Төлем балансы
Жоспар
1 Төлем балансы 3
1.1 Төлем балансы түсінігі 3
1.2 Ағымдығы опреациялар шоты 8
1.3 Капитал және қаржы құралдарымен байланысқан операциялар шоты 12
1.4 Шет ел валютасының ресми резервтерінің өзгерісі 15
Әдебиеттер 16
1 Төлем балансы
1.1 Төлем балансы түсінігі
Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) анықтамасы бойынша, төлем балансы дегеніміз белгілі бір уақыт мерзімінде бір елді әлемнің басқа елдерімен арасында болған сыртқы экономикалык операциялар бойынша жүйеленген жалпы мәліметтері көрсетілетін статистикалық тізімдемесі. Төлем балансы резидент еместерге берілген төлемдерді ғана емес, олардан келген түсімдерді де тіркейді.
Төлем балансының құрылуы мен бағалануы Халықаралық валюта Қорының әдістемесі (төлем балансын құру бойынша нұскау, ХВК 5-басылымы 1993 ж.) негізінде стандартталған есептеу ережелері мен анықтауларына сәйкес жүзеге асырылады.
Төлем балансын құру мен анықтамаларының негізгі ережелеріне:
Алманияда төлем балансы тұрғысынан резиденттерге шаруашылық мүдделерінің ортасы осы елде орналасқан, ұлттық нышаына қарамай, жеке және құқықтық тұлғалар жатқызылады. Осыған байланысты ГФР резиденттеріне ел азаматтары ғана емес, сол елде іс-әрекетін жүзеге асырып жатқан кәсіпкерлер де жатады.
Қазақстанда резиденттер қатарына:
1.2 Ағымдығы опреациялар шоты
Операциялар нақты (тауарлар, қызмет көрсетулер, табыс, өндірістік емес және қаржылық емес активтер) және қаржылық ресурстарымен жүргізілетін операцияларға бөлінеді. Ұлттык, есептер жүйесіне сәйкес операциялар мынандай түрлерге бөлінеді:
1.3 Капитал және қаржы құралдарымен байланысқан операциялар шоты
Енді капиталдар мен операциялар және қаржы операциялар есебін қарастырайық. Ол негізгі екі категориядан: капиталды және қаржылык есептерден тұрады. Капиталды есепке капиталды трансферт пен өндірістік емес, бейқаржылық активтер операциялар енеді. Өз кезегінде қаржы есебі халықаралық инвестициялық жағдайды өзгертетін барлық операциялардан тұрады.
Капиталды есептің негізгі құрамдас бөлігі болатын капиталды трансферттерге мүлікке, негізі қорларға меншік құқығын қайтарымсыз беру мен борыштарды кешіру кіреді.
1.4 Шет ел валютасының ресми резервтерінің өзгерісі
Резервті активтер қаржылық шоттың басқа баптарына қарағанда, мемлекеттің тікелей бақылауында болады және онымен экономикалық саясаттың мақсаттарына жету үшін пайдаланылуы мүмкін.
Резервті активтер — елдің халықаралық жоғары өтімді активтері, олар үкімет немесе ақша өкіметінің бақылауында болады және қай кезде болсада төлем балансының тапшылығын қаржыландыруға және ұлттық валюта бағамын реттеуге қолданылуы мүмкін.
Әдебиеттер
1. Киреев А.П. Международная экономика: В 2 ч.: Ч. 1: Международная микроэкономика: движение товаров и факторов производства. Учеб. пособие. М.: Междунар. отношения, 1997, 416 с.
2. Киреев А.П. Международная экономика: В 2 ч.: Международная макроэкономика: открытая макроэкономика и макроэкономическое программирование. Учеб. пособие. М.: Междунар. отношения, 1999. 488 с.
3. Кругман П., Обстфельд М. Международная экономика. Теория и политика: Учебник для вузов/Пер. с англ. Под ред. В.П. Колесова, М.В. Кулакова. М.: ЭФ МГУ, ЮНИТИ, 1997. 799 с.