Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 24 стр.

Полный просмотр работы

Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері

Мазмұны
Кіріспе 3
І. Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері 5
1.1 Есі дұрыстық және есі дұрыс емес тіктің түсінігі. Есі дұрыстық – қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты 8
1.2. Жасқа толу 12
ІІ. Қылмыстың арнаулы субъектісі 15
ІІІ. Мас күйінде жасалған қылмыстар үшін жауаптылық 18
Қорытынды 21
Қолданылған әдебиеттер тізімі 24

Кіріспе
Қылмыс жасаған кезде қылмыстық заңда көзделген белгілі бір жасқа толған және есі дұрыс жеке адам қылмыстық заң бойынша қылмыс субъектісі бола алады.
Қылмыс субъектісінің белгілері жайлы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 14-бабының бірінші бөлігінде былай делінген: “Есі дұрыс, осы кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс”.
Қылмыс субъектісі – ол қылмыс жасаған есі дұрыс және 16 жасқа толған адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау, кісі тонау, қорқытып алу т.б.) қылмыстық жауапқа адам 14 жастан тартылады.

І. Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері
Қылмыс субъектісі – қылмыс құрамының бір элементі, онсыз қылмыстық жауаптылық болмайды және болуы мүмкін емес.
Қылмыстың субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам танылады. Қылмыстық кодекстің 4,6,7 – баптарының талаптарына сай Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ шетелдіктерге қолданылады. Бұдан туатын қорытынды, қоғамға қауіпті іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылыққа тек қана тірі адам – азамат тартылады. Ал заттар, жануарлар дүниесі, табиғат күштері келтірілген зиян үшін олар қылмыстық жауапқа тартылмайды, яғни бұл аталғандар қылмыс субъектісі болып танылмайды.

1.1 Есі дұрыстық және есі дұрыс емес тіктің түсінігі. Есі дұрыстық – қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты
Жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірген не зиян келтіру қаупін төндірген, қылмыстық заңда тиым салынған әрекетті жасаған адам қылмыстық жауапқа тартылып, жазалануы үшін оның есі дұрыс болуы керек.
Жоғарыда аталып кеткендей, есі дұрыстық дегеніміз – адамның қоғамға қауіпті әрекет жасаған кездегі өз әрекетінің іс жүзіндегі сипатын, қоғамға қауіптілігін ұғына алатын, оған ие бола алатын қабілеті. Есі дұрыс емес адамдар қылмыстың субъектісі болып табылмайды. Сол себепті олар қылмыстық жауапқа тартылмайды. Мұндай адамдарға істеген іс-әрекеттері үшін қылмыстық жаза болып табылмайтын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін (ҚК 89-95 баптар).

4.Психикасының өзге де дертке ұшырауы.
Бұл сырқаттағы күйге жататындар психикалық аурулардың қатарына жатпайтын, бірақ адам психикасының бұзылуына әсер ететін әр түрлі аурулар жатады. Бұған әр түрлі жұқпалы аурудың әсерінен адамның сандырақ күйге түсуі, ауыр жарақаттан пайда болған ми ісігі немесе нашақорлық аштығынан болған жарақаттар жатады.

1.2. Жасқа толу
Адамды қылмыстық жауапқа тартудың ең негізгі шарттарының бірі оның белгілі жасқа толуы болып танылады. Өте жас балалар қылмыстың субъектісі бола алмайды. Өйткені, олар өздерінің тым жастығына сәйкес жеткілікті жағдайда өздерінің қоғамға істеген зиянды іс-әрекетіне жауап бере алмайды және өздерінің қылықтарын басқара алмайды. Сондықтан қылмыстық заң өзі арнайы көрсеткен жасқа толмаған жасөспірімдерді қылмыстық жауапқа және жазаға тартуға тиым салады. Кез-келген жеке тұлға есі дұрыс болса да, егер заңда көрсетілген жасқа толмаса қылмыс субъектісі бола алмайды.

ІІ. Қылмыстың арнаулы субъектісі
Есі дұрыстық және заңда белгіленген жасқа толу, бұл айтылған екі белгі кейбір қылмыс құрамдары үшін жеткіліксіз, ондай құрамдарға субъект болу үшін осы көрсетілген белгілердің үстіне басқа да қосымша белгілер болуы қажет.
Қылмыстың арнауы субъектісі дегеніміз субъектінің жалпы белгімен (есі дұрыстық, белгілі бір жасқа толу) бірге қылмыстық кодекстің ерекше бөліміндегі тиісті нормаларда көрсетілген қосымша – арнаулы белгілері бар адамдарды айтамыз. Қолданылып жүрген қылмыстық заңда қылмыстың арнаулы субъектісі туралы жалпы ұғым берілмеген. Қылмыстың арнаулы субъекттісін сипаттайтын белгілер Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің тиісті қылмыстық-құқылық нормаларының диспозицияларында көрсетілген.

ІІІ. Мас күйінде жасалған қылмыстар үшін жауаптылық
Профессор Е.Қайыржанов: “Әуелі маскүнемдіктің қоғамдық өмір негізі - өндіріске тигізетін зияны көп” – дейді . Еңбек тәртібінің бұзылуы, шығарылатын өнімнің саны мен сапасының төмендеуі, өндірістегі түрлі жарақат, еңбек адамының жұмыстағы өлімі немесе мүгедекке ұшырауы, тағы басқа жағдайлар маскүнемдікке байланысты екенін нақтылы, толық көрсеткен.

Қорытынды
Сонымен, Қылмыстық құқық бойынша қылмыс субъектілері болып қылмыстық заң тыйым салған қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) жасаған және онысы үшін қылмыстық жауаптылық арқалана алатын адам есептелінеді.
Жауаптылыққа қабілеті – айыптаудың есінің дұрыстығы. Қылмыстық заң бойынша есі дұрыс адам ғана жауапқа тартылып, оған жаза тағайындалады. Есі дұрыс, қабілеті бар адам ғана өзінің кінәсін түсіне алады. Есінің дұрыстығы – айыптының өзінің іс-әрекетіне есеп бере алатындығы, іс-әрекетті болдырмауға қабілетінің барлығы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз.
2.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 1997 ж.
3.ҚР-ның қылмыстық кодексіне түсінік.
4.Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы. “Жеті жарғы”. 2001 ж.
5.Әбілезов Е.Т. Қазақстан Респуликасының Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. Алматы. “Жеті жарғы”. 2001.
6.Бапанов Т.Ә. Әбілезов Е.Т. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. (Альбом үлгі). Алматы. “Жеті жарғы”. 2002 ж.
7.Құлжақбаева Р.Б. Қылмыстың құрамы. Қарағанды. “Болашақ -баспа”. 2000ж.
8.Молдыбаев С.С. Рахметов С.П. Субъект преступления по уголовному праву Республики Казахстан. Алматы. “Жеті жарғы”. 2001.
9.Наумов В.Н. Қылмыстық құқық. Астана. 2001 ж.
10.Орымбаев Специальный субъект преступления. Алма-ата. 1972.
11. Сарыбаев «Қылмыстық құқық»