Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 26 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және формалары. ҚР кәсіпкерліктің дамуы


Жоспар
Кіріспе 3
Тарау – 1. Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны формалары және түрлері 4
1.1 Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері 4
1.2 Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері 5
Тарау – 2. Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның (фирманың) қызметі мен мінез-құлқы 8
2.1 Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты 8
2.2 Мемлекеттік кәсіпкерлік және макроэкономикалық реттеудің бағдарламасы 19
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер 26

Кіріспе

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Ол былай деп айтқан «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Кәсіпкерлік терминін алғаш рет айналымға енгізген ағылшын ғалымы Ричард Кантильон болды. Бұл ағымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.

Тарау – 1. Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны формалары және түрлері

1.1 Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері

Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр. Алайда рынок атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады.
А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.
Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.
Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.

1.2 Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері

Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық, қаржылық, делдалдық және сақтандыру болып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік технологиясы болады.
Өндірістік кәсіпкерлікке – тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған қызметтер жатады.
Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделілік өрісі едәуір түрліше және оны іске асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп мөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.

Тарау – 2. Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның (фирманың) қызметі мен мінез-құлқы

2.1 Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты

Нарықтық экономикада кәсіпорынның (фирманың қызмет жасауы үнемі айқын сыздықпен және тәуекелмен байланысты. Сондықтан да кәсіпорын жайлы мыңдаған мінез-құлық теорияларынан ерекше мәнге ие теориялар – ол нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның мінез-құлқын қарастыратындары болып табылады.
Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның мінез-құлқы. Кәсіпкерлік қызметте тәуекелсіз нәтижеге жету мүмкін емес. Егер басшы тәуекелге бой ұрмаса, онда ол түбінде банкрот болады. Менеджментте, егер кәсіпкер тәуекелділік шешімнен қашқақтайтын болса, онда оны ұйым үшін қауіпті әрі тоқырауға алып барады деп есептеген.

2.2 Мемлекеттік кәсіпкерлік және макроэкономикалық реттеудің бағдарламасы

Қоғамдық санада кәсіпкер – бұл тек адам, индивидиум деген пікір берік орныққан. Нарық қатынастарының құрылуы және даму практикасы мемлекеттік қоғамдық мүдделер үшін белсенді кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатынын көрсетті. Мемлекет қызметтің кәсіпкерлік саласына ерте қосылады, соғұрлым өтпелі экономиканың ұзақтығы қысқа, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметтің әріден ойластырылған дағдарысқа қарсы және инфляцияға қарсы бағдарына бола нарық экономикасы тиімді дамиды, соғұрлым мемлекетте халықаралық инвестициялық азуал өте жақсы, соғұрлым әлемдік экономикада осы мемлекеттің мәртебесі биік болады.

Қорытынды

Кәсіпкерлік – кәсіпорынның басшылары мен мамандарының шаруашылық қызметінің бір тұтас бөлігі. Ол экономиканың қызметінде ең белсенді нысанының бірі болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметінің көптеген түрлерінің ішінен негізінен төртке топтастыруға болады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, консультативтік.
Өндірістік кәсіпкерлік өнімді өндіруге, жұмыс істеуге және қызмет көрсетуге, жинауға, өңдеуге және ақпарат беруге, рухани байлықты жасауға бағытталған қызмет.