Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бизнесті бағалау

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 19 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау


Жоспар
1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау 3
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдаудың мазмұны, мәні мен міндеттері 3
1.2 Кез келген ғылымның негізін оның заты мен тәсілі құрайды 5
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның экономикалық потенциалын талдау және бағалау 9
1.4 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және бағалау 10
1.5 Өтімділік көрсеткіштері 13
1.6 Рентабельділік көрсеткіштері 14
1.7 Инвестициялық көрсеткіштер 15
Әдебиеттер 19

1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдаудың мазмұны, мәні мен міндеттері
Кез келген меншік объектісінің құқын бағалау нақты нарықтағы белгілі бір уақытта алынатын потенциалды және нақты табысты ескере отырып объектінің ақшалай құқын анықтаудың реттелген және мақсатты процесі болып табылады.
Бағалау процесінде бағаланатын объект және бағалаушы субъект болады. Бағалау субъектісі ретінде арнайы білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгерген кәсіби бағалаушыларды танимыз. Ал бағалау объектісі бұл иесін түрлі құқықтармен қамтамасыз ететін кез-келген меншік объектісі болып табылады. Бағалау объектісі ретінде бизнес компаниялар, кәсіпорындар, фирма, банк, активтердің жеке түрлері (материалдық және материалдық емес) танылады.
Бағалау бірнеше нарықтық факторларды ескереді: уақыт факторы, тәуекел факторы, нарық конъюнктурасы, бәсекелестік деңгейі және моделі, бағаланатын объектінің экономикалық ерекшеліктері, оның нарықтық сипаттамалары, сондай-ақ макро және микро ортасы.

1.2 Кез келген ғылымның негізін оның заты мен тәсілі құрайды
Қаржылық талдаудың тәсілі – бұл қаржылық талдаудың заты, яғни субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметін зерттейтін әдіс-тәсілдердің жиынтығы. Тәсілдің негізгі ерекшеліктеріне мыналар жатады: Көрсеткіштер жүйесін қолдану, олардың арасындағы байланысты және оның өзгеруін анықтау.
Қаржылық талдау ішкі және сыртқы деп бөлінеді. Ішкі қаржылық талдау шаруашылық субъектісінің өзінде жүргізіледі. Бұл талдауда субъектінің ішіндегі кез келген ақпарат көзін қолдана алады, мысалы, өндірістің техникалық дайындығы туралы ақпарат, нормативті және жоспарлы ақпарат, басқару есебінің мәліметтері. Ішкі қаржылық талдау қалыптасқан қаржылық жағдайдың себептерін, шаруашылық субъектісінің активтерін қолдану тиміділігін, көлем, өзіндік құн және табыс көрсеткіштерінің өзара байланысын толық зерттейді.

1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның экономикалық потенциалын талдау және бағалау
Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық субъектісінің, яғни кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау маңызды рольге ие. Бұл кәсіпорынның дербестігімен немесе өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі үшін меншік иелері , жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және басқа да контрегенттер алдындағы толық жауапкершілігімен байланысты.
Қаржылық жағдай – бұл белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының көрінісі, сондай-ақ оның шаруашылық қызметті орындау үшін және өзінің борыштық міндеттемелерін уақытылы өтеу үшін қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуінің көрінісі. Қаржылық тұрақтылық деп кәсіпорынның төлем қабілеті мен ұдайы өндірістік шығындарды өзіндік қаржыландыру қамтамасыз етілетін қаржы ресурстарының жағдайы.

1.5 Өтімділік көрсеткіштері
Өтімділік коэффициенттері кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындау қабілетін бағалау үшін қолданылады. Өтеу коэффициенті ағымдағы міндеттемелердің 1 теңгесіне кәсіпорынның ағымдағы активтерінің қанша теңгесі келетінін көрсетеді. Көрсеткіштің төмен мәні – 2.
Өтеу коэффициенті = Ағымдағы активтер/Ағымдағы міндеттемелер
Коэффициенттің мәнін 1-кестедегі жыл соңындағы мәліметтер бойынша есептейміз.
106320390/102942399=1,03
Бұл көрсеткіште айналым капиталындағы жеке бөліктердің өтімділік дәрежесі ескерілмейді, сондықтан жедел және абсолюттік өтімділік коэффициенттерін есептеу қажет.

1.6 Рентабельділік көрсеткіштері
Көрсеткіштердің бұл тобы кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігі туралы түсінік береді. Рентабельділікті сипаттайтын көрсеткіштер тобын 2 топқа бөліп көрсетуге болады:
• Сатылым;
• Активтердің немесе жиынтық активтердің бөлігі
Сатылым рентабельділігі – бұл пайданың өткізуден түскен нетто түсімге қатынасы. Бағалаудың мақсатына және салыстырылатын компаниялар бойынша мәліметтерге сәйкес өзгермелі айырмасы бар сатылым рентабельділігін есептеуге болады.

1.7 Инвестициялық көрсеткіштер
Бұл талдаудың бағалау процесіндегі мақсаты – акцияның нарықтық бағасы туралы номиналдымен салыстырылатын ақпаратты ұсыну, төленетін дивидендтердің мөлшері туралы және басқа да ақпараттарды ұсыну.
Акцияның пайдасы = (Таза пайда – Атаулы акциялар бойынша дивидендтер)/ қарапайым акциялардың жалпы саны.
1-кестедегі жыл соңындағы мәліметтерді қолдана отырып айналымға тек 1000000 дана көлемінде қарапайым акциялар шығарылды деп тұжырымдайық. Бұл жағдайда акция пайдасы келесідей болады:
5387304:1000000 =5,387 мың теңге.
Нарықтық акцияның акция пайдасына қатынасы инвесторлардың табыс, бірлігі үшін төлеуге дайын бағаны көрсетеді.