Авангард сортындағы күріштің өнімділігіне топырақтың хлорлы тұздылығы мен минералды тыңайтқыштардың әсері
Мазмұны
Аннотация 3
Анықтама 4
Кіріспе 5
1 Әдебиеттерге шолу 6
2 Климаттық және топырақ жағдайы 11
2.1 Зерттеулерді жүргізу жағдайлары, сызбасы мен әдісі 12
3 Экспериментальды бөлім 14
3.1 Күріш өсімдігінің өсуіне, дамуына және вегетациялық салмақтың жиналуына топырақ тұздылығының, азотты және фосфорлы тыңайтқыштардың әсері 14
3.2 Күріштің азотпен, фосформен қоректену диагностикасы және олардың күріш дамуының негізгі фазаларында жапырақтарындағы құрамы 16
3.3 Күріш өнімі мен оның құрылысына топырақ тұздылығының, азотты және фосфорлы тыңайтқыштың әсері 18
4 Экономикалық тиімділігі 21
5 Еңбекті қорғау 22
5.1 Егін шаруашылығында жұмысты орындау кезіндегі жағдайлар мен қауіпсіздікті сараптау (анализі) 22
5.2 Пестицидтермен және минералды тыңайтқыштармен жұмыс жасаудағы еңбек гигиенасы 23
5.3 Шаруашылықтағы өртке қарсы қауіпсіздік жағдайының сипаты 24
5.4 Өрттік сумен қамсыздандыру 25
6 Табиғатты қорғау 27
6.1 Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау туралы түсінік 27
6.2 Қазақстанда табиғатты қорғау бойынша негізгі шаралар 27
6.3 Шаруашылықтағы табиғатты қорғау шаралары 28
6.4 Су көздерін қорғау 29
6.5 Атмосфералық ауаны қорғау 29
Қорытынды 31
Пайдаланған әдебиеттер 32
Кіріспе
Күріш – ауыл шаруашылығының ежелден келе жатқан мәдениеті және ол дәнділер класына жатады. Жер бетінде өндірілетін күріш егілетін ауданы және өнімділігі бойынша екінші орында. Күріш жер шарындағы адамдардың жартысының азықтық қорегі болып табылады.
1 Әдебиеттерге шолу
Тұзды топырақтарға құрамында белгілі бір өсімдіктерге зиян келтіретін оңай еритін тұздары бар топырақтар жатады.
Ковданнің (1968) пікіріне сәйкес тұзды топырақ түзуге әкелетін тұздардың келесі негізгі типтері бар:
2 Климаттық және топырақ жағдайы
Тәжірибе жүргізу әдістеріне және алдымызға қойылған алқаптың тәжірибе Шардара ауданы Достық өндірістік кәсіпорында жүргізілді. Ол Қызылқұм шөлінің оңтүстігінде Шардара су қоймасынан 90 км Сырдария өзінінен 40 км батыста теңіз бетінен 340-360 м биіктікте жайласқан. Өндірістік кәсіпорнының топырағы ежелгі суармалы сұр топырақ.
2.1 Зерттеулерді жүргізу жағдайлары, сызбасы мен әдісі
Зерттеулер Шардара ауданы Достық елді мекенін аймағында жүргізілді. Тәжірибені жүргізген жылдағы метеорологиялық жағдайларды сипаттайтын мәліметте 2-кестеде келтірілген. Кестеден күріштің қалыпты өсіп дамуына сол жағдайлардың қолайлы болғандығын көруге болады.
3 Экспериментальды бөлім
3.1 Күріш өсімдігінің өсуіне, дамуына және вегетациялық салмақтың жиналуына топырақ тұздылығының, азотты және фосфорлы тыңайтқыштардың әсері
Фенологиялық бақылаулар бойынша күріштің өсуіндегі ерте фазаларында мочевинаның және қос суперфосфаттың оң әсері анықталды. Бұтақтану фазасында күріш өсімдігіне азот жетіспегендігін байқауға болады: жапырақтардың ашық-жасыл түсі, жанама өсінділердің болмауы. Хлорлы тұздылықта өсімдік аласалау болады, бірақ жапырақтың түсі қанық әрі қою болады. Хлор ионының кері әсерінің белгілері өсімдік жапырақтарының бірінші яруста құрғауынан байқалады.
Өсімдіктің жағдайы азот пен фосфорды енгізген кезде жақсарғанын көруге болады. Бұл екеуін бірге қолданған кезде өсімдіктің сыртқы көрінісі әдемі болып көрінеді.
3.2 Күріштің азотпен, фосформен қоректену диагностикасы және олардың күріш дамуының негізгі фазаларында жапырақтарындағы құрамы
Өсу нәтижесінде күріш өсімдігінің азотпен қоректену диагностикасы үшін құрамындағы аммиакты Церлин лабораториясының көмегімен және нитраттарды Магницкий әдісі бойынша анықтадық. 5-кестеде келтірілген мәліметтер, күріш өсімдігінің өсу нүктесіндегі аммиактың құрамы олардың даму фазасы мен қоректену шарттарына байланысты екендігін көрсетеді. Бұтақтану фазасында аммиактың мөлшері көп болды, ол бақылауда және тұзды фонда өсімдікте 10 мг/кг болған, бұл Церлинг шкаласы бойынша 5 баллға сәйкес келеді. Визуальді бақылауға сәйкес аммиактың көрсетілген мөлшерінде өсімдіктің өсу нүктесінде азоттың жетіспеушілігі байқалады.
3.3 Күріш өнімі мен оның құрылысына топырақ тұздылығының, азотты және фосфорлы тыңайтқыштың әсері
Тұздану мен минералды тыңайтқыштардың әсері күріш өнімінің құрылымында анық көрінеді, оны 9 - кестеде келтірілген мәліметтерден көруге болады. Құрамында 0,05% CI бар топырақтағы өсімдік оның ең төменгі көрсеткіштерімен сипатталады. Бақылаушы өсімдіктерге қарағанда олар сіпсебасының ұзындығы, дәнділігіне және 1000 дәннің салмағы жөнінен артта қалады. Егер бақылаушы нұсқада сіпсебастың ұзындығы 12,5 см, дәлдігі 62 дана дән және 1000 дәннің салмағы 28,4 г болса хлорлы фонда олар сәйкесінше 11,8 см, 54 дана және 27,8 г тең болды. Оған қоса хлор бос дәнділіктің санын арттырады. Бақылаушы нұсқада ол 23%, ал хлорлы фонда - 28% құрады.
4 Экономикалық тиімділігі
Азотты және фосфорлы тыңайтқыштарды қолданудың экономикалық тиімділігін анықтау үшін тәжірибе нәтижелерін егіс жағдайларынан қарай қайта есептедік. Ол үшін вегетациялық тәжірибеде алынған өнімді келесі тәсілмен ц/га қайта есептедік:
5 Еңбекті қорғау
5.1 Егін шаруашылығында жұмысты орындау кезіндегі жағдайлар мен қауіпсіздікті сараптау (анализі)
Қазіргі ауыл шаруашылығының өндірісі әр түрлі күрделі машиналармен, құралдармен, агрегаттармен үздіксіз қамсыздандырылып отырды. Бұлармен жұмыс жасау сәйкес білімді талап етеді, ал электр энергиясын кеңінен қолдану үшін жұмысшылар, қызметкерлер мен колхозшылар электр қауіпсіздігінің сұрақтарымен толығымен танысулары керек. Ауыл шаруашылығын химиялау ұлы химикат әдістерін үйренуді талап етеді. Өйткені оларды дұрыс қолданбаса уланып қана қоймайды, сонымен қатар өрт пен жарылыс туындауы мүмкін.
5.2 Пестицидтермен және минералды тыңайтқыштармен жұмыс жасаудағы еңбек гигиенасы
Минералды тыңайтқыштармен және пестицидтермен жұмыс жасау ұйымдардағы, кәсіпорындардағы және «сельхозхимия» жүйесінің мекемелеріндегі еңбекті қорғау бойынша жұмыстарын ұйымдастыру ережелерімен регламенттеледі.
Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді қабылдау, сақтау және жіберу үшін қоймалар қолданылады. Колхоздар мен совхоздарға минералды тыңайтқыштарды олардың рельсті қоймалары немесе ерекше орналасу орындары болған жағдайда көлікпен жіберіледі.
5.3 Шаруашылықтағы өртке қарсы қауіпсіздік жағдайының сипаты
Жылу бөле және жарықтың шағылысуымен жүретін жанғыш заттар мен тотықтырғыштардың әрекеттесуінің күрделі физика-химиялық процесін жану деп атайды.
Жану пайда болу үшін өрт көзі, зат және ауада 14% жоғары оттегі болу керек.
Материалдық шығын әкелетін, басқарылмайтын жануды өрт деп атайды. Өрттің себептері әр түрлі болады. Көбінесе олар адамның кінәсінен, кейде найзағай жарқылдауынан болады.
Өрт қауіпсіздігі - өрт болмайтын объектінің жағдайы, ал өрт болған жағдайда өрттің қауіпті факторларының адамға әсерін тигізбейтін және материалдық құндылықтарды қорғау қамсыздандырылатын объектінің жағдайы.
5.4 Өрттік сумен қамсыздандыру
Селолық жерлердегі өрттік сумен қамсыздандыру жылдың кез-келген мерзімінде қажетті ағыста, 3 сағаттың ішінде өрт болған жерге суды жеткізулері керек.
Мекеменің сырттай өрт сөндіруіне кететін судың шығымы кесте бойынша есептеледі.
Ал, селолық тұрғын пунктері мен поселкелері үшін – 5,10,15 л/с. Ондағы адамдардың саны сәйкесінше 500, 5000 және 20000 адам. Құс ұяларын, тұрғын және қоғамдық мекемелерді іштей сөндіруге кететін судың шығымы 2,5-5 л/с құрайды.
Ауылдық жерлерді табиғи су қоймалары сумен қамсыздандыруы мүмкін.
Кесте 12 Ауыл шаруашылығы мекемелеріндегі орындардағы бір өртті сырттай сөндіруге кететін судың шығымы
6 Табиғатты қорғау
6.1 Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау туралы түсінік
Табиғатты қорғау мемлекеттік, халықаралық және қоғамдық шаралардың жоспарлық жүйесі болып табылады. Олар табиғи ресурстарды рационалды қолдануға, қорғауға және қалпына келтіруге, қоршаған ортаны ластанудан және адам қоғамының бұзылуынан қорғауға бағытталған.
Табиғатты қорғаудың негізгі қазіргі мақсаттары – табиғи ресурстарды рационалды және жоспарлы қолдану, қоршаған ортаны ластанудан қорғау.
6.2 Қазақстанда табиғатты қорғау бойынша негізгі шаралар
Еңбек етушілердің жаппай демалысын жоспарлы ұйымдастыруға байланысты табиғатты қорғау облысындағы жаңа мақсаттар орман суларының алдында туындайды. Қазақстанда демалыс үшін табиғи ландшафттар қолданылады. Табиғаттағы демалыс адамдардың денсаулығын жақсартып, олардың еңбекке қабілеттігін қайта қалпына келтіреді.
Қазақстанда табиғатты қорғау мемлекеттің басты мақсаты болады.
6.5 Атмосфералық ауаны қорғау
Өндірістік қалдықтар ауылшаруашылығы мәдениеттерінің және орманның өсуіне үлкен зиян келтіреді.
Ластанған атмосферада көбірек тараған және өсімдік үшін улы болатын газ – бұл күкіртті газ болып табылады (күкірттің қос тотығы). Сонымен қатар фтордың қосылыстары, хлорлы көміртек және т.с.с. Оның өсімдікке кері әсер беретіндігі туралы көптеген зерттеулер бар.