Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 124 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының ішкі функциялары

Жоспар
Кіріспе 3
I тарау. Мемлекет функциясының ұғымы және мазмұны 7
1.1.Мемлекет ұғымы және белгілері 7
1.2. Мемлекет функциясының ұғымы және олардың түрлерге жіктелуі 15
II тарау. Қазақстан Республикасының ішкі функциялары 55
2.1. Экономикалық функция 55
2.2.Әлеуметтік функция 61
2.3 Экологиялық функция 68
2.4. Мәдениет пен ғылыми – техникалық прогресті дамыту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету функциясы 75
III тарау. Қазақстан Республикасының сыртқы функциялары 86
3.1. Отанды және елді қорғау функциялары 86
3.2. Қазақстан Республикасының сыртқы мемлекеттермен қарым – қатынас функциялары 93
Қорытынды 112
Пайдаланған деректемелер тізімі 121

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Мемлекеттің негізгі мақсаты – қоғам үшін, қоғамдағы адамдардың топтары үшін, қоғамның дамып өркендеуі үшін әртүрлі бағытта қызмет атқаруы тиіс. Қоғам өте күрделі құбылыс. Қоғамның негізгі тірегі - өндіріс. Өндірісті ұйымдастырып, дамыту үшін мемлекетте, адамның бірлестіктері де, жекелеген адамдар да қажетті іс - әрекет жасап отырады. Бұл салада мемлекет функцияларының қызметі әр түрлі. Мемлекет өз иелігіне қарайтын барлық функцияларды (әлеуметтік, экологиялық, экономикалық) тікелей басқарып, олардың жұмысын реттеп отырады.
Мемлекет және құқық теориясы ғылымында мемлекет функциясы мәселесі ерекше орын алады. Функция (латын gunctio – орындау дегенді білдіреді) – заң ғылымында мемлекет пен құқық алдында тұрған мүдде – мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және әдіс – тәсілдерін анықтап, оларды іске асыруға біріктіреді.
Мемлекет функциясы мемлекет алғаш пайда болған кезден бастап, бірқатар қызметтерді (мысалы, жол салу, қорғаныстар салу) сауда мен қаржы айналымын, қоғамдық тәртіпті сақтау мен кейбір көптеген басқа да қызметтерді атқарып келеді.
Тіпті тарихи алғашқы әлі дамымаған құл иеленушілік қоғам мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырған:
1. құлиеленушінің жеке меншігін тәуелсіз ету, бірақ халықтың кедей топтарын қорғау;
2. құлдардың қарсылығын басу;
3. басқа мемлекеттер мен халықтар арасында бейбіт әріптестік және сауда қатынасын орнату;
4. елді қорғау және басқа территорияларды жаулау;
Ежелгі кезде де мемлекет бірқатар маңызды функцияларды атқарып, мемлекеттің негізгі бағыттарын айқындап отырды. Бұдан 2 ғасыр бұрын өмір сүрген ағылшын экономисі Адам Смиттің тұжырымдауы бойынша « Табиғи еркіндік жүйесіне сәйкес, мемлекет аса маңызды да нақты және түсінікті 3 функцияны атқару керек деген. Олар:
1. Қоғамды күш көрсетуден және өзге тәуелсіз қоғамдық топтардың басып кіруінен қорғау;
2. Мүмкіндігіне қарай, қоғамның әр мүшесін әділетсіздіктен және сол қоғамның өзге мүшелерінің тарапынан езгіден сақтау;
3. Жекелеген адамдар мен шағын топтардың мүдделеріне қызмет етпейтін белгілі бір қоғамдық мекемелерді ұстау міндеттелігі.
Бұдан көріп отырғанымыздай, мемлекет функциясы мемлекеттің алғаш пайда болған кезінен бастап, қазіргі уақытқа дейін көптеген қызметтерді жүзеге асырып келе жатқанын көрсетеді.
Өйткені, халық өмірінің барлық саласы өздігінен реттелмейді, нарықтық экономика жағдайының өзінде жеке меншік, бәсекелестік, бірлесу бостандығы тағы басқалар болғанымен, мемлекет «түнгі қызметшінің» рөлін атқарып немесе «көрінбейтін қол» ретінде шектен тыс араласпай, тек бақылап, қадағалап, заңдық тұрғыдан реттеп отыруы тиіс. Мемлекет болмаса ешқандай кәсіпкерлік, кәсіпорын, әлеуметтік аз қамтылған халықтардың белгілі бір тобын қамтамасыз етуге, атмосфераны, суды, жерді, қорғау ынталы болмайды. Мемлекет осы тұрғыда әлеуметтік теңестіруші рөльді атқарады, алым – салықтан тағы да басқа кіріс көздерінен түскен мемлекеттік бюджеттегі қаражатты білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет пен ғылымды дамыту, табиғат қорғау, қарулы күштерді дамыту тағы басқа салаларды қолдауға жұмсайды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуы, халықтың ұлттық санасының өсіп - өркендеуі құқық ғылымының жаңа саяси мәдениетті қалыптастырудағы рөлінің күшеюіне үлкен дәрежеде өз ықпалын тигізді. Қазіргі кезде жаңа заманның қоғамдық өмірінде болып жатқан күрделі құбылыстармен тығыз байланыста болатын мемлекет функциясының маңызы артып келеді.
Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру жолын ұстанған, яғни бұдан мемлекеттің саяси – экономикалық, әлеуметтік және тағы басқа салаларды демократияландыру, азаматардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экологияны сақтау, әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету міндеттері туындайды.
Мемлекет басқару, билік жүргізу үшін құрылған саяси ұйым болғандықтан оның алдында тұрған мақсат міндеттер бар. Сол міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекетке арнайы функциялар қажет. Функция арқылы мемлекет статикалық (формалары,аппараттары,органдар) құрылымынан динамикалық, қозғалыс мағынасын айқындайды. Мемлекет функциялары арқылы мемлекет алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады. Мақсаттарыда да әр түрлі болады: стратегиялық бүгінгі күнгі. Мысалы, Қазақстан Республикасы мемлекетінің болашақтағы мақсаты экономикасы дамыған, халқының әл-ауқаты жоғары, кедейлік пен жұмыссыздық жойылған демократиялық құқықтық мемлекет құру. Ал бүгінгі күнгі мақсаты шағын және орта бизнесті, мемлекеттік тілді дамыту және т.б. міндеттер тұр.
Зерттеудің мақсат – міндеттері: Осы менің дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты – мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдістерін анықтайтын мемлекет функциясының ұғымын анықтау, мемлекет функциясының түрлеріне тоқталу, соның ішінде Қазақстан Республикасының функцияларына ішкі (экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және тағы басқалар) және сыртқы (Қазақстан Республикасының мемлекеттермен сыртқы қарым – қатынас функциялары) функцияларына жан – жақты талдау жасау.
Жұмыстың негізгі міндеті – мемлекеттің қоғамда атқаратын қызметінің негізгі бағыттарын анықтау, мемлекет функциясының (әр түрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуына байланысты) атқаратын қызметтеріне байланысты топтастыру, еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері атқаратын негізгі қызмет аясының бағыттарын айқындау (ішкі және сыртқы функциялар бойынша).
Зерттеудің теориялық барысы: Осы жұмысымды жазу барысында мемлекет функциясы тақырыбында А. Булгакованың, Е Баяновтың, С.Өзбекұлының, С.Алексеевтің И.Матузованың, С.Табановтың тағы басқа көптеген ірі мемлекеттанушы ғалымдардың еңбегін пайдаландым. Сонымен қатар нормативтік құқықтық актілер Қазақтан Республикасының Конституциясын, Инновациялық қызмет туралы заңын, Экологиялық кодексін, Мәдениет туралы заңдарды қарастырып, баспасөз материалдарын жинақтап, зерттеп, салыстырып, талдау жүргіздім.
Жұмыстың құрылымы, көлемі: Дипломдық жұмысым кіріспеден, 8 тақырыпшаны құрайтын, 3 тарауға бөліп қарастырдым:
I – тарауын мемлекет функциясы ұғымы мен мазмұнына арнадым. Онда мынадай төмендегі мәселелер қарастырдым: мемлекет ұғымы, мәні, белгісі, мемлекет функциясы және оның түрлерге жіктелісі. II – тарауда Қазақстан Республикасының ішкі функциялары қарастырылды, соның ішінде экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени мен ғылыми – техникалық және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету функцияларына жеке – жеке тереңірек тоқталдым. Ал III- тарауды Қазақстан Республикасының мемлекеттермен сыртқы қарым – қатынас функцияларына арнадым. Бұл тарауда мынадай мәселелерге: Отанды және елді қорғау функциялары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ресей, АҚШ, Германия, Қытай мемлекеттерімен қазіргі кездегі қарым – қатынастарына тоқталдым. Қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I тарау. Мемлекет функциясының ұғымы және мазмұны
1.1.Мемлекет ұғымы және белгілері
Мемлекет – арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратың және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің, егеменді, саяси ұйымы.
Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.
Мемлекет – басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілк – тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай – ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканың дамытудың әлеуметтік – саяси, рухани, ұлтаралық және адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайын белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тиісті функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін ерекше күрделі саяси ұйым.
Мемлекеттің пайда болу, даму, себептері:

1.2. Мемлекет функциясының ұғымы және олардың түрлерге жіктелуі
Мемлекет қоғамдық істерді басқару органы бола отырып, көп түрлі қызметті жүзеге асырады. Онда экономикалық, саяси, әлеуметтік- мәдени және басқа қатынастар мен үрдістер жүзеге асырылады. Мемлекет айналысының бәрі қоғам және өзі үшін бірінші реттегі мәнге ие болмайды. Сондықтан қоғам істерін басқарудағы іс жүргізудегі рөлін, осындай басқарудың мақсаттарымен, сонымен бірге мемлекетпен қорғалатын әлеуметтік және өзге де құндылықтарды анықтау үшін мемлекет қызметінің басты негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігі туындайды.
Функция-заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде-мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген заңды ұғым қалыптасады. Функция деген ұғым латын тілінде(gunctio)-орындау деген мағынаны білдіреді, математика, физиология, лингвистика салаларында кеңінен пайдаланылады.Функция ұғымы мемлекет және құқық теориясында да кеңінен пайдаланылады.

Мемлекеттік орган дегеніміз тиісті құзыретке иелі және өз функциясын жүзеге асырған кезде мемлекеттің ұйымдастыраушылық материалдық және мәжбүрлеу (күштеу) күшіне арқа сүйейтін дербес, оқшауланған құрамы бар мемлекеттік аппараттың бір бөлігі. Мемлекеттік орган – мемлекет аппаратының бір буыны. Ол мемлекет атынан белгілі бір мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады.
Мемлекеттік орган – бұл мемлекеттің міндеттерін орындаушы және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттіліктерді иеленеген ұйым немесе мекеме. Мемлекеттік орган дегеніміз – белгіленген тәртіппен құрылған азаматтар ұжымы, мемлекеттік билік өкілділігіне иелі өзінің құзыреті шеңберінде қызмет атқаратын бірыңғай мемлекеттік аппаратының бөлігі болып табылады. Оған мынадай белгілер:

Құқық – шығармашылық – жаңа норманы өмірдің талабына қарай уақытында қабылдау. Онсыз мемлекеттің қызметіне нұқсан келуі мүмкін. Мысалы, науқастың эпидемияға айналуы мен қалай күресуге болады, егерде нақты заң қабылданбаса (заң нормаларын дайындау мен қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызмет). Құқық шығармашылық – бұл нормативтік актілерді дайындау, санкциялау, жасау, қабылдау мен шығару, ескілерінің күшін жою сияқты мемлекеттің іс - әрекетінен көрінеді.
Құқық қолданушылық немесе құқықты қолдану, орындау, құқықты іске асыру – бұл істі орындау мемлекеттің Үкіметінің міндеті. Үкімет тиісті нормативтік акті қабылдау керек. Онда жауапты субъектілер, не істеу керегі, оның уақыты, материалдық негіздері толық көрсетілуі қажет. Бұл істі толық бақылауға алу керек. (құқық нормаларын орындауға байланысты қолданылатын шаралар туралы мемлекеттік қызмет).

Ұйымдастырушылық тәсіліне мыналар жатады:
Ұйымдастырушылық – реттеушілік – бұл белгілі бір құрылымдардың құжаттар жобаларын дайындаумен, сайлаулар жүргізумен тағы да байланысиы мемлекеттік органдардың қызмет етуін қамтамасыз етуде бағытталған ағымдағы жұмысы (нақтылы саяси міндеттерді шешуге қажетті күнделікті оперативтік ұйымдастырушылық жұмыстар);
Ұйымдастырушылық – шаруашылық – бұл бухалтерлік есеппен, статистика мен, қамтамасыз етумен тағы да басқалармен байланысты жедел – техникалық және шаруашылық жұмыс (әр түрлі мемлекеттік функцияларды орындауға тиісті материалдарымен қамтамасыз етуге байланысты оперативтік – техникалық, күнделікті шаруашылық жұмыстар);

Ішкі функциялар:
Экономикалық функция – адамдардың өндіріс, орналастыру және алмастыру саласындағы қатынастарын қамтитын мемлекеттің экономикалық функциясы жетекші орындардың бірін алады. Экономикалық функцияның көлемі, масштабы және өрісі түрлі мемлекеттерде әр түрлі болады. Алайда қандай жағдайда да мемлекет мына төмендегі жағдайларға ықпал ете алады және, әдетте, ықпал етеді де:

Экономиканы және қоғамдық өмірдің басқа да салаларын қамтыған дағдарысқа байланысты халықты әлеуметтік қамтамасыз ету мен қызмет көрсету жөнінен мемлекеттің мүмкіндігі күрт төмендеді. Сондықтанда денсаулық сақтауға, ғылымға, мәдениетке, білім беруге және әлеуметтік саланың басқа да тармақтарына қаржы төлеу ұдайы қысқаруды, ал зейнетақы, жәрдемақы, стипендия, бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы төлеу кейде кейбір елдерде кешігіп жатады. Азаматтар үшін мемлекет есебінен тұрғын үй құрылысын жүргізудің, медициналық, мәдени – ағарту, ғылыми, мектеп спорттық объектілерді салу бағдарламалары қысқартылды. Дағдарыстан шығу жағдайды түзетіп, мемлекеттің әлеуметтік саладағы қызметін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты екі бағытқа бөлінеді:
1. Адамдардың қоғамдағы еңбегіне қарамай мүгедектерге, зейнеткерлерге, науқас адамдарға, көп балалы жанұяларға, студенттерге мемлекеттік көлемде жан – жақты көмек жасап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға;
2. Адамдардың денсаулығын қорғауға, жақсартуға, мәдениетті дамытуға, халықтың жақсы тұрып, жақсы демалуына қамқорлық жасап, мемлекеттік бюджеттен тиісті мөлшерде қаржы бөліп отыру.
Қаржы бақылау функциясы - мемлекеттегі өндірушілердің табыстарын анықтау мен солардың есебін көрсетеді. Заң бойынша бұл табыстың бір бөлігі салық ретінде әлеуметтік және тағы басқа жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға мемлекеттік бююджетке жіберіледі. Мемлекет салықтың дұрыс қолданылуына қадағалауды жүзеге асырады.

Экологиялық функция – бұл дүниежүзілік көлемдегі проблема. Айналадағы ортаны қорғауды, табиғат байлықтарын сақтауды мемлекет тарапынан атқарылатын қызметті қамтиды. Сонымен бірге жеке мемлекеттер де, ұйымдар да, жеке адамдар да өз үлесін қосуға міндетті. Себебі, табиғатты, адамды қоршаған ортаны қадірлеп, қорғау жалпы әлемдік мүдде – мақсат, кезек күттірмейтін міндет. Табиғатты ластау адам қоғамының болашағын жою. Сондықтан бұл мәселе БҰҰ бақылауында, халықаралық құқық шеңберінде біраз нормативтік актілер қабылданып, мемлекетаралық бағдарлама бекітілді. Жеке мемлекеттер де өздерінің бағдарламасын қабылдады.

II тарау. Қазақстан Республикасының ішкі функциялары
2.1. Экономикалық функция
Қазақстан Республикасының орындайтын функциясы, яғни рөлі ретінде оның қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері, мемлекеттің өз қызметі ретінде түсіндіріледі. Қазақстан Республикасының функциясы – қоғамды әлеуметтік басқарудағы мемлекеттің атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары мен әдістері. Мемлекетіміздің функцияны ішкі және сыртқы деп күрделі екі топқа бөлініп зерттеледі. Тұрақты және уақытша функциялар адамдардың құқығын қорғау, отан қорғау, заңдылықты қорғау – деген функциялар болады. Бұлардың мазмұны көбінесе жоғарыда көрсетілген функцияларға ұқсас болып, солар арқылы орындалып жатады.
Экономикалық функцияда мемлекет өзінің қалыпты жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттің экономика саласындағы қызметі экономикалық дамудың бағыттарын ұсынады, меншік нысандарын қорғауға , экономикалық қызметтің бостандығын қамтамасыз етуге, сыртқы экономикалық байланыстардың ұйымдастырылуын бекітуге бағытталған.
Экономикалық функция - мемлекетпен ел экономикасын жоғарғы дәрежеде дамуының стратегиялық бағыттарын жасау мен үйлестіруді көздейді.
Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының функцияларын дамыту тенденцияларының мынадай жолдары іске асуы мүмкін:

2.2.Әлеуметтік функция
Әлеуметтік функция – Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық ретінде орнықтырумен қатар оны әлеуметтік деп жариялады. Әлеуметтік функция қоғамның көптеген салаларын қамтиды және мемлекеттің адамның әл – ауқатын, тұрмысын жақсартуға бағытталған. Әлеуметтік функцияның ең негізгі мақсаты қоғамдағы байлықты халық арасында әділеттілік қағидасы негізінде бөлініп беру болып табылады. Мемлекет өз тарапынан еңбек етуге жарамсыз болған қоғамдағы әлеуметтік топтарға жан – жақты қамқорлық жасауға міндет алады.
Конституцияда былай көрсетілген:

2.3 Экологиялық функция
Экологиялық функция – айналадағы ортаны қорғауды, табиғат байлықтарын сақтауды мемлекет тарапынан атқарылатын қызметті қамтиды. Қазіргі кезеңде мемлекет ғылыми – техникалық прогресті жедел дамытудан және адамдардың қызметінің басқа да түрлерінен болатын табиғатқа төніп тұрған қауіпті ескеріп, олардың зардаптарын болдырмауға, ластаушы көздерді жоюға, айналадағы ортаға келетін зиянның басқа да түрлерін қысқартуға тиіс. Ол қоғамдық өмірге араласушылардың барлығынан да жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, атмосфералық ауаны, басқа да табиғи ресурстарын ұтымды да үнемі пайдалануды талап ете алады, табиғат тепе – теңдігінің бұзылмауын қадағалайды, айналадағы ортаны қорғауға байланысты жалпы мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды жасап, жүзеге асырады.

2.4. Мәдениет пен ғылыми – техникалық прогресті дамыту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету функциясы
Мәдениет бағытындағы функция – адамдардың денсаулығы, рухани сана сезімі, білімі, әдет – ғұрып, салт – дәстүр, мораль, әдебиет, музыка, ғылым, тәрбие т.б. мемлекеттің тұрақты бақылауында болып, оны тиісті дәрежеде дамытып отырады. Бұл күрделі функцияға жеке адамдар да, бірлестіктіктер де тиісті деңгейде үлес қосып отырады.
Мәдени функция – ғылымды, білімді, адамдардың мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, жоғары мәдениетті азаматты қалыптастыруға бағытталады. Мемлекет мәдениеттің әдебиет, театр, кино және тағы басқа түрлерінің дамуын қолдайды.
Мәдениет бағытындағы функция, яғни мәдени – тәрбие жұмыстары, яғни жеке адамның жан – жақты жетілуіне мүмкіндік туғызатын және оның құқықтары мен бостандықтарын нақты қамтамасыз ету үшін алғы шарт жасайтын жұмыстар.

«Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді бағдарламасында елімізді дамытудың стратегиялық мақсаты – қоғамда ғылыми – техникалық прогресті дамыту функциясының рөлін көтеру және отандық ғылым мен технологиялық бәсекелестік қабілеттін арттыру деп көрсетілген . Қазіргі кезеңде тәуелсіз Қазақстанда ғылыми – техникалық прогресті дамыту функциясы басым бағыттардың бірінен сыналады. Өркениетті елдер тәжірибесі көрсеткендей, ғылыми – техникалық прогрестің дамуы ел экономикасының іргетасы екендігін өмір өзі дәлелдеп отыр. Осы мақсатта елімізде ғылыми – техникалық саланы реформалауды және қайта жаңғыртуды қолға алу кезек күттірмейтін мәселе екендігі дау тудырмайды. Өнеркәсіптің басым салаларында қоршаған ортаға техногенді әсер етуді төмендететін, ғылымды көп қажет ететін және ресурстарды үнемдейтін технологияларды әзірлеу қоғам қажеттілігі екендігі сөзсіз.

III тарау. Қазақстан Республикасының сыртқы функциялары
3.1. Отанды және елді қорғау функциялары
Қазақстан Республикасының сыртқы функциялары оның Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы аумағының біртұтастығын, бөлінбейтіндігін және қол сұғылмайтындығын көздейтін қағиданы қамтамасыз етуге бағытталған қызмет саласын қамтиды. Отанымызды қорғау, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету – мемлекетіміздің аса маңызды функцияларының бірі.
Басқа мемлекеттердің аумағында тұратын азаматтардың құқығын қорғау жөнінде Конституцияның 11 – бабының 2 – тармағында былай делінген: Республика өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді»
Мемлекетіміздің маңызды сыртқы функцияларының бірі – басқа мемлекеттердің азаматтарымен және қоғамдық бірлестіктерімен біздің республика азаматтарының және қоғамдық бірлестіктерінің қарым – қатынастарын нығайтуға ықпал жасайтын саясат, экономика, мәдениет, ғылым саласындағы байланыстарды жүзеге асыру болып табылады.
Мемлекеттің сыртқы функцияларына кіреді:

3.2. Қазақстан Республикасының сыртқы мемлекеттермен қарым – қатынас функциялары
Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметі қазақстандықтардың шетелдік әріптестермен емін – еркін байланыстар орнатуына мүмкіндік береді.
Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» жолдауында: «Ұлттық мүдделерді қорғауды, сондай – ақ таяаудағы және алыс перспективадағы күштердің теп – теңдігін қамтамасыз етудегі біздің озық қаруымыз – интеграция саясаты, бірінші кезекте Қазақстанның, Қырғызстанның және Өзбекстанның арасындағы Орта Азиялық Одақты нығайту, қарсы тұру емес, басқа мемлекеттің істеріне араласпау, келісімге келу актілері үстем болуы тиіс» - деп атап көрсетті.
Орта Азиядағы мемлекеттермен ынтымақтастықты ұлғайту Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып қала береді. Орталық Азия мемлекеттерімен өзара тату көршілес, тұрақты қарым – қатынас біздің еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторы.
Өз қауіпсіздігіміз мен аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін біз күшті мемлекет болуға және көршілерімізбен берік және достық қарым – қатынаста болуға тиіспіз. Сондықтан ең жақын және тарихи достас көршіміз Ресеймен арадағы сенім мен теңқұқықлы қарым – қатынасымызды дамытып, нығайта береміз. ҚХР – мен өзара тиімді негіздегі осындай сенім мен тату көршілес қатынастарымызды жалғастырамыз. Қазақстан Қытайдың гегемонизмге қарсы, көршілес елдермен достыққа бағытталған саясатын құптайды.

Қорытынды
Мемлекет – басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік – тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай – ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканың дамытудың әлеуметтік – саяси, рухани, ұлтаралық және адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайын белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тиісті функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін ерекше күрделі саяси ұйым.
Мемлекет мәні оның қоғамды демократиялық қағидалар негізінде тұлғаның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүддесінде, сонымен бірге қоғамдық келісімді қамтамасыз етуден көрінеді. Мемлекет тұрғын халықтың террриториалдық жария – құқықтық одағын көрсеткен, өз мақсаттарын жүзеге асыратын және өз функцияларын мемлекеттің биліктің арнайы орган көмегімен атқарып отырса, онда адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамдық қатынастарды реттеу мен тәртіпке салу мемлекеттің негізгі міндеті болып табылады. Мемлекеттік билік адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, азаматтық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуде көрініс табады.
Қоғамның дамуы кезінде халық жағдайын көтеруді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуде, мемлекет маңызды деген мәселелердің жиынтығын айқындап, оларға өзінің негізгі іс- әрекеттерін бағыттайды.
Мемлекет бүкіл қоғамдық қатынастарды реттеуге және халықты басқару барысында өзіне тән бірнеше қызметтер атқарады. Мемлекеттің қызметі дегеніміз – оның мәні мен табиғатынан көрінетін іс - әрекеттердің басты бағыты. Мемлекеттің қызметтері қоғамға, қоршаған ортаға, әлеуметтік топтарға, жеке адамдарға немесе басқа мемлекеттерге бағытталады. Мемлекет қызметінің мәні мен қажеттіліктерін білдіретін мемлекеттің іс - әрекетінің негізгі бағыты.

Пайдаланған деректемелер тізімі
Нормативтік-құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 2002 жыл
2. Қазақстан Республикасының « Инновациялық қызмет» туралы заңы
3. Қазақстан Республикасының « Мәдениет» туралы заңы. 1996 жыл 24 желтоқсан
4. Қазақстан Республикасының «Экологиялық кодексі» 2007 жыл 9 қаңтар
Арнайы әдебиеттер:
1. Ашитов З.О. «Қазақстан Республикасының құқықтық негіздері». Алматы «Жеті Жарғы» 2003 жыл.
2. Ашитов З.О. «Егемен Қазақстанның құқығы». Алматы «Жеті Жарғы» 2003 жыл.
3. Алексеев С.С.Общая теория право. Курс в 2 тт М., 1981, 1982
4. Абдулаев.М.И. Теория государства и право.Питер 2003
5. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы 2004 жыл
6. Булгакова Д.А. Теория государства и право. Учеб.пособие Алматы 2007
7. Баянов Е. «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері». Алматы 2003 жыл.
8. Бабаев В.К. Теория современнного права. Н.Новгород.1991
9. Булекбаев.С.Социально – филосовский анализ соотношения экономики и государства. Автореферат доктора экономичиских наук.Алматы, 1998 жыл.
10. Венгеров А.Б. Теория государства и право. Москва., 2000
11. Гайман – Черновюк В.И. Очерк теории государства и права. М., 1996
12. Дробязко С.Г Общая теория права. Минск 2005
13. Ерманов В.А «Қазақстан қазіргі дүние әлемінде». Алматы 2002 жыл
14. Жоламанов К.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы «Эверо» 2004
15. Ибраева А.С. Общая теория государства и право. А., 2000г
16. Ибраева А.С. Ибраев Н.С.Теория государства и право. Учеб.Пособие Алматы «Жеті Жарғы»; 2003 г
17. Коваленко А.И. Теория государства и право. Москва 1994г
18. Комарпов С.А. Общая теория государства и права. Саранськ, 1994
19. Курс лекций по теории государства и права. Под.ред. А.В.Малько., Саратов 1993 г
20. Курс теории государства и права. Под.ред. И.П.Марова., Тюмень 1994
21. Клименко Теория государства право. Москва 2004
22. Лазарев В.В. Теория государства и право. Москва 1992
23. Ливишиц Р.З. Теория право. Москва 1994
24.Матузов.Н.И.,А.В.Малько «Теория государства и право. Москва. Юристь 2005
25. Манов Г.Н. Советское общенародное государства; цели, задачи, функции. М.,1987.
26. Мухамедов М.Б. «Қазақстан тарихы». Алматы «Қарасай» 2007 жыл
27. Мухамедов М.Б. «Қазақстан әлемдік қауымдастықта». Алматы, 2000жыл
28. Мұхамеджанов Б.А . Кеңес мемлекетінің экологиялық қызметі. Алматы, 1990 жыл
29. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Алматы 2007
30. Назарбаев Н.Ә.Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде. Алматы, 1993 жыл
31. Назарбаев.Н.Ә. Тәуелсіздік белестері. Алматы., 2003 жыл
32. Нерсесянц В.С. Теория государства и права. Москва., 2001.
33. Общая теория государства и права. Курс лекций .Под.ред. Б.К.Бабаева.,Новгород 1993
34. Общая теория права и государства. Под.ред. В.В.Лазарева., Москва 1996
35. Поляков А.В. Общая теория права. Санк – Петербургского государственного университета. 2005
36. Радько.Т.Н. Теория государства и право.Москва.Академический Проект 2005
37. С.Өзбекұлы Мемлекет және құқық теориясы. Алматы Жеті жарғы 2006 жыл
38. Сырых В.М. Теория государства и права. Учеб. Былина 1998
39. Спиридонов Л.И. Теория государства и права. Москва 1999
40. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқықтану негіздері». Алматы «Жеті Жарғы» 2003жыл.
41. Тоқаев Қ. «Қазақстан Республикасының дипломатиясы». Алматы 2002 жыл
42. Теория государства и права. Под.ред. А.В.Венгерова.,Москва 1995
43. Теория государства и права.Под.ред. в.М.Королский., Москва 1997
44. Теория государства и права.Курс лекций под.ред.И.И.Матузова.,Москва 1999
45. Теория государства и права.Марченко., Москва 1998
46. Теория государства и права. Под.ред. Н.А.Катаева Уфа 1994
47. Теория государства и права.Под.ред. Г.Н.Манапова Москва 2000
48. Теория государства и права.Курс лекций Н.И.Матузова, А.В.Малько Москва 1997
49. Храпанюк В.Н. Теория государства и права. Москва 2000
50.Черданцев А.Ф. Теория государства и права. Курс лекций Екатеринбург 2000
Баспасөз материалдары.
1. Абдулпаттаев С. «Орталық Азия мемлекеттерінің Одағын құру бастамасының маңызы». Ақиқат, 2005, № 5
2. Абдулпаттаев С. «Интеграциялық саясат». Ақиқат, 2003, № 6
3. Абдулпаттаев С. «Қазақстан – Қытай қарым – қатынастары». Ақиқат, 2004, № 8
4. Арыстанбекова А. Әлемге әйгілі. Егемен Қазақстан 2001 жыл 2 наурыз
5. Арыстанбекова А. Қазақстаннның БҰҰ – на кіруі: оқиғалар қалай өрбіді. Дипломатия жаршысы. 2002ж №1-2
6. Биржанова А. Функции демократического государства. Жалпы тарих және құқықтану мектепте, 2003, №1
7. Иманбекова Б. «Қазақстандағы ғылыми – техникалық саясат». Саясат, 2005, № 9
8. Қарасаев Ғ. «Еуразиялық бірлестік және қауымдастық». Қазақ тарихы, 2003, № 4
9. Мұхамеджанов М. «Мәдениет саласын аймақтық басқарудың кейбір мәселелері». Саясат, 2006, № 5
10. Назарбаев Н.Ә.Қазақстан жаңа ғасырда әлемдік даму үрдістерінен кенже қалмауы тиіс. Дипломатия жаршысы. 2000 жыл, №3, 11 бет.
11. Нұрақым Р. «Қазақстан мен Ресей қарым – қатынастарының жаңа буыны». Ақиқат, 2004, № 1
12. Өтебаев Н. «Орталық Азиядағы геосаяси үрдістері». Ақиқат, 2003, № 9 12.Сұлтанәлі Г. «Әлемдік саясат аясындағы ұлттық мүдделер». Саясат, 2004, № 4
13. Тоқаев Қ. Ынтымақтастыққа он жыл Егемен Қазақстан 2002 жыл 2 наурыз
14. Тоқашбаев М. НАТО және Қазақстан. Астана ақшамы 1999 жыл 20 мамыр.
15. Теміртасова А. Әлеуметтік көмек көрсетілді. Заң және заман, 2007 жыл, №4
16. Шойынғазин С. Өңі өзгерген НАТО. Егемен Қазақстан 2002 жыл 28 желтоқсан
17. Сұлтанәлі Г. «Әлемдік саясат аясындағы ұлттық мүдделер». Саясат, 2004, № 4