Депозиттің теориялық негізі
Жоспар
Кіріспе 4
1 – бөлім. Депозиттің теориялық негізі 7
1.1 Депозиттің экономикалық маңызы мен мәні 7
1.2 Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты 15
1.3 Қазақстан Республикасындағы салымдарды сақтандыру мәселелері 26
2 – бөлім. Қазақстан Халық Банкінің экономикалық мазмұны 36
3- бөлім. Қазақстан Республикасындағы депозиттердің ұйымдастырылуы және даму жолдары 59
3.1 Қазақстан Республикасындағы депозиттік операциялардың ұйымдастырылуын талдау 59
3.2 АҚ «Халық Банкінің » депозиттік операциялары 68
3.3 АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» депозит операцияларын дамыту жолдары 75
Қорытынды 81
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 85
Кіріспе
Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет еткендіктен, олардың клиенттері саудагерлер болып табылады. Сондықтан да, бұл банктерді «коммерциялық банктер» деп атап кеткен. Банк ісінің пайда болуы Италиядағы орта ғасырлық айырбастаушылар қызметінен басталады. «Банк» сөзі итальянша «banco» сөзінен шыға отырып, «айырбас үстелі» деген ұғымды білдіреді. Банктердің алғашқы клиенттері ақша сауда қызмет өкілдері болған.
Депозит (латын сөзінде depositium сақтауға берілген затты білдіреді) – бұл бір тұлғаның (депозиттердің) басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы. Сонымен қатар депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында қаржы нарығының келесідей сегменттері дамудың қарқынды үрдісінде: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, зейнетақы активтерінің нарығы, қор нарығы, валюта нарығы және депозиттік нарық. Депозиттік нарық ең ерте дамыған нарықтардың бірі бола отырып, қазіргі кезеңде төмен тәуекелмен салымдардың сенімді орналасуының арқасында сомалық жинақтауларда үлкен үлес салмақ пен қарқынды даму тенденциясына ие.
Депозиттік нарықтың даму үрдісінде депозиттердің қалыптасуына түрткі әрі себеп болған жинақтаулар ерекше рөлге ие болып табылады. Жинақтаулардың экономикалық категориялар ретіндегі мәні қайта бөлу функциясы арқылы жүзеге асады. Соның арқасында ақша қаражаттарының банктік жүйеде шығарылуы және олардың жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы ары қарайғы пайдаланылуы жүзеге асады. Салымдардың кез келген түрлері жинақтаулар болып табылады. Депозиттік – бұл осы жинақтауларды сақтау формаларының бірі.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Диплом жұмысына осы тақырыпты таңдап алудағы мақсатым
- Депозиттік операциялардың нысандарымен жан – жақты танысу;
- Өз көзқарасым тұрғысынан депозиттік операциялардың бүгінгі мен ертеңін дәлелдеу;
- Жұмыс қорытындысы бойынша белгілі бір пікір жасау;
Жұмыс орындарындағы міндеті мынадай
- Депозиттік операциялардың бағыты мен маңыздылығын көрсету;
- Қазақстан Республикасында депозиттік операциялардың нысандарын жүзеге асыруға талдау жасау;
Тақырып өткірлігі болып депозиттік операциялардың қазіргі нарық экономика кезеңіндегі банктік ресурстар қалыптасу көзі болып табылады.
Депозиттік операциялардың қазіргі жүйесі нарықтық қатынастарды қалыптастыру өндіріс тиімділігін арттыруға, егеменді ел – Қазақстан Республикасының экономикасымен қаржысын нығайтуға, айналымдағы ақша массасының негізсіз өнімді қысқартуға, инфляциялық үрдістерді тоқтатып ұлттық валюта – теңгенің нығаюына негізделген. Сондықтан диплом жұмыс тақырыбы өзекті болып табылады.
Әдістемелік негіз ретінде Қазақстан Республикасының Президнтінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік заң актілері мен ережелері, отандық және шет ел экономикалық әдебиеттер қолданылды.
Дипломдық жұмыс құрылымы: Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қосымшалардан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
1 – бөлім. Депозиттің теориялық негізі
1.1 Депозиттің экономикалық маңызы мен мәні
Коммерциялық кәсіпорын түріндегі басты бір ерекшелігі, оның ресурстарының едәуір бөлігі меншікті қаражаттармен қатар, тартылған қаражаттар құрайды. Сондықтан да банктің беретін несиелер көлемі тартылған қаражаттарға тікелей байланысты болып келеді. Банкте тартылған қаражаттар құрамына қарай әр түрлі болып келеді. Олардың басты түріне банктің клиенттерімен жұмыс процесі кезінде тартылған, сол сияқты басқа да несиелік мекемелерден қарызға қаражаттары жатады.
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Сырттан тартылған қаражаттар үлкен екі топқа бөлінеді:
1 – сызба. Банктің тартылған қаражаттар құрылымы.
Депозит (латын сөзінде depositium сақтауға берілген затты білдіреді) – бұл бір тұлғаның (депозиттердің) басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы. Сонымен қатар депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік операциялар – банктің негізгі пассивтік операцияларын құрайды. Шын мәнісінде депозиттер, коммерциялық банктердің еркін несиелік ресурстар нарығынан ресурстар сатып алудағы делдалдық қызметінің мазмұнын ашады.
Депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын белгілі – бір мерзімдегі немесе талап етуге дейінгі салымдарға тартуға байланысты банктің операциялары болып табылады.
Кеңес экономистері депозиттерге мерзімді салымдарға орналастырылған қаражаттарды жатқызады. Бұл әлемдік банктік тәжірибеге сәйкес келмейді.
Қазақстан Республикасының банктік секторындағы реформалар жалпы мемлекеттік экономикалық шаралармен қатар жүзеге асырылып келеді. Жүргізіліп отырған банктік реформалардың басты бағыттарының бірі – уақытша бос қаражаттарын тарту және инвестициялаудың ішкі көздерін қалыптастыруға бағытталған депозиттік нарықтың қалыптасуы мен дамуы болып табылады. [21.15-14б]
1.2 Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты
Депозиттік саясат зерттеу жұмысында салымшылар мен басқа да кредиторлардың тартылған қаражаты бойынша банктің стратегиясы мен тактикасы ретінде қарастырылып отыр және қаражат көздерінің ең тиімді комбинациясын анықтауға мүмкіндік береді. Бұндай тәсілдеме банк ресурстарының тиімді, оңтайлы комбинациясын анықтауды болжайды. Банктің депозиттік саясатын оңтайландыру - бұл күрделі көп факторлы міндет, оның шешімінің негізі біздің ойымызша елдің экономикалық қызығушылығын тұтасымен коммерциялық банк экономиканың субъектісі ретінде банктің клиенті және мамандары табылады. Олардың ынталары әрқашан біріне сай келмейтіндігі айқын. Сондықтан оңтайлы депозиттік саясат, ең алдымен, олардың мүдделерінің келісуін болжайды.Бұдан басқа, депозиттік саясат коммерциялық банктің несиелік саясатының бір бөлігі ретінде, несиелік саясат үшін тиімділіктің, оңтайлылықтың жалпы талабына бағынады-бұл өтімділік, табыстылық және тәуекелдің оңтайлы ара қатынасы.
Банктердің депозиттік саясатының мақсаты - олардың активтері мен пассивтерінің үйлесімділігі мен тиімділігін қолдау үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражаттарын тартуды оңтайлы басқару болып табылады.
Банктің депозиттік саясатының негізгі міндеттері:
- халықтың қысқа мерзімді депозиттеріне қарағанда ұзақ мерзімді депозиттерді дамыту және осының негізінде қаражаттардың тұрақты көздерін қалыптастыру;
- талап еткенге дейінгі депозиттердің баламасы ретінде карточкалық шоттарды (пластикалық карточкаларды) кезеңдер бойынша көбейту;
- клиенттерге көрсетілетін депозиттік және онымен байланысты банктік қызметтер ауқымын кеңейту;
- қаржылық және қаржылық емес салалардың клиенттерінің депозиттерін арттыру;
Банктердің депозиттік саясаты олардың тарифтік, мүдделік саясаттарымен өзара байланысты болады және келесі мәселелерді шешуге бағытталады:
- барынша аз қаржылық шығындарды жұмсап, жеке және заңды тұлғалардың бос ақшалай қаражаттарын тарту;
- ақшалай қаражаттарды шоғырландыру үшін депозиттердің жаңа түрлерін дайындау және енгізу;
- инвестицияны қаржыландыру мен несиелеу үшін депозиттердің жеткіліктілігін қамтамасыз ету;
- депозиттерге қызмет көрсету бойынша банктің шығындарын азайту және т.б.
Депозиттік саясаттың қағидалары:
1.3 – сызба. Банктің депозиттік портфелін басқарудың блок – схемасы
Клиенттердің депозиттері бойынша сыйақы пайыздық ставкасының мөлшерін банктер келесі факторларды басшылыққа алады:
- қаржы нарығының конъюктурасын;
- депозиттер нарығындағы пайыздық ставкалар деңгейін;
- банкаралық ресурстардың құнын;
- мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық деңгейін;
- инфляция деңгейін;
- қайта қаржыландыру ставкасы мөлшерін;
- депозиттердің құрылымын;халықтың табысының өсу қарқынын.
Сонымен, банк басқармасының алдында депозит бойынша пайыздық ставканы барынша нақты анықтау мен баға белгілеу әдісін таңдауда күрделі проблема туады. Баға белгілеу бұл маркетингтік қызметтің құрамдас бөлігі.
Банк басқармасы банктік тәжірибеде бар пайыздық ставканы анықтаудың әр түрлі әдістерін қолдана алады. Олардың негізгілері мыналар:
1.3 Қазақстан Республикасындағы салымдарды сақтандыру мәселелері
Қазақстандық салымшылардың коммерциялық банктерге сеніп тапсырған салымдарын қорғау проблемасы халық салымдарының жинақ банктерде құлдырауы мен жекелеген қаржылық құрылымдардың тоқырауы және қазіргі уақыттағы кейбір банктердің тиімділігінің болмау нәтижесінде туындап отыр. Қазіргі коммерциялық банктердің клиенттік құрылымында жекелеген тұлғалардың салымшылар саны өсуде, халықтың салымдарының мөлшерлері көбеюде және осыған байланысты депозиттерді қорғауды жетілдіру қажеттігі де туындады. Ұлттық банктің тарапынан жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру және сақтандыру қоры бойынша жүйенің тиімді жұмыс атқаруына бағытталған шаралар жүргізілуде. Бірақ аталған жүйенің дамымаған жерлері мен аяқталмаған тұстары бар және жетілдіру үшін біздің шаруашылығымызда шетелдік тәжірибені ескеруіміз керек. Көптеген елдерде салымдарды сақтандыру мен кепілдендірудің көптеген жүйелері қызмет атқарады, олардың тәжірибесін біз өз еліміздегі осы тектес жүйені жетілдіруге пайдалануымыз керек.
2 – бөлім. Қазақстан Халық Банкінің экономикалық мазмұны
Халық Банкінің тарихы – бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы. «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.
Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым – қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің бөлімшесі ашылды. Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі төрт жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335 – ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт фабрикалардың өзінен, колхоз - совхоздарда, байланыс мекемелері мен кәсіпорындардан ашу қолға алынды.
3- бөлім. Қазақстан Республикасындағы депозиттердің ұйымдастырылуы және даму жолдары
3.1 Қазақстан Республикасындағы депозиттік операциялардың ұйымдастырылуын талдау
Жинақ кассаларының жалпы жүйелік жобасы 1826 жылы пайда болды. Бұл мекемелер алғашында 1775 жылдары барлық губернияларда және уездік қалаларда қайырымдылықты дамыту үшін құрылған болатын. Оған жинақталған қаражатқа ауруханалар, мүгедектер үйі, жетім балалар үйлері жабдықталатын болған.
Кейіннен қаржы жүйесінің даму нәтижесінде 1860 жылы мемлекеттік банк құрылды, оның бөлімшелер торабы Қазақстан территориясында да, құрыла бастады. Мемлекеттік банктің бірінші бөлімшелері Орал, Петропавловск, Семей және Верный қалаларында құрылды, жинақ, несиелік – есеп айырысу операциялары жүргізілген. Ұсақ салымшыларға қызмет көрсетілетін, салымдар жалпы негізде алынатын, ал қаржыларды қайтару және ұсақ несие беру орталық касса есебінен жүргізілетін, яғни қаражат осының есебінен алынатын болған.
Үкімет тартылған қаражаттардың сақталуын қамтамасыз етті, кассалар салым құпиясын сақтауға міндеттенді. Клиенттерге шот ашылып, жинақ кітапшасы берілетін болды, сонымен қатар ай сайын пайыздар есептелініп тұратын. Егер шотта 30 жыл аралығында қозғалыс болмаған жағдайда салым мемлекет пайдасына алынатын болды.
Біртіндеп Қазақстанның несие Ресей империясының несиелік жүйесінің құрамдас бөлігі болды. Осы кезеңде үш деңгейлі несие жүйесі болды: бірінші деңгей – мемлекеттік банк, екінші деңгей – банк секторы, үшінші деңгей – мамандандырылған несие институттары. Бұл көбінесе жинақ және коммерциялық банктер.
3.2 АҚ «Халық Банкінің » депозиттік операциялары
Қазақстанның банк саласының бүгінгі күнгі даму үрдісі тұрлаулы әрі тұрақты түрде нығайып келе жатқан жүйе ретінде сипатталады. Банктік қызметте кез келген көрсеткіш клиент сеніміне әсер ете алады. Халық Банкі ірі қаржылық мекеме үшін объективті сипаттама ретінде бөлшек бизнес саласындағы көрсеткішті алуға болады. Банкке ақшасын салған салымшылардың саны мен депозит қоржынының көлемінен - ақ клиенттің банкке деген көзқарасы бірден байқалады. 2001 жылы еліміздегі барлық банктер бойынша алғандағы жалпы көрсеткішке сәйкес тұрғындар салымының көлемі миллиардтық шектен асқан болатын. Ал бүгінгі күнгі жағдай мүлдем басқаша, Халық Банк өзінің Қазақстандағы жеке тұлғалармен жұмыс істейтін ірі қаржылық мекеме ретіндегі мәртебесін дәлелдей отырып, банкке салынған тұрғындар депозиттері бойынша рекордтық көрсеткішке – 1 млрд.АҚШ долларынан асатын көлемге қол жеткізді.
Халық Банкінің депозиттерінің негізгі тоғыз түрі бар:
3.3 АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» депозит операцияларын дамыту жолдары
Қазақстан Республикасы қаржы нарығының дамуын қоғамдық қайта өндірудің макроэкономикалық пропорцияларына экономикалық әдістермен ықпал етуге мүмкіндік беретін ақша-несиелік реттеу мен ақша-несиелік қатынастардың жаңа механизмін құрмай, несиелік қатынастардың әдістерін жетілдірмей, банктердің ролін көтермей жүзеге асыру мүмкін емес.
Халық Банктің тиімді қызмет етуі үшін, біріншіден, банктік қызмет нарығын тұрақты зерттеу және болжау, екіншіден, банктік қызметті жан-жақты жоспарлау қажет.
Жанданған бәсекелестік жағдайында Халық Банкі ілгерілеу үшін халықаралық стандарттар мен технологияларға сәйкес автоматтандырылған ақпараттық басқару және мәліметтерді өңдеу жүйесін қолдау керек, базалық технологияларды жетілдіру жолдарын іздеуі қажет, сондай-ақ жаңа банктік құралдар енгізуі керек. Банктік операцияларды модельдеу, талдау және бағалаудың маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады.
Депозиттік операцияларды Халық банкі қызметінің маңызды түрі ретінде қарастыра отырып, оны жүзеге асырудағы негізгі мақсат неғұрлым аз бағамен неғұрлым көп депозит тарту екендігін алға қою керек. Осы мақсатты сәтті орындау келесі міндеттерді орындауға мүмкіндік береді:
Қорытынды
Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасының банктік секторындағы реформалар жалпы мемлекеттік экономикалық шаралармен қатар жүзеге асырылып келеді. Жүргізіліп отырған банктік реформалардың басты бағыттарының бірі, уақытша бос қаражаттарды тарту және инвестициялаудың ішкі көздерін қалыптастыруға бағытталған депозиттік нарықтың қалыптасуы мен дамуы болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез келген адам үшін қаражаттарын орналастырудың көптеген әдістері бар: банктік жүйеде және басқа да қаржылық мекемелердегі депозитке салу, өзін өзі жою дәрежесі жоғары мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу, кәсіпорындардың түрлі акцияларын иемдену тағы басқа. Ақыр соңында осы салынған қаражаттардың өндірістің дамуы мен экономиканың жақсартылуына әрекеттесу факторы ретінде қалыптасуы өте маңызды. Республикамыздағы нарықтық өзгерістер мен экономикалық тұрақтылықтың болашағы еліміздегі бүкіл ақша ресурстарының 80% - ы шоғырланған депозиттік нарықтың тұрақты және тиімді дамуымен байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы» Заңы. №2444 31.08.95жылғы (07.07.06 толықтырулар мен озгертулер енгізілген);
2. «Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Заң күші бар жарлығы1995 жылғы 31 тамыздағы. (соңғы өзгерістер мен толықтыруларды есепке алғандағы).
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» нормативтік актілері. 21. 1998ж. №242.
4. «Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы» Заңы 13.12.1997ж.
5. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы №237 - 1 «Төлем және ақша аудару туралы» Заңы (толықтырулар, өзгерістерді қоса).
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің статистикалық бюллетені 2005ж.
7. Ақпеисов Б. Вклады населения и их защита // Банки Казахстана №9 2000ж
8. Алдабергенова А. С. Депозиты как показатель доверия банковской системы // Экономическое Обзрение НБ РК №2 2001ж
9. Алимухамбетов Н.Е. Как защищены средства вкладчиков и кто несет ответственность за их сохранность // Банк №6 2000ж
10. Ауезов О. Когда деньги работают //ДН №23 2000ж
11. Банки и банкоское дело / Под ред. Балабанова. Алматы 2001ж
12. Банковские операции . оқу құралы под ред. Лаврушина О.И. 1995ж
13. Делан Э.Дж. Кэмпбелл Р.Дж. «Деньги банковское дело и денежно – кредитная политика» литература 1991ж
14.Жакыпова Ф.П. Некоторые аспекты депозитной политики казахстанских банков //Вестник КазГУ №2 2000ж.
15. Жакыпова Ф.П. Развитие депозитного рынка в Республике Казахстан: Основные тенденции и перспиктивы// Вестник КазГУ №2 2001ж
16. Интернет – сайт ОАО «Народный Банк Казахстана»// www .hsbk .rz.
17. Исанова А.У. Формирование и развитие депозитного рынка в Республике Казахстан//Социально – экономические процессы в современном Казахстане в контексте реформ: материалы межвузовской студенческой коференции «Жас – Туран – 2000» Алматы 2000ж
18. Ильясов К.К. Финансово – кредитные проблемы развития экономики Казахстана//под ред. – Алматы: Білім 1995ж
19. Куанова Г.А. Депозиты в банковской системе Казахстана.//Саясат №6 2004ж
20. Куанова Г.А. Теоретические основы развития депозитного рынка// Евразийское сообщество №3 2001ж
21. Кудайбергенова Л.Ж. Формирование и развитие депозитного рынка в Республике Казахстан//Экономические реформы: особенности переходного периода: сборник научных трудов Алматы 1999ж