Қырғызстандағы қазақтар
Қазақтар әлемнің қайсы бөлігінде өмір сүріп жатса да, олардың барлығы бүкіл дүниедегі қазақтардың үштен бірін құрайды, өздерінің қазақ халқының бір бөлшегі екенін ұмытқан емес. Тарихи тамырынан ажырап қалған жоқ, қайда жүрсе де жүрегі «қазақ» деп соғады әрі оны мақтан тұтады. Биыл Қазақстандықтармен қатар шет елдерде тұрып жатқан қазақтар, оның ішінде Қырғызстандағы қазақтар екі зор мерекені белгілеу үстінде. Оның біріншісі – Қазақстанның елордасы Астана қаласының 10 жылдығы, екіншісі – «Алаш» қозғалысының 90 жылдығы.
Қырғыздың бірінші әліппесін жазған Қасым Тынысбаев та сол алаш партиясының мүшесі болған. Ол да кейін атылып кетті.
Алаш қозғалысының белді азаматтары өткен ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдары қазақ пен қырғыз халқын ең жақын, бауырлас ел деп танып, бір-біріне жанашыр болуға үндегені қазіргі нарық толқынында
Қырғызстанға келіп жатқан инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан 49 өлкенің ішінен бірінші орынды иеленді. Бұл күндері Қырғызстан мен Қазақстанның өзара шекара мәселелерін толық тәртіпке келтірді. Биыл Қырғызстан Қазақстаннан төрт пансионаты тұрған жерді беру жөніндегі шешімді бекітті. Бұл факттың орасан зор тарихи мәнісі бар.
Қырғызстандағы қазақ диаспорасы, шығармашылық қайраткерлері, зиялы қауымы өлке экономикасының, ғылым және білім саласының, мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосқаны және қосып келе жатқаны мақтауға татиды.
Біздің этникалық болмысымыз бұл жай идеологиялық ұран ғана емес, бұл біздің жасауымыз, тереңірек үңілсек, бұл – біздің тағдырымыз. Қазірге тез құбылып жатқан әлемде этникалық бірлік саяси мәселелердің бірі болып табылады. Оны пайымдау үшін көп ойлаудың да керегі жоқ.