып табылады.
Қазақстанның дамыған экономикалық және мәдени елдер қатарына енуіне татар ұлт өкілдерінің үлесі бар екендігі де аян. Сол үшін патшалық дәуірде ұсақ ұлттар қатарына жататын татар халқы өкілдерінің Қазақстанға келіп, біртіндеп қоныстана бастауын ғылыми зерттеулер орыс мемлекетінің шекаралас жатқан “бұратана” атанған елдерді отарлау саясатымен байланыстырған.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі негізделіп, мақсаттары мен міндеттері, әдістемелік негізі, ғылыми жаңалығы мен қолданбалы маңызы айқындалып, мәселенің зерттелу дәрежесіне талдау жасалды және пайдаланылған деректерге сипаттама берілді.
“XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы татар диаспорасы” деп аталатын бірінші тарауда XІX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы татар диаспорасының қалыптасуы, татар зиялыларының экономикалық, сауда қатынастарын дамытудағы және ағартушылық қозғалыс барысындағы рөлі жан-жақты баяндалады.
Татарлардың қазақ жеріне келе бастаған заманынан Қазақстан мен Ресей арасында едәуір саяси байланыстар құрылып, сауда қарым-қатынасы орнаған еді. Ресейлік патша өкіметі мемлекеттік шекараларын ұлғайту және Орта Азия мемелекеттерімен байланыс орнату мақсатын көздеді. Ол үшін патшалық Ресейге қазақ даласын отарлау аса қажет болды. Сондықтан, қазақ хандарымен тікелей байланыс жасауға талпынып, елшілік орнатуды қолға алды. Ресей үкіметінің қазақ жеріне жіберген елшілігінің құрамында татар ұлт өкілдері болды. Татар елшілерін орыстар қазақтармен тілдесу үшін тілмәш ретінде пайдаланды. XVII ғасырда дала өлкесіне орыс елшілігінің саудагерлері мен өнеркәсіп иелерінің келулері жиіледі. Олар бұл өңірмен жете танысып, өздеріне қажетті мәліметтерді жинақтады. Татар-саудагерлері мен қызметкерлері орыстарға қазақ жерлері мен Орта Азиялық қалалар жөнінде құнды мәліметтер жинап, сондай-ақ, өлке картасын жасауға көмектесті.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Назарбаев Н. Тарих толқынында. -Алматы: Атамұра, 1999. -296 б.
2 Уразманова Р.К., Чешко С.В. Татары. –М.: Наука, 2001. -520 с.
3 Қойгелдиев М. Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры (XVII-XX ғғ.). Зерттеулер. -Алматы: Жалын баспасы. 2004. - 400 б.
4 Витевский В.Н. Неплюев и Оренбургский край в прежнем его составе до 1758г. -Казань, 1897. -Т.3. -С.974.; Бартольд В.В. История изучения Востока в Европе и России / Бартольд В.В. Сочинения. -М., 1977. -Т.IX. -С.374.; Полтарацкая Л.К. Южные склоны Алтая - Живописная Россия / Отечества наше в его земельном, историческом, племенном, экономическом значении. -СПб., 1885. -Т.XI. -С.456.; Врангель А.Е. Воспоминания о Ф.М. Достоевском в Сибирии. -СПб., 1912. -С.264.; Географическо-статистический словарь Российской империи. -СПб., 1873. -Т.IV. -С.348.
5 Первая Всеобщая перепись населения Российской империи 1897 г. Издания Центрального комитета Министерства внутренних дел под редакцией Н.А. Тройницкого. Тургайская область. -Т.87. -СПб., 1904. -143 с.; Уральская область. -Т.88. -СПб., 1904. -125 с.; Семиреченская область. -Т.85. -СПб., 1905. -167 с.; Закаспийская область. -Т.82. -СПб., 1904. -141 с.; Акмолинская область. -Т.81. -СПб., 1904. -135 с.; Сыр-Дарьинская область. -Т.86. -СПб., 1905. -131 с.; Семипалатинская область. -Т.84. -СПб., 1905. -139 с.; Обзор Семиреченской области за 1900 г. -Верный, 1902. -158 с.; Туктаров Ф. Беренче, икенче вә ученче Думадаги мусулман депутатлар һәм оларнын килган эшлери. -Қазан, 1912. -42 с.; Бигиев М. Ислахат әслари. - Пг., 1917. -93 с.; Мұсылман бюро уа комитеттерінің кеңес мәселесі. - Оренбург, 1917. -120 с.
6 Ибрагимов Г. Татары в революции 1905 года. Перевод с татарского Г. Мухамедовой. Под ред. Г.Ф. Линсцера. -Казань, 1926. -142 с.; Валидов Д. Очерки истории образованности и литературы волжских татар. -Вып.1. -М., 1923; Губайдуллин Г. Из истории торгового класса приволжских татар // Известия восточного факультета Азербайжанского гос. Университета Востоковедение. -Т.1. -Баку, 1926. -103 с.; Туркестанский Г. Кто такие джадиды. -Ташкент, 1926. -22 с.; Аршаруни А., Габидуллин Х. Очерки панисламизма и пантюркизма в России. –М.: Безбожник, 1931. -138 с.
7 Хамитов Г.М. Дооктябрьская творческая эволюция Маджита Гафури. Автореферат … к.и.н. -Казань, 1941; Батыев С.Г. Татарский джадидизм и его эволюция // История СССР, 1964. -№4.; Брагинский И.С. О природе среднеазиатского джадидизма в свете литературной деятельности джадидов // История СССР, 1965. -№ 6. -С.26-38;
8 Казахско-русские отношения в XVI - XVIII веках. –Алма-Ата, 1961; Хасанов Х. Большевистская газета “Урал”. -Казань: Татарское книжное издательство, 1967. -168 с.; Ысқақов Ы. Татар-қазақ әдебиеттері байланысының негізгі кезеңдері. -Алма-Ата, 1970. -147 б.
9 Абдуллин Я.Г. Джадидизм, его социальная природа и эволюция // Из истории татарской общественной мысли. -Казань, 1979. -230 с.; Вахидов Х.Т. Просветительская идеология в Туркестане. -Ташкент: Узбекистан, 1979. -155 с.; Амирханов Р.У. Татарская демократическая печать (1905-1907 гг.). –М.: Наука, 1988. -191 с.
10 Галиев В.З. Караванные тропы: (Из истории общественной жизни Казахстана XVII - XIX веков). -Алматы: Атамұра, 1994. -128 с.; Мухамметдинов Р.Ф. Зарождение и эволюция тюркизма (Из истории политической мысли и идеологии тюркских народов; Османская и Русская империи, Турция, СССР, СНГ 70-е гг. XIX в. - 90-е гг. XX в. -Казань: Заман, 1996. -272 с.; Бенингсен А. Исмаил бей Гаспринский и происхождение джадидского движения в России // Исмаил Бей Гаспринский. Россия и Восток. Русское мусульманство. Мысли, заметки и наблюдения мусульманина. -Казань, 1993. -С.88-92.; Хайруллин Г.Т. История татар. -Алматы, 1998. -178 с.
11 Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. -Алматы: Ататек, 1995. -256 б.; Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. –Алматы: Санат, 1995. -368 б.;
12 Омарбеков Т. “Пантүркизм”: тарихы және салдары // Ақиқат, 1997. -№11. -77-80-бб; Рүстемов С. Әбдурашидов Ибраһим // Жас Түркістан, 2003. -№6. -14-20-бб.; Соныкі. Мұсылмандық қозғалыс һәм қазақ қоғамы // Қазақ тарихы, 1996. -№4; Соныкі. Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясы және саяси әлеуметтік жағдай // Ізденіс. Гуманитарлық ғылымдар сериясы, 1996. -№3. -6-б; Соныкі. Түркістан мұсылмандарының қозғалысы // ҚазМУ хабаршысы. Тарих сериясы, 1995. -№2.; Соныкі. Ресей империясы түркілері және мұсылмандық қозғалыс (XX ғасырдың бас кезі) // ҚазМУ хабаршысы. Тарих сериясы, 1996. -№37; Шілдебай С. Мүнәуар Қары // Жас Түркістан, 2001. -№2. -14-33-бб.; Соныкі. Түрікшілдік қалай дамыды? // Жас Түркістан, 2002. -№3. -22-26-бб.
13 Татары на севере Казахстана (история и современность). - Петропавловск: Северный Казахстан, 2004. -204 с.
14 Рүстемов С. XX ғасыр басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі мұсылмандық қозғалыс. Т.ғ.к. … авторефераты. -Алматы, 1997. -26 б.; Мырзалиева Э.Қ. Қазақстандағы мұсылман ағартушыларының мәселелері (XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ. басы, Сырдария облысының қазақ уезінің мәліметтері бойынша). Тарихи аспект. Т.ғ.к. … авторефераты. -Алматы, 2001. -30 б.; Болатбаева Л.З. Культурные связи казахского и татарского народов во второй половине XIX начале XX вв. Автореферат …. к.и. н. -Караганда, 1996. -30 с.
15 Хайруллин Г.Т., Хамидуллин А.Т. Татары. –Алматы: Білім, 1998. -128 с.
16 Харузин А.Н. Киргизы Букеевской Орды (антрополого-этнографический очерк). –М.: Наука, 1989. -160 с.
17 Мұса Беке. Бүкілресейлік мұсылмандар қозғалысының басталуы // Жас Түркістан, 2001. -№3. 25-б.
18 Туркестан вначале ХХ века: К истории истоков национальной независимости. (Автор. колл.: Абдуллаев Р.М., Агзамходжаев С.С., Алимов И.А. и др.) –Т.: Шарк, 2000. -672 с.

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ

1 Садри Мақсуди және түркі мұсылман халықтарының азаттық қозғалысы // Отан тарихы, 2005. -№ 3. -185-191-бб.
2 Қазақстандағы халық ағарту саласындағы татар зиялыларының рөлі (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы) // Ізденіс-Поиск, 2006. -№ 1 (2). -145-147-бб.
3 1905-1907 жж. Қазақстандағы татарлардың азаттық үшін күресі // Ізденіс-Поиск, 2006. -№ 4. -140-143-бб.
4 Бүкілресейлік мұсылман съезіндегі Ә. Ибраһимнің рөлі // Қазақстан жоғары мектебі, 2006. -№ 2. -219-222-бб.
5 Қазақ және татар халықтарының қарым-қатынасындағы Орынбор муфтилігінің орны мен рөлі (XVIII ғ. соңы – XX ғ. басы) // Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, 2006. -№ 1.- 111- 115- бб.
6 Қазақстандағы жәдидшіл қозғалыстағы татар зиялыларының орны мен ролі / “Бірінші Рысқұлов оқулықтары” атты Халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясының материалдары. -Алматы, 2006. -158-161-бб.
7 ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы жәдидтік қозғалыстың жандануы барысындағы татар зиялыларының ролі / “Отандық және әлемдік тарихтың маңызды мәселелерін қазіргі көзқарас тұрғысынан талдау” атты Халықаралық Бекмаханов оқуларының материалдары. -Алматы, 2006. -192-196-бб.
8 ХХ ғасырдың басында Мемлекеттік Думадағы татар зиялыларының рөлі / “Қазақстан Республикасының дипломатиялық және саяси өміріндегі Нәзір Төреқұловтың рөлі” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Түркістан, 2006. -341-345-бб.

Р Е З Ю М Е

“Взаимосвязь казахской и татарской интеллигенции в конце
ХІХ-начале ХХ веков: исторический аспект”

Диссертация на соискание ученой степени кандидата исторических наук
по специальности 07.00.02 - Отечественная история
(История Республики Казахстан)

История взаимоотношений казахов и татаров уходит в далекое прошлое. Еще в период образования казахского ханства между двумя народами утвердились как торгово-экономические, так и культурные взаимоотношения. В рассматриваемый период складываются определенные социокультурные взаимосвязи казахской и татарской интеллигенций в сфере народного образования и политико-экономических сторон. Однако в силу однобокого изучения истории взаимосвязей казахской и татарской интеллигенций данная проблема до обретения Казахстаном независимости исследовалась в идеологическом ключе советской командно-административной системы. Таким образом были искажены освещение исторической объективности и сущности данной проблемы.
С привлечением обширного документального материала, в том числе архивных данных и периодической печати, а так же новейшей историографии поставлена цель освещения проблемы взаимосвязей казахской и татарской интеллигенций. При этом особое внимание уделено борьбе двух народов за национальную независимость и их роли в социально-экономической жизни национальных окраин.
В связи с этим в диссертации рассмотрены проблемы становления и формирования татарской диаспоры в Казахстане, участие татарской диаспоры в развитии экономики и торговли в крае в конце ХІХ - начале ХХ веков, просветительского движения и роли татарской интеллигенции в джадидском движении, взаимосвязи казахской и татарской интеллигенции в борьбе против колониализма, февральская революция 1917 года и деятельность казахских и татарских комитетов на местах, деятельность казахской и татарской интеллигенций в период двух революций.
Диссертация состоит из введения, трех глав, заключения, списка использованных источников и литературы.
Во введении обоснованы актуальность и степень изученности проблемы, цели и задачи исследования его источниковедческая база.
История становления и формирования татарской диаспоры на территории Казахстана являются объектом исследования первой главы. Татарская диаспора в Республике имеет давнюю историю. После присоединения Младшего и Среднего жуза в состав Российской империи, в города и села постепенно переселялось и татарское население. Этот процесс продолжался и после присоединения Южного Казахстана. По данным переписи населения 1897 года в степной части Казахстана проживало 41,7 тыс. татар, что составляло 1,6% всего населения. По тем же данным их численность составляла в Семиреченской области - 11,2 тыс. человек, в городе Верном - 1,6 тыс., в Акмолинской области - 10 тыс., в Мангышлакском уезде - 1,8 тыс. человек и т.д. Постепенно татарская диаспора стала занимать определенную роль в развитии просвещения, экономических и торговых отношений в крае.
Во второй главе основное внимание уделено взаимоотношениям казахской и татарской интеллигенции в условиях колониализма и нового этапа освободительного движения колониальных народов России в период революции 1905-1907 гг. В диссертации показано становление и развитие общественно-политических и культурных связей двух братских народов на примере деятельности И. Гаспринского, С. Максудова, Г. Исхаки, Г. Ибрагимова, А. Топчибашева, А. Букейханова, А. Байтурсынова, М. Дулатова, Ж. Акпаева, Г. Токая, Ю. Акчуры, М. Бекметова, Б. Каратаева, Г. Карашева и др.
Третья глава диссертации посвящена событиям 1917 года. Новым этапом, давшим дальнейший импульс в общественно-политической жизни стала февральская революция. В Казахстане создавались казахские, татарские и другие комитеты национальных меньшинств. Эти комитеты в период двоевластия вели активную работу по защите интересов казахского и татарского населения. Однако к осени 1917 года в составе этих комитетов произошел раскол, поскольку одна часть их членов поддержала сторонников создания автономии “Алаш-Орда”, другая – перешла на сторону советской власти. Такое же положение сложилось и в составе татарских комитетов. В работе показана деятельность казахских автономистов во главе с А. Букейхановым, А. Байтурсыновым, Х. Досмухамедовым, М. Тынышпаевым, Ж. Досмухамедовым, М. Чокаем и других в период подготовки автономии Алаш-Орда и их взаимодействие с представителями татарского освободительного движения.
В заключении делается общеисторический анализ обстановки того времени в контексте исследуемой проблемы.