Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Заңгер этикасы

Тип: Реферат

Объем: 10 стр.

Полный просмотр работы

Кәсіби борыш және абырой

Борыш категориясы - этикадағы маңызды категориялардың бірі. Ал кәсіби этикадағы оның алатын орны тіпті ерекше. Мораль саласын жеткілікті негізбен міндеттіліктер саласы деп те атайды: қайырымды бол, адал бол, әділ бол. Бол! Борышта басқа категорияларға қарағанда міндетті себепті жақ әлдеқайда жоғары дамыған. Ол тек идеяға нақты анықтама беріп қоймайды, сонымен қатар, оған бұйрықтық сипат береді: шақырады, талап етеді, оның жүзеге асуын қалайды.
Борышты адам болу - оның мәнін, талаптарын білу ғана емес, осы талаптарды тәжірибеде сақтау да.

Құқық қорғау органдары қызметкерінің борышы - тұлғаны, қоғамды және мемлекетті қорғаудың объективтік қажеттіктерінен туындайтын, мемлекеттік құқықтық талаптармен және адамгершілік ішкі сезімдермен толықтырылатын ерекше міндет.

Адамгершілік іс жүзінде адамдар арасындағы барлық қарым қатынастарды, олардың мемлекет пен қоғамға қатынасын қамтиды. Адамның күнделікті өміріне мемлекет пен қоғамның қойған талаптарын адамгершілік одан әрі нақтыланды түседі. Тұлғаның қабылдаған моральдық нормалары оның ішкі сеніміне айналып, сезімдерін басқарады, оның үйреншікті әдетіне ауысады.

Қоғамдық борышқа деген қатынас тек тұлға туралы ғана емес, сонымен қатар, ұжым туралы, қоғамның рухани күштері туралы мәліметтер бере алады. Құқық қорғау органдарында борышқа олардың қызметкерлерінің қызметін тікелей реттеуші құрал ретінде негізгі мән беріледі.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жүріс тұрысының механизмі, олардың ұжымындағы адамгершілік қатынастардың мәні үш маңызды факторға негізделеді:

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің басым көпшілігі - абыройдың адамдары. Бұл қасиет олардың қызметтік борышты орындауында көрініс табады. Оның ерекшелігі бейбіт өмір кезінде де қайраттылықты, ұстамдылықты, өз ісіне жан тәні мен берілуді талап етумен сипатталады. Әрине, олар өз қызметінің маңыздылығы, борышты орындаумен байланысты тұрақты қауіп туралы ешкімге жария салып айтпайды. Олар өз міндеттерін жай ғана атқарады, халық осы үшін де оларға риза.