Қазақстандағы ішкі туризм дамуының мүмкіншіліктері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗІМІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ, ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 5
1.1 Туризм туралы түсінік және туризм менеджментінің тиімділігі 5
1.2 Туризм индустриясын дамыту проблемасына теориялық негіздеме 7
1.3 Қазақстандағы ішкі туризімінің қазіргі жағдайына сипаттама 13
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ 25
2.1 Қазақстандағы ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері 25
2.2 Ішкі туризмнің дамуының алғы шарттары 39
2.3 Қазақстандағы туристік аймақтар 49
Қорытынды 53
Қолданылған әдебиеттер тізімі 57
ҚОСЫМША 34
КІРІСПЕ
Туризм – мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен клісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің көркем де, әсем жеріміздің түкпір-түкпірінде өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады. Мәселен,Жамбылдың Мыңбұлағы, Көкшетаудың Оқжетпесі, Алматының шөлейт аймақтарында орналасқан Тамғалысы және басқа да аты аңызға айналған жерлерді айтуымызға болады. Өкінішке орай, туристердің көпшілігінің әуелі танысып өтетін интернет беттерінде Қазақстанның барлық туристік жерлері туралы біліп, танысуларына мүмкіндік жоқтың қасы. Қызығушылық тудыратындай айтылмаса, жазылмаса, көрсетілмесе шетелдік емес,жергілікті азаматтардың да жеріміздің әсем жерлеріне баруы қиын-ақ, және еліміздің ішкі туризмі өкініщке орай әзірге мақтанып айтарлықтай дәрежеде емес. Сол себепті де Қазақстанда қазіргі таңда көтеріліп жатқан өзекті мәселелердің бірі – туризм болғандықтан, біз дәл осы Қазақстанның ішкі туризмінің бүгінгі жетістіктері мен кемшіліктерін қарастырғанды жөн санадық.
Жұмыс барысында Қазақстанның ішкі туризмін мына тұстардан қарастардық:
1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗІМІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ, ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
1.1 Туризм туралы түсінік және туризм менеджментінің тиімділігі
Қазіргі кезде адам қызметінің әр түрлі формалары бар, олар жалпы жағдай жасауға және әлемді тануға бағытталған. Халық тұрмысының жақсаруы жаңа әлемді ашуға адамның қажеттілігін, соның ішінде саяхатқа құштарлығын арттырады. Саяхат дегеніміз – туризм. Туризм тек орын ауыстыру емес, ол көптеген экономикалық және әлеуметтік аспектілерді құрайды. Соңғы он жылда туризм мықты дербес индустрияға айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мәліметтері бойынша туризм әлемнің өндірістік-сервистік нарық айналымының 10 пайызын қамтамасыз етеді. Туризм сферасына әлемдік ұлттық жиынтық өнімнің 6%, әлемдік инвестицияның 7%, әр 16-шы жұмыс орны, әлемдік тұтынушы шығындарының 11%, барлық салық түсімінің 5% келеді. Бұл сандар туризм индустриясының экономикаға тікелей әсерін көрсетеді.
Туризм түсінігіне теориялық және практикалық тұрғыдан нақты анықтама берілуі керек.
Көптеген авторлар туризмге толық анықтама беруге тырысты. Әр пікір өзгеше болып табылады және бұл терминнің көптеген өлшемін көрсетеді. Алайда туризмнің әр түрлі түсіндірмесін жинақтап қорыту, белгілі бір «оптимум» таңдау өте қиын.
1.2 Туризм индустриясын дамыту проблемасына теориялық негіздеме
Туризм факторларын анықтап және анализдеп болған соң туризм индустриясын зерттеуді бастау керек. Туризм индустриясы экономиканың жеке саласы ретінде жоспарлы экономика жағдайында болған жоқ.
Туризм индустриясы терминінің анықтамасын берейік:
1.3 Қазақстандағы ішкі туризімінің қазіргі жағдайына сипаттама
Туризм – демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай-ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесумен тікелей байлынысты, жеке және ұжымдық толық жетілудің жолы ретінде жоспарлануы жеке тәжірибеге негізделуі тиіс қызмет.
Туризм – әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристік ұйымның деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттық өнімнің бір бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан
астамын, әлемдік өндірістегі әрбір 9-шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді.
Қазіргі туризм индустриясы ірі жоғары табысты және жоғары деңгейде дамып жатқан халықаралық саудадағы қызмет көрсетулердің бірі. Халықаралық туризм әлемдік экспорт табысының 8 пайызын, экспорттағы қызмет көрсетулердің 37 пайызын алады. Ішкі туризмнен түскен табыс, табыс көлемі бойынша мұнай, мұнай өнімдерін және автомобиль экспорттаудан кейін үшінші орын алады. Қазіргі деңгейдегі жағдай жаңа мыңжылдықта да қала бермек. Ал туризмнің өсуіне негізгі себеп болатын, ол туризм әлемдегі дәстүрлі аудандардан басқа, жаңа территориялардың пайда болуы. Осыған байланысты Қазақстанда әлемдік туристік нарықтағы өзінің орнын алып қалуға зор мүмкіншілігі бар.
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
2.1 Қазақстандағы ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері
Халықаралық мамандар қазіргі туризмді құлдырауды білмейтін әлемдік экономика саласына жатқызады. Кіріс жағынан ол тек мұнай экспорты, мұнай мен автомобильге ғана жол береді. Шикізат сату елдің энерго тасымалдаушыларын шығынға ұшыратады, ал туриндустрия жанданып келе жатқан ресурстарда жұмыс істейді. Осыдан келіп туризмді дамыту шикізат сатудан тиімдірек пе деген ойға еріксіз берілесің.
Сонымен қатар Қазақстанның ішкі туризмі – мемлекетіміздің жарнамасы болып табылады. Алайда соңғы жылдары кіріс және ішкі туризмге деген сұраныс өсуде. Халықаралық талдаушылар мен мамандардың ойынша туризм де Қазақстанның өсуі мен өркендеуіне зор ықпалын тигізеді. Осы орайда Алматының туристік инфрақұрылымы елеміздегі ең дамыған инфрақұрылым болып отыр. Қаламыздың туристік қызметтері даму үстінде: 600 жүзден астам туристік агенттіктер бар, 80-нен астам шетелдік компаниялармен байланыстар орнатылған. Өткен жылғы көші қон қызметінің көрсеткіші бойынша қаламызға көпшілігі «іскерлік туризм» өкілдері арқылы алыс және жақын шет елден 76000 қонақ келген. Туристік агенттіктер туристерге қызмет көрсету арқылы мемлекеттік бюджеттің қірісін ұлғатып отырғандығын байқатуды. Туристік агенттіктері арқылы туристік қызмет көрген туристердің саны күні бүгінге өсіп келеді. Ішкі маршруттық көрсеткіштер 3,3 есе өсті.
2.2 Ішкі туризмнің дамуының алғы шарттары
Адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас қарама қарсы. Бір жағынан адам мен қоршаған орта арасындағы қиын комплексті қарым-қатынас, екінші жағынан ғылыми-техникалық прогрестің әсерінен адам қызметінің табиғатты түрлендіруінен болатын қоршаған ортаның интенсивті өзгеруі.
Туризм адам мен қоршаған орта арасындағы қайшылықтарды жоюға бағытталған. Алайда мемлекеттегі жаңа нарықтық жағдай ішкі туризмді дамытудың проблемаларын, әсіресе әлемдік туристік нарықтағы бәсекелестік жағдайын үлкейтті.
Мемлекеттегі қиын экономикалық және қаржылық жағдай туризмнің әлеуметтік мәселелер аспектілерін қиындатты:
2.3 Қазақстандағы туристік аймақтар
Қазақстандағы туризімдік аймақтар туралы сөз қозғағанда ойымызға келері тоғыз жолдың торабы – әлемге әйгілі Тау Түрген шатқалы. Алматыдан Шығысқа қарай тау бөктерлеп 90 километр жол жүрсеңіз, жан-жағыңызды ылғи да бау-бақша мен терек, қайың, қарағаш, емен, шетеннің жасыл жапырағы орап отырады да шыңдары көкке қол созған асқақ таулардың қойнауына кіріп кетесіз.Шатқалға кіргеннен сізді жақпар-жақпар жартастар қоршап алады. Қожыр-қожыр қойтастар арасынан бой көтерген шыршаның түбіне назар салсаңыз, «тамыры тасты жарып шыққан ба» деп таң қаласыз.44 шақырымға созылған бұл шатқалдан көкорай шалғын майданды, мөлтілдеген көлдер мен көлшіктерді, тасты тесе, құмды қопара тесіп шыққан тау бұлақтарын көресіз. Ол-ол ма, сіз бұл шатқалда бұрын соңды көрмеген тау сарқырамаларын тамашалау бақытына ие боласыз.Сол сарқырамалардың ішінде биіктігі 30 метрден асатын тік жартастар мен құлама құздарды, шыршалар мен қарағайларды аралап өтіп төмен құлаған Аюлы сарқырамасы сіздің есіңізде мәңгі қалуы сөзсіз.
Қорытынды
Қазақстан Республикасында ішкі туризм әлі де болса бір тұтас индустрия ретінде қалыптаспаған. Бірақ туризм саласына мемлекет белсене қатысатын болса, Қазақстан экономикасындағы үлкен табысты шаруашылыққа айналдыруға болады. Әрине 5 жыл өтсін, 10 жыл өтсін деген ой-пікір болмайды, бірақ осы салада оң өзгерістер қалыптасып келеді, әлемнің туризм саласы дамыған елдерден үйрену керек, өзіміздің мамандарды дайындау қажет және де өзіміздің үйімізге махаббатпен, сүйіспеншілікпен қарауымыз керек. Толығымен айтсақ мынандай қорытынды шығаруға болады:
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. В.Н.Вуколов. История и теория международного туризма. Алматы, 2002
2. Г.М. Дуйсен Основы формирования и развития индустрии туризма в Казахстане. Алматы, 2002г.
3. Проблемы становления индустрии туризма Казахстана. Материалы международной конференции специалистов туризма. Под редакцией С.Р.Ердавлетова.- Алматы: «Казақ университеті», 2001
4. А.А.Жолдасбеков, А.Н.Пыхарев, М.Д.Мамадияров. Организационно-правовые основы туристской деятельности в РК. Учеб. метод. пособие – Алматы: Ғылым,1998ж
5. Қазақстан Республикасындаға 2002 жылғы туризм. Статистикалық жинақ. Алматы, 2003ж.
6. Қазақстан Республикасындағы 2004 жылдың 1 жартыжылдығының статистикасы. Интернет.