Ортағасырлық Отырар: тарихи-археологиялық деректер негізінде
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 8
1 «Отырардың ортағасырлық тарихына байланысты деректер» 8
1.1 «Отырар туралы тарихи-археологиялық зерттеулер» 8
1.1 «Отырар туралы тарихи-археологиялық зерттеулер» 8
1.2 «Отырар тарихы мен тарихи орындары туралы аңыздар» 11
1.3 «Отырар туралы жазба деректер» 11
2 «Ортағасырылық Отырар-Фараб иелігінің тарихи географиясы» 13
2.1 «Отырар-Фараб иелігі» 13
2.2 «Отырар- Фараб иелігінің елді мекендері» 14
2.3 «Отырар қаласының микротопонимдері» 18
3 «Ерте ортағасырлық Отырар» 19
3.1 «Аймақтың ерте ортағасырдағы саяси тарихы» 19
3.2 «Отырартөбенің ІV ғ. - VІІІ ғ. бірінші жартысының қабаттары» 19
3.3 «Егіншілік пен ирригация» 20
3.4 «Қолөнері» 20
3.5 «Сауда, ақша айналымы» 21
3.6 «Наным-сенімдер мен діндері» 21
3.7 «Жазба мәдениетінің куәлары» 22
4. «VІІІ ғ. ортасы- ХІІІ ғ. басы аралығындағы Отырар» 22
4.1 «Мұсылман әскерлерінің Тарбанд-Отырар иелігін басып алуы» 23
4.2 «ІХ ғ. - ХІІІ ғ. басы аралығындағы Отырар» 25
4.3 «Қолөнер» 26
4.4 «Сауда, ақша айналымы және керуен жолдар» 26
4.5 «Егіншілік пен ирригация» 27
4.6 «Мәдениет пен дін» 27
5. «ХІІІ-ХV ғасырлардағы Отырар» 28
. 5.1 «Отырар Монғол және Темір империялары құрамында» 28
5.2 «Қаланың сәулетті құрылыстары» 31
5.3 «Қолөнер» 32
5.4 «ХІІІ – ХV ғғ. сауда-саттық» 32
5.5 «Ирригация және егіншілік» 33
5.6 «Мәдениет пен дін» 33
6. «ХVІ – ХVІІІ ғғ. Отырар» 34
ҚОРЫТЫНДЫ 41
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 44
KOZHA MUKHTAR BAKHADYRULY 52
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан аймағында көлемі жағынан ең ірі ортағасырлық қала Отырар болып табылады. Зерттеу жұмысында Отырардың ортағасырдағы тарихы аңыз әңгімелер, жазба және археологиялық деректер негізінде қарастырылады. Отырар-Фараб иелігінің тарихи географиясы, елді мекендері, керуен жолдарының бағыттары, Отырардың ерте ортағасырдағы, ортағасырдың орта беліндегі, кейінгі ортағасырдағы археологиялық белгілері жазба мәліметтермен, аңыздармен салыстырыла отырып, әр кезеңдегі саяси тарихы, қолөнері, егіншілік пен ирригациясы, сауда-саттығы, мәдениет пен наным-сенімдері сипатталады. Көп ғасырлық тарихы бар Отырар қаласының ХVІІІ ғ. ортасында құлдырап босап қалу себептері көрсетіледі.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Кешенді археологиялық-тарихи зерттеулердің нәтижесінде Қазақстан аумағы Евразияның байырғы және ортағасырлық тарихында аса маңызды роль атқарған орталықтардың бірі болғаны анықталып отыр. Алайда тоталитарлық жүйе үстемдік еткен кезеңде еліміздің ортағасырлық тарихы, оның мәдени және рухани жетістіктері өз дәрежесінде көрсетілмеді.
Тек тәуелсіздігіміздің арқасында байырғы тарихымызды терең тануға даңғыл жол ашылды. Тәуелсіздік алғалы бері қолға алынған және «Мәдени мұра» бағдарламасы аясындағы атқарылған жұмыстардың негізінде ғылыми айналымға жаңа тарихи және археологиялық деректер қосылды.
Археологиялық зерттеулер нәтижесінде Қазақстан аумағын ортағасырлық дәуірде мекен еткен халықтың бір бөлігі көшпенділікпен қатар отырықшы, жартылай отырықшы болғаны, Қазақстанның едәуір бөлігінде ортағасырда қалалар мен тұрақты елді мекендердің болғаны жөнінде материалдар көптеп жинала бастады. Әрине, әр қаланың қайталанбас өзіне ғана тән тарихы бар. Бірақ қазақ даласындағы кез-келген қала өзі орналасқан аймақпен, жалпы Қазақстанмен тығыз байланыста дамыды. Сондықтан ортағасырлық қалалар тарихынсыз туған еліміздің тарихын қалпына келтіру мүмкін емес. Қалалар - сауда, қолөнер, діни, әкімшілік орталықтары болды, ал Қаялық, Отырар, Сарайшық, Сайрам, Сауран, Сығанақ, Тараз, Түркістан - қазақ жеріндегі жеке хандықтардың, ірі феодалдық иеліктердің астаналары қызметін атқарды. Аталған қалаларда Еуразия аумағы үшін маңызды шешімдер қабылданып отырды. Мысалы, 1763 ж. Түркістан қаласында қазақ билеушілері жиналып, Қытай империясы тарапынан Орталық Азия елдеріне жаулап алу қаупі төнуіне орай көрші мұсылман мемлекеттерімен, Ауғанстан билеушісімен бірлесіп әскери одақ құру мәселесін қарап мақұлдады. Ал 1771 ж. Түркістан қаласында Абылайды үш жүздің ханы етіп көтеру рәсімі өтті. Мұндай кеңестік дәуірде назар аударыла бермейтін фактілер қалалар мен тұрақты елді мекендер тарихын тану қажеттілігін күшейте түседі.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Кіріспеде диссертациялық жұмысқа жалпы сипаттама беріліп, тақырыптың өзектілігі негізделіп, жұмыстың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, методологиялық негіздері, хронологиялық ауқымы, практикалық маңызы және қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар көрсетілген.
1 «Отырардың ортағасырлық тарихына байланысты деректер» деп аталатын тарауда Отырар тарихына қатысты белгілі барлық дерек көздері қарастырылады. 1.1 «Отырар туралы тарихи-археологиялық зерттеулер» деп аталатын бөлімде Отырар жөніндегі археологиялық деректер төрт кезеңге: 1. 1.1832 - 1946 жж.; 2. 1947–1966 жж.; 3. ХХ ғ. 60 - шы жж. аяғы - 1991 ж. аралығы; 4. Қазақстанның егемендік алған 1991 ж. бастап 2008 ж. ортасына дейінгі аралық деп бөлініп баяндалады.
1.2 «Отырар тарихы мен тарихи орындары туралы аңыздар» деп аталатын бөлімде Отырар өңірінің байырғы аңыздары қаралды. Арыстанбаб және оның кесенесі туралы, Ақарықты қазған Шәміл хақында, Сырдария суының тасып, Отырар халқының қырылуы, Отырар қаласында тіршіліктің тоқтауы, Отырарда Әмір Темірдің дүние салуы және Өгіз жылғасы бойындағы қалалар туралы аңыздар, Мұңлық–Зарлық қисса-хикаяты – бұлардың барлығы Отырар өңірінің төл аңыздары. Аталған аңыздар немесе аңыздардың қысқа нұсқалары немесе оларда баян етілетін оқиғалар тым құрығанда бір ауыз сөзбен болса да, ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы Отырар туралы жазған зерттеушілердің жазбаларында кездеседі. Олардың бір бөлігі баспасөз бетінде жарияланса, бір бөлігін Отырар ауданы тұрғындары Нарымбетов Мамасадықтан, Егемжар Жаңғабылдан жазып алдық. Жұмыста аталған аңыздардың барлығы тарихи деректердегі мәліметтермен, археологиялық ізденіс нәтижелерімен салыстырылып талдау жасалған. Аңыздардағы оқиғалар толығымен болмаса да, мейлің, жарым–жартылай болсын, жазба деректермен қошталады. Жоғарыда келтірілген аңыздардың төртеуі Отырар өңіріндегі арықтарға байланысты болып отыр. В.В. Бартольдтың Отырар туралы әңгіме ете келе осы өңірге қатысты жазба деректерде Сырдария немесе Арыс өзендерінен шығарылған арықтар туралы еш мәлімет жоқ деп көрсеткенін ескерсек, бұл аңыздар аса құнды болып табылады. Отырар өңіріндегі отырықшылық пен қала мәдениетінің дамуы, не құлдырауы сол каналдарға байланысты болғанын осы аңыздардан байқауға болады. Отырар алқабында алып каналдар қазылуы жөнінде мәлімет басқа деректерде кездеспейді. Темір өлімі туралы аңыз жазба деректердегі мәліметтермен үндесіп жатады. Онда қала топографиясына қатысты мәлімет табуға болады.
1.3 «Отырар туралы жазба деректер» деп аталатын бөлімде жазба деректерді хронологиялық тұрғыдан VІІІ ғ., ІХ ғ. – ХІІІ ғ. бірінші ширегі, ХІІІ ғ. ортасы - ХV ғ., ХVІ - ХІХ ғғ. деп топтастырып қарастырдық. Отырар атауы алғаш рет VІІІ ғ. жазба деректерінде ұшырасады. Отырардың Тарбанд үлгісінде жазылуы VІІІ ғ. жататын Мұғ тауынан табылған соғды құжаттарының ішінде кездеседі. Фараб өлкесі Х ғ. араб жазбагерлері әл-Масуди, әл-Истахри, Ибн Хаукаль, әл-Макдиси еңбектерінде біршама суреттеледі.
Отырар жайлы араб тіліндегі жазба мәліметтерді алғаш топтастырған В.В. Бартольд болды. Шығыстанушы Л. Зимин Отырардағы Әмір Темірдің қайтыс болуын бірнеше авторлардың түрлі қолжазбалары негізінде қарастырған арнайы зерттеу жария етті. «Ежелгі Отырар» кітабындағы Отырар туралы бір топ бұрын жария етілмеген хабарларды Б.Е. Көмеков аударды [4]. Отырарға қатысты жазба деректердегі мәліметтер негізінен В.Г. Тизенгаузен, С.Л. Волин, С.К. Ибрагимов, Н.Н. Мингулов, К.А. Пищулина, В.П. Юдин, М.Х. Әбусейітова, Ә. Момынов, басқа да мамандардың Қазақстан тарихына қатысты шығыс тілдеріндегі дерек көздердің аудармаларынан алынды.
2 «Ортағасырылық Отырар-Фараб иелігінің тарихи географиясы» деп аталатын тарауда тарихи-мәдени аймақтың табиғи ортасы, елді мекендері, қала жөнінде ақпараттар баяндалады. 2.1 «Отырар-Фараб иелігі» деп аталатын бірінші бөлімде иелік аумағы, шекарасы, табиғаты, ортағасырдың әр кезеңдегі климаты, палеогеографиясы қарастырылады. Отырар-Фараб иелігі жөнінде ХVІ ғ. жазбагері Сипахи-заде әл-Брусавидің «Алдах ал–масалик ила марифат ал–булдан ва–л–мамалик» атты қолжазбасында мынадай хабар бар: «Отырар–Сейхун өзені бойындағы, Фараб айналасындағы бекіністі қала мен Мауараннахрдағы түркілердің шекарасындағы кең аймақ (астын сызған біз – М.Қ.)» [4, с. 29, ескертпе 21]. Осы аймақтың астанасы Отырар қаласы болғанын Ибн Халликанның мына хабарынан аңғаруға болады: «Ол аш-Шаштың арғы жағында және Баласағұн төңірегінде... Ол түркілердің астаналық қалаларының бірі [10, с.117]. Ибн Ийаса «Натк ал-азхар фи гараиб ал–актар» атты шығармасында:
2.2 «Отырар- Фараб иелігінің елді мекендері» деп аталатын бөлімде жазба деректерде кездесетін елді мекендер мен қалашықтар археологиялық барлау барысында табылған археологиялық ескерткіштермен сәйкестендіріледі. Фараб-Отырар иелігінің оңтүстік шекарасындағы ең шеткі елді мекен Фасих Ахмад ал-Хавафидің «Муджмал-и Фасихи» атты шығармасындағы мәліметке сүйенсек, ол Ақсулат болады [13, с. 164]. Деректің мәтініне қарағанда бұл Шардара елді мекенінің айналасы. Ақсулаттан соң Ұзыната, Сүткент жерлері аталады. Әмір Темір әскерімен Ақсулаттан аттанып, Ұзынатаға түнеп, Пулқожаға тұрақтап, Сүткентке жеткен. 1903 ж. Н.В. Рудневтің картасында Ұзыната мен Сүткент арасында екі бекініс орны белгіленген. П.А. Гомолицкий Ұзынатадан кейін көрген ескі қамал қасындағы мазарат барын жазады. Ескі қамалдың қасындағы мазарат осы Пулқожашайқы деуге негіз бар. Сүткент - Әмір Темір әскері Пулқожадан кейін тұрақтаған қалашық. Ибн Хаукальдың «Китаб ал–масалик ал–мамалик» кітабында Сүткент Фараб уалаятының қаласы деп көрсетіледі. Сүткенттен кейін Әмір Темір «Камарши-Ата» және «Султайн-шайх» деген жерлерді басып өтті. Алғашқы орын Байырқұмға сай келуі мүмкін. «Султайн-шайх» біздің пікірімізше, белгілі мазарат – Зарлыққа сай келеді. Зарлық патша баласы болғандықтан оның екінші атауы Сұлтаншайқы болуы мүмкін. Ол Н.В. Рудневтың 1903 ж. жария еткен картасында белгіленген.
2.3 «Отырар қаласының микротопонимдері» деп аталатын үшінші бөлімде жазба деректерде аталатын Отырар қаласының белгілі орындары туралы мәліметтер баяндалады. Арыстанбаб қабірінің Отырарда жатқаны, оның қасында қарахандықтар әулетінің бір өкілінің жерленгені жөніндегі мәліметтерді «Насаб–наманың» Арыс нұсқасынан кездестіреміз: «Абд ар–Рахман - Қылыш Арслан хан ұлы Шах Қасым, лақабы Санжар хан, оның ұлы Шах Абдаллах, лақабы Арслан хан, 50 жыл патшалық қылды. Таласта Ғайып Ата атанды. Оның ұлы Мұхаммад хан, лақабы Татика хан, қабірі Отырарда, Арслан-баб аяғында...» [9, 59-б.].
3.2 «Отырартөбенің ІV ғ. - VІІІ ғ. бірінші жартысының қабаттары» деп аталатын бөлімде аталған ғғ. жататын археологиялық қабаттар сипатталады. Археология мәліметтері ерте ортағасырдың басында Отырардың шамамен 15-20 га аумақты алып жатқанын көрсетеді [6, 186-б.]. Стратиграфиялық шурфтағы 14-шы құрылыс деңгейі, 20-шы еден ІV-VІ ғғ. жатады [5, с. 80]. VІІ ғ.- VІІІ ғ. орта кезеңінің қабаты. Отырартөбенің стратиграфиялық шурфында VІІ-VІІІ ғғ. қабатына 10, 11, 12, 13 құрылыс деңгейлері, 14, 15, 16, 17, 18, 19 едендер жатады (Х-ХVІ ярустарда). Қабат қалыңдығы 3,5 м. Құрылыс қабырғалары 42 - 45 х 22 - 25 х 10 см күймеген кірпіштен көтерілген. Қазба барысында кездескен қабырға қалындығы 1,65 м, 1,35 м, 1,1 м, 0,9 м. Кейбір қабырғалар беттері сыланған, кейбір еден беттері сыланған. Бөлме іштерінде ошақтар табылған. Қабаттың мерзімін керамика үлгілері және бір бетінде арыстан бейнесі, бір бетінде «І Х» таңбасы бар теңге және бір бетінде арыстан бейнесі, бір бетінде «(□» таңбасы бар теңге көрсетеді [22, с. 65].
3.3 «Егіншілік пен ирригация» деп аталатын бөлімде негізінен ғылыми әдебиетте жинақталған материалдар сараланады. 2007 ж. ОҚКАЭ-сы бір топ жаңа каналдар тапты. ІІІ-ІV және VІ-VІІІ ғғ. жатқызылған Тостаған каналдары Тостаған мен Айкөл ескерткіштеріне су апарған. VІ-VІІІ ғғ. жатқызылған Көкмардан каналдарының саны 5. Біреуі Көкмардан қалашығы қасына тура барады. VІ-VІІІ ғғ. жатқызылған Пұшық-Мардан каналы Сейтмантөбе, Қостөбелер мен Пұшықмардан ескерткіштерінің қасындағы ескі арналарға су апарған. VІ-VІІІ ғғ. жатқызылған Дүртөбе каналы Дүртөбе, Қойлыбай, Айкөл елді мекендеріне және солардың айналасындағыларға су жеткізген [6, 343-346, 355-357, 365-367-бб.].
3.4 «Қолөнері» деп аталатын бөлімде Отырар керамикасының жаңа үлгілері- Қаракөншек айналасынан жинақталған керамика баяндалып отыр, олардың арасында бүтін ритон, үш аяқты миска бар. Отырар алқабында қазіргі кезде қазылған ең әуелгі пеш VІІ-VІІІ ғғ. жатады.
3.5 «Сауда, ақша айналымы» деп аталатын бөлімде Отырар арқылы өткен ертедегі сауда жолдары баяндалудан басталады. Сауда жолдарымен келген шетелдік заттар баяндалады. ІІІ-V ғғ. жататын Көкмардан мазаратындағы қазбаларымыздан янтарь моншақтар табылды. Янтарь негізінен Балт жағалауынан немесе Карпат-Днепрлік өңірде өндірілген. Археологиялық зерттеулер янтарьдың сауда жолдары Әмудария мен Сырдария өзендері бойымен жүргенін көрсетеді.
3.6 «Наным-сенімдер мен діндері» деп аталатын бөлімде аталған тақырыпқа қатысты баяндалатын мәліметтер негізінен Көкмардан мазаратындағы (ІІІ-V ғғ.) қазба барысында алынды. Жалпы Көкмардан мазаратында, Қоңыртөбеде және оның мазаратында тұмар іспетті болған қола киік бейнелер шыққанына ерекше назар аудару қажет деп санаймыз.
3.7 «Жазба мәдениетінің куәлары» деп аталатын бөлімде Отырар-Фараб иелігі аймағында тұңғыш табылып отырған жазу ескерткіштері баяндалады. 1999 ж. Қаракөншек ескерткішінен оңтүстік-шығысқа қарай 200 м қашықтықта Арыс өзені жағасынан екі бүтін құмыра табылды. Оның бірінің биіктігі 20,5 см, табанының диаметрі 11,5 см, бүйірінің диаметрі 18 см тұтқалы саптыаяқ бетіне сызып түсірілген жазу бар.
4.2 «ІХ ғ. - ХІІІ ғ. басы аралығындағы Отырар» деп аталатын бөлімде аталған мезгілдегі саяси тарих, қала жағдайы баян етіледі. Х ғ. басында бұл өңірді саманиліктер басып алады. Барабта 922-923 жж. әмір Насыр ІІ ибн Ахмад атынан соғылған мыс теңгелерге қарағанда саманилік әулеттің өкілімен қатар Барабта Әлі (Али) атты кісі әкім болған [29]. Теңге соғу қаланың экономикалық тұрғыдан өсіп-көркеюінің бір айғағы.
4.3 «Қолөнер» деп аталатын бөлімде мата өндірісі, етікшілік өнері, шыны өндірісі жөніндегі жаңа материалдар баяндалады. Қолөнерді зерттеуде Отырардың солтүстік-батыс рабадындағы 1992 ж. қазба барысында табылған материалдармен таныса отырып, мата өндірісіне байланысты бұйымдардың барына назар аудардық. Бұлар ең алдымен керамикалық ұршықбастар. Осылармен қатар диаметрі 14 cм, ені 14 мм керамикалық қалыптың табылуы назар аударарлық.
4.5 «Егіншілік пен ирригация» деп аталатын бөлімде ІХ-ХІІ ғғ. Қала аймағындағы диқаншылық баян етіледі. Қазба барысында тары, бидай дәндері, жүзім, өрік дәнектері табылған. В.А. Грошев Х-ХІІІ ғғ. қызмет жасаған канал Алтынарық болғанын көрсетті. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық–музейінің сақтаулы тұрған Қожа Ахмет Йасауидің «Дивани хикметінің» қолжазбасында Арыстанбаб кесенесі «Қабұғ Йарық» қасында деп көрсетіледі. В.А. Грошевтың Алтынарық деп жүрген арығының байырғы аты «Қабұғ Йарық» болса керек. Алтынарық жүйесі Құйрықтөбе, Отырартөбе, Алтынтөбе, Күйікмардан аймақтарын қамтыған. Осымен қатар Сырдарияның сол жағалауында Аққұм елді мекені айналасынан басталып, Маяқұм ауылы қасындағы Рабатқа дейін жайылып жатқан суару жүйесі Бозарық болған.
5.2 «Қаланың сәулетті құрылыстары» деп аталатын бөлімде Отырардағы Бердібек сарайы, Арыстанбаб кесенесі, монша сипатталады. Бердібек сарайы құрамында болған мешіт пен оған қарсы орналасқан ғимарат ұзындығы 40 м, ені 1,3 м қабырғамен жалғанған. Екі ғимараттардың артқы қабырғалары арасының қашықтығы 72 м. Осыған қарап бұлар Орта Азия сәулет өнеріндегі «қос» деп аталатын құрылыстар кешені үлгісінде салынған. Қабаттардың стратиграфиясы, архитектуралық нақыш бөліктер, табылған заттар кешенді ХІV ғ. аяғы -ХV ғ. басына жатқызады. Жалпы Отырардың осы бөлігінен аса сирек кездесетін қытай мен таяу шығыстық бұйымдар, зергерлік бұйымдар мен алтын дайындамалар табылған.
ҚОРЫТЫНДЫ
Отырар қаласының пайда болуы Қазақстанның оңтүстік аумағының дамуының көп ғасырлық тарихының нәтижесі. Ортағасырлық Отырар-Фараб иелігі аумағында тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі ескерткіштері табылып отыр. Отырар өңірі б.з.б. І мыңжылдықтың аяғында және б.з. басында Сырдарияның орта ағысы алдыңғы дәуірдегі сақ-массагет тайпаларының тұқымы - көшпелі Кангха (Қаңлы) иелігінің бір бөлігі болды. Зерттеу барысында Отырар өңірінің ең байырғы деген қалашығын тауып, оның б.з.б. І ғ. жататынын анықтадық. Отырартөбенің стратиграфиялық шурфында ІV-VІ ғғ. жататын құрылыс деңгейінен кейін тағы 3,5 м қалыңдықтағы мәдени қабаттың болуы Отырар қалашығының ең төменгі қабаты б.э. бірінші ғасырларына жататынын, Отырардың негізі антикалық дәуірде қаланғанын айғақтайды.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Kramers J.H. Otrar // Enziklopaedie dis Islam III, – Leiden-Leipzig, 1936, – H. 1095.
2 Агеева Е.И., Пацевич Г.И. Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана // ТИИАЭ, т. V. – Алма–Ата: Издательство Академии наук Казахской ССР, 1958. –Т. V. – С. 3-215.
3 Марғұлан Ә.Х. Отырар қаласының орнында // Білім және еңбек. –1961. - №4. – 6-7-бб.
4 Акишев К.А, Байпаков К.М, Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. – Алма–Ата: Наука, 1972. – 214 с.
5 Савельева Т.В., Костина Д.М. Отрар, Отрарский оазис и Южный Казахстан. Проблемные исследования Южно-Казахстанской комплексной археологической экспедиции. - Алма-Ата, 1986. - С. 44.
6 Оңтүстік Қазақстан облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Отырар ауданы. – Алматы: Баур, 2007. – 424 б.
7 Clarke D., Sala R., Deom J.M., Meseth E. Reconstructing irrigation at Otrar Oasis, Kazakhstan 800-1700 AD // Integrated Land and Water resources Management in History. Schriften der DWhG, Sonderband 2. Siegburg 2005. Р. 251-264.
8 Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері.– Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 396 б.
9 Жандарбек З. «Насаб–нама» нұсқалары және түркі тарихы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002. – І т. – 168 б.
10 Шуйский С.А. Ибн Халикан об Ал-Фараби // Ал-Фараби. Научное творчество. – Москва: Наука, 1975. – С.112-119.
11 Настич В.Н., Шуховцев В.К. Существовал ли город Фараб? // Проблемы изучения и охраны памятникорв культуры Казахстана. – Алма-Ата, 1980. – С.107-112.
12 Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья. – Алма–Ата: Наука, 1986. – 256 с.
13 Материалы по истории Средней и Центральной Азии. – Ташкент: Фан, 1988. – 413 c.
14 Байпаков К.М. О локализации средневековых городов Южного Казахстана // Археологические исследования в Отраре. – Алма–Ата: Наука, 1977. – С. 81- 93.
15 Рабғузий. Кисаси Рабғузий. – Тошкент, 1990. – 232 б.
16 Пищулина К.А. Письменные восточные источники о присырдарьинских городах Казахстана ХІV-ХVІІ вв. // Средневековая городская культура Казахстана и Средней Азии. – Алма–Ата: Наука, 1983. – С.165-177.
17 Материалы по истории казахских ханств ХV-ХVІІІ веков (извлечения из персидских и тюркских источников). – Алма–Ата: Наука, 1969. – 650 с.
18 Бартольд В.В. По поводу статьи догадка о прошлом Отрара // Протоколы заседаний и сообщения Туркестанского кружка любителей. –Ташкент, 1899. –Вып. V. – С. 175-176.
19 Материалы по истории киргизов и Киргизии. Вып. 1. – Москва: Наука, 1973. – 280 с.
20 Абусеитова М.Х. Джувайни об «Отрарской катастрофе» // Вопросы истории (КазГУ). Вып. 7. – Алма–Ата, 1975. – С. 107-112.
21 Бабаяров Г. Чач в период тюркского каганата // Археология и история Центральной Азии. – Самарканд, 2004. – С. 28-32.
22 Бурнашева Р.З. Монеты с городища Отрар-тобе и Отрарского оазиса // Археологические исследования в Казахстане. – Алма–Ата: Наука, 1973. – С. 81-90.
23 Байпаков К.М., Подушкин А.Н. Памятники земледельческо– скотоводческой культуры Южного Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1989. –160 с.
24 Смагулов Е.А. Находки гемм в Отрарском оазисе // Археологические памятники на Великом Шелковом пути. – Алматы, 1993. – С. 163-171.
25 Сафи ад–дин Орын Қойлақы. Насаб–нама. Қолжазбаны транскрипциялаған және кіріспе мен көрсеткіштерді дайындағандар Ә.Қ. Муминов, З.З. Жандарбек. – Түркістан: Мұра, 1992. – 43 с.
26 Муминов А.К. Кокандская версия исламизации Туркестана // Подвижники Ислама. – Москва, 2003. – С. 117-153.
27 Гоибов Г. Ранние походы арабов в Среднею Азию. – Душанбе: Дониш. 1989. – 143 с.
28 Смагулов Е. Арабское нашествие в Южный Казахстан: данные письменных и археологических источников // Мобилизованный археологией. Акишев Кималь Акишевич. – Астана, 2004. – С. 103-113.
29 Давидович Е.А. Бараб - новый среднеазиатский монетный двор Саманидов и Ануштегинов // Письменные памятники Востока. 1972. – Москва: Наука, 1977. – С. 124-129.
30 Кочнев Б.Д. Караханидский чекан Параба (Отрара) // Средневековая городская культура Казахстана и Средней Азии. – Алма–Ата: Наука, 1983. – С.109-120.
31 Волин С. Сведения арабских источников ІХ – ХVІ вв. О долине реки Талас и смежных районах // Труды Института истории, археологии и этнографии. – Алма–Ата: Издательство Академии наук Казахской ССР, 1960. – Т. VІІІ. – С. 72-92.
32 № 405. Биография шайха Абу Мухаммад Абд ар-Рахман ибн Мухаммад ибн Тахир ат-Тамами ан-Насафи. /Перевод с арабского и примечания А.К. Муминова // Ясауи тағылымы. – Түркістан: Мұра, 1996. –116-б.
33 Сапабекұлы С. Түркістандағы тарихи зийарат // Ясауи тағылымы. –Түркістан: Мұра, 1996. – 123 – 132 – бб.
34 Сартқожаұлы Қ. Тас белгілер тіл қатады // Білім және еңбек. – 1984. - № 2. –19-б.
35 Зуев Ю.А. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002. – 333 с.
36 Акишев К.А, Байпаков К.М, Ерзакович Л.Б. Отрар в ХІІІ-ХV веках. – Алма–Ата: Наука, 1987. – 256 с.
37 Ерзакович Л.Б. О периодизации развития средневекового Отрара // Маргулановские чтения 1990 г. – Москва, 1992. –С.177-187.
38 Бартольд В.В. Улугбек и его время. Соч.: в 9-ти томах. – Москва: Наука, 1964. - Т. 2. Ч.2. – С. 25-196.
39 Зимин Л.А. Подробности смерти Тимура // Протоколы заседаний и сообщения Туркестанского кружка любителей. – Ташкент, 1914. –Вып. ХVІІІ. – С. 37-55.
40 Бурнашева Р.З. Денежное обращение в городах Южного Казахстана в ХV – ХVІІІ вв. – Туркестан: Туран, 2006. – 255 с.
41 Сборник материалов по истории Золотой Орды.– Москва –Ленинград: Издательство АН СССР, 1941.– Т.ІІ. – 215 с.
42 Ерзакович Л.Б. К разработке методики исчисления населения средневекового города (на примере Отрара) // Известия Академии наук Казахской ССР. –Серия общественных наук, – 1988. - №1. – С. 53–58.
43 Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Позднесредневековый Отрар. – Алма–Ата: Наука, 1981. – 343 с.
44 Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Қазақстан, 1969. – 248 б.
45 Беленицкий А.М., Бентович И.Б., Большаков О.Г. Средневековый город Средней Азии. – Ленинград: Наука, 1973. – 389 с.
46 Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Раскопки Отрара в 1971–1975 гг. // Успехи среднеазиатской археологии. – Ленинград: Наука, 1979. –Вып. 4. – С. 90 – 91.
47 Ерзакович Л.Б. Раскопки в восточной части Отрара (К вопросу о стратиграфии и хронологии поздних слоев) // Археологические исследования древнего и средневекового Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1980. – С. 96 – 106.
48 Кларе А. К. Древний Отрар и раскопки, произведенные в развалинах его в 1904 г. // Протоколы заседаний и сообщения Туркестанского кружка любителей. – Ташкент, 1904. –Вып ІХ – С. 13-42.
49 Смагулов Е.А. К вопросу об этнической атрибутации культуры позднесредневекового Отрара // Позднефеодальный город Средней Азии. – Ташкент: Фан, 1990. – С. 211–215.
50 Смагулов Е.А. К вопросу об этнической принадлежности культуры позднесредневекового Отрара // Маргулановские чтения 1990. – Москва, 1992. – С. 196–206.
51 Жилина А.Н. Традиционные поселения и жилища узбеков Южного Казахстана // Жилища народов Средней Азии и Казахстана. – Москва: Наука, 1982. – С.137-163.
52 Захир ад–дин Мұхаммед Бабыр. Бабырнама. – Алматы: Жалын, 1990. – 320 б.
53 Сенигова Т.Н. Средневековый Тараз. – Алма-Ата: Наука, 1972. – 218 c.
54 Байпақов К.М., Смағұлов Е.А. Ортағасырлық Сауран шаһары. – Алматы: Кредо баспасы, 2005. – 202 б.
55 Добросмыслов А.И. Города Сырдарьинской области: Казалинск, Перовск, Туркестан, Аулие-Ата и Чимкент. – Ташкент, 1912. – 204 с.
56 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1977. – 712 с.
57 Каллаур В.А. Древние города Саганак (Сунак), Ашнас, или Эшнас (Асанас), и другие в Перовском уезде, разрушенные Чингиз-ханом в 1219 г. // Протоколы заседаний и сообщения Туркестанского кружка любителей. – Ташкент, 1900. –Вып. V – С. 6-19.
58 Смирнов Е.Т. Древности на среднем и нижнем течении р. Сыр–Дарьи // Протоколы заседаний и сообщения Туркестанского кружка любителей.– Ташкент, 1897. – Вып. ІІ. – С. 1-14.
59 Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках. – Алма-Ата: Издательство Академий наук Казахской ССР, 1961. – 575 с.
60 Сухарева О.А. Квартальная община позднефеодального города Бухары. – Москва: Наука, 1976. – 365 с.
Средневековый Отрар (по данным историко-археологических источников)
РЕЗЮМЕ
диссертации на соискание ученой степени доктора исторических наук по специальности - 07. 00. 06. – археология
Актуальность темы. Археологические исследования выявили на значительной территории Казахстана остатки средневековых городов и оседлых поселений, без изучения которых невозможно восстановить прошлое страны. В средневековой истории Казахстана и Средней Азии Отрар играл важную роль. Он прославился как родина выдающегося ученого Абу Насра аль-Фараби. Отрар был крупным центром исторической области Туркестан, важным звеном Великого Шелкового пути. Памятники Отрарского оазиса включены в Предварительный список всемирного наследия ЮНЕСКО. Отрар, история которого охватывает все средневековье, занимал очень выгодное в географическом отношении положение. Находясь на перекрестке караванно-торговых и военно-стратегических путей, в пограничной зоне между оседлыми и кочевыми культурами, он сравнительно полно отразил средневековую историю Южного Казахстана.
Цели и задачи исследования. Основная цель диссертационного исследования на основе анализа и синтеза всех доступных источников реконструировать историю средневекового Отрара. Для достижения поставленной цели было решено подытожить все достижения в свете новых раскопок и данных письменных источников, обобщить весь комплекс материала – источников археологических, письменных, эпиграфических, нумизматических, этнологических, фольклорных и др., расмотреть развитие города в динамике с момента его основания до разрушения и исчезновения с учетом данных климатических изменений.
Научная новизна диссертации:
- расширен круг источников по истории Отрара и историографии археологического изучения памятников оазиса;
- решены ряд вопросов исторической географии и топографии средневекового владения Отрар-Фараб;
- получены новые археологические материалы по истории раннесредневекового Отрара;
- на основе анализа данных археологии и генеалогии «Насабнама» показан ход арабского завоевания владения Отрар и прилегающих районов;
- выявлены новые виды ремесла, получены материалы по культуре караханидского Отрара;
- сопоставлены и проанализированы материалы археологии и письменных источников о монгольско-тимуридском Отраре;
- на основе данных археологии и легенд выявлены причины последнего общегородского пожара и окончательного запустения Отрара;
Результаты исследования. В диссертационной работе получены следующие научные результаты:
- местные легенды и письменные генеалогии – «Насабанаме» являются ценным историческим источником по истории Отрара, новые архивные материалы свидетельствуют, что первые раскопки Отрара произвел 1884 г. Н.И. Веселовский, а первая карта памятников региона была создана Н.В. Рудневым. А.Х. Маргулан и М.О. Ауезов остановили разрушение Отрара техникой в 60-ых гг. ХХ в., сохранив памятник для последующих исследований.
- установлены границы средневекового владения Отрар-Фараб, в ходе разведок на территории оазиса выявлено 14 новых археологических памятника, исследованы караванные пути и локализованы ряд населенных пунктов округа, упоминаемых в источниках.
- cущественно расширены представления о религиозных представлениях, культуре раннесредневекового Отрара. Выявленные сосуды с надписями свидетельствуют о распространении письменности на Средней Сырдарье в первой половины І тысячелетия.
- В середине VІІІ в. арабы захватывают Отрар и владение Тарбанд, уничтожают храмы и насаждают ислам. Следы запустения и пожаров фиксируются на многих поселениях Отрарского оазиса и района Средней Сырдарьи.
- В Отраре обнаружены инструменты сапожника, остатки ткацкой мастерской, следы стекольного производства в округе города. О распространении грамотности среди горожан свидетельствует надпись на трубе, на бронзовой ступке.
- Археологические материалы корректируют повествования письменных источников о трагической участи его жителей, о разрушении его укреплении монголами. Есть археологические свидетельства возвращения жителей к своим домам и дальнейшего обживания территории шахристана. ХІІІ-ХV вв. Отрар переживает новый расцвет, в городе возводятся монументальные сооружения, в археологических слоях немало вещей импортного происхождения. Возводится канал Акарык, перебрасывающий воду из одной реки в другую. Обнаружение шахматной фигуры в Отраре существенно допольняет историю распространения шахмат в Казахстане.
- Новый взлет строительной деятельности в начале и вплоть до 80-х гг. ХVІІ в. завершается общегородским пожаром, который связан с нашествием джунгар. Джунгары разрушили ирригационную сеть Отрара, востановить которую, оставшимся в живых жителям города было не под силу, что и привело к окончательному запустению Отрара и переселению последних жителей в Чилик, Туркестан, Шымкент..
Структура диссертации. Диссертация состоит из введения, шести глав и списка использованных источников. Она дополнена чертежами, иллюстрациями.
KOZHA MUKHTAR BAKHADYRULY
The Medieval Otrar (According to the historical and archaeological sources)
SUMMARY
Dissertation for the doctoral degree in historic sciences
Speciality – 07.00.06 – archaeology
Actuality. The archaeological researches revealed the ruins of ancient towns and settlements of the significant areas of Kazakhstan which are impossible to restore the past of the country.
Otrar has played an important role in the history of Kazakhstan and Central Asia. It became famous as a birth place of Abu Nasr al Farabi, an outstanding encyclopedic scientist. Otrar was the biggest centre of historical region of Turkestan and also an important branch of the Great Silk Road. The monuments of Otrar have been inscribed on the World Heritage Tentative List of UNESCO.
Otrar, the history which covers the whole middle Ages occupied its advantageous geographical position. Being at the crossroads of caravan, trade and military strategic way, and on the border of agricultural settlements and nomadic culture it relatively reflected the middle Aged history of South Kazakhstan.
Aims and purposes of the research. The main purpose of the thesis study is based on analysis and syntheses of all available sources of reconstructing the history of an ancient Otrar. To achieve above purpose it was solved to sum up all achievements in new excavations and the above written sources, to generalize the whole complex material – archaeological, written, epigraphic, numismatic, ethnologic, folklore sources and etc. to consider the development of the town from the moment of its foundation till destruction and disappearance paying attention to climatic changes.
Scientific novelty.
- Increased some sources in the history of Otrar and historiography of archaeological study of oasis monuments;
- Increased the questions in the historical geography and topography of medieval Otrar-Farab;
- Received the new archaeological materials in the history of early middle Aged Otrar;
- On the base of analysis of archaeology and genealogy of “Nasabnama” and shown the way of Arabic conquest in Otrar and its region;
- Revealed the new type of craft, received materials connected with the culture of Karakhan period of Otrar;
- Compared and analyzed materials of archaeology and written sources about mongol and timurid period of Otrar;
- On the base of observed archaeology and legends found the reason of the lasted fire and desolation of Otrar;
Results of the research.
The following scientific results were taken in this dissertation work.
- Local legends and written genealogy “Nasabnama” is valuable historical source in the history of Otrar, the new materials show that the first excavations of Otrar was in 1884 by N.I. Veselovsky, and the first map of monuments of the region was created by N.V. Rudnev. A.K. Margulan and M.O. Auezov stopped the destruction of Otrar by techniques in the 60th of the 20th century., having saved the monuments for the future study.
- Fixed the borders of the region of Otrar-Farab, during the observing there were found 14 new archaeological monuments, studied the caravan routes and localized some settlements of the region which mentioned in sources.
- Greatly increased the presentation about the religion, culture of early middle Aged Otrar. Found ceramics with inscriptions show spreading the writing system in the Middle Syrdarya on the first half of the 1st century.
- In the middle of the 8th century Arabs conquered Otrar, Turarband and its region, destroyed temples and implant Islam. Remains of desolation and fire are fixed in many settlements of Otrar oasis and the region of Syrdaria.
- Found instruments of shoemaker, remains of loom and industry of glass in Otrar. Inscriptions on the pipe and on the bronze mortar show spreading literacy among citizens.
- Archaeological materials correct narrative written sources about tragic participation of its inhabitants, about destruction of fortification by Mongols. According to the archaeological excavations local inhabitants returned and settled on the territory of shakhristan. On the 13th-15th centuries Otrar outlived the new bloom, built monumental buildings, in the archaeological layers found even import items. Raised the channel Akaryk which flips the water from one to another channel. Obtained the chess figure in Otrar.
- The new raise of building activity from the beginning until the 1980th of the 17th century stopped by fire which connected with Zhungar invasion. Zhungars destroyed the irrigation system of Otrar. The dwellers of Otrar couldn’t restore it again. It was the reason of desolation of Otrar. And the lasted inhabitants of the city moved to Shilik, Turkestan, Shymken.
Structure of dissertation. Dissertation consists of introduction, six chapter and the lists of used sources.