Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сақтандыру

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 47 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму жағдайына талдау

Жоспар
Кіріспе 3
1 Сақтандырудың экономикалық мәні 6
1.1 Сақтандырудың экономикалық мәні, мазмұны, даму тарихи аспектісі 6
1.2 Сақтандырудың түрлері, нысандары және ұйымдастыру ерекшеліктері 11
1.3 Америка Құрама Штатының сақтандыру нарығының дамуы 14
2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму жағдайына талдау 17
2.1 Сақтандыру ісін ұйымдастырудың құқықтық негіздері 17
2.2 Қазақстандық сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметі 25
2.3 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау 31
3 Қазақстан Республикасының сақтандыру саласының мәселелері және оларды шешу жолдары 37
3.1 Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелер 37
3.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелерді шешу жолдары 39
Қорытынды 44
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 47
Қосымша

Кіріспе
Соңғы кездері Қазақстанның саяси -экономикалық және қоғамдық өмірінде болып жатқан сан - алуан өзгерістер іскерліктің көптеген түрін тудырып, оларды жүзеге асырумен қоғамды жанталастыруда. Шетелдіктердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, олардың капиталдарының нығаюының бір көрінісі - ол сақтандыру нарығының дамуы болып табылады. Сақтандыру нарығы тек жеке капиталды ғана емес елдің макроэкономикалық көрсеткіштеріне де әсерін тигізуде. Мысалға, сақтану дәрежесі оның сақтанушысының мәртебесін көрсетеді. Тіпті, қазіргі кезде шетелдегі сақтандыру түрлері көптігі соншалық, соған орай олардың тұтынушыларының көлемін де көрсетеді. Біздің елімізде сақтандыру 90 жылдары дами бастап, сол жылдары сақтандыру компаниялары ашыла бастады. Бірақ өкінішке орай сол кезде олардың дамып кетуін тежеген - заңнаманың нашар дамуы болды. Олардың заңнамасы тұрақты емес, әр жыл сайын өзгеріс енгізілуде, не үкімет тарапынан еш жағдай қарастырылмаған, тіпті сақтандыру саласының дамуын көздейтін бағдарламалар жасалынбаған. Тақырып осы аталған және курстық жұмыстың барысында әлі де қозғалатын мәселелермен өзекті болып келеді.

Курстық жұмыстың міндеттері:
1. «Нарық жағдайында сақтандырудың рөлі мен маңызы» атты тақарапты кешенді, әрі жан - жақты танып білу;
2. Сақтандыру нарығы жөнінде жалпы түсінікті қалыптастыру;
3. Шетел сақтандыру нарығын мысалға келтіре отырып, оны бізге тәжірибе жүзінде енгізуді көрсету;
4. Олардың түрін ажыратып, ұйымдасу принциптерін зерделеу;
5. Сақтандыру нарығына талдау жасау;
6. «Династия» өмірді сақтандыру компаниясының мысалында еліміздегі сақтандырудың экономикалық маңызын көрсету;
7. Қазақстандағы сақтандыру нарығының мәселелерімен танысу сол мәселереді болдырмау жөнінде іс - шараларды қарастыру.
Нарықтық экономика шарттарында сақтандыру қаржылық тұрақтандырушы рөлін атқарады. Өйткені ол қоғамда немесе табиғатта болып жатқан олқылықтардың орнын толтырушы болып келеді. Сақтандырушы сақтанған адамға қысылған уақытында қол ұшын беріп, көмек көрсетеді. «Сақтансаң - құдай сені сақтар» деген сөз бекер айтылмаған. Бұл сөзде құдай рөлін - сақтандырушы ойнайды. Сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы байланысты сақтандырушылық қатынас деп атаймыз.
Қоғамдық - экономикалық қатынастар жүйесінде өзіне тән бөлімдеріне байлансты, көптеген құбылыстарға байланысты бөлінеді. Ол құбылыстармен курстық жұмыстың бірінші бөлімінде танысуға болады.
Бұл қатынастар табиғат пен адамның арасында объективті қарама -қайшылықтың бар болуымен байланысты және қоғамдық өндіріс барысында тәуекел болатын құбылыстар көптеген жағдайларда көзделмеген сипатқа ие болады. Үздіксіз қоғамдық өндірістің объективті талаптары, бір жағынан мұндай құбылыстардың жағымсыз нәтижелерінен қорғану қажеттілігінен, екінші жағынан бұл құбылыстар әсерінен шығындардың (жоғалтулардың орнын толтыруын қажет етеді) болуын туындатады.
Сондықтан қоғамда, жеке өндірушілерде, олардың топтарында (салалық немесе аумақтық) қажетті қаражаттармен жабдықтау, табиғи - заттай запастар немесе резервтер, сонымен бірге өндіріс процесін жалғастыру мақсатында оларды сатып алу үшін ақша ресурстарының бар болуы керек, сондай - ақ азаматтардың жекелеген категориясының өмір сүру деңгейін тұрақты ұстау керек.
Мұндай ақша - қаражаттары сақтандыру және резервтік қорлар түрінде құрылады.
Ал сақтандырудың түрлерімен және ұйымдасу принциптерімен курстық жұмыстың барысында танысуға болады. Сонымен қатар курстық жұмыста АҚШ мемлекетінің сақтандыру нарығы мысалға алынып, қарастырылған.
Екінші бөлімінде еліміздегі сақтандыру нарығына талдау жасалып, заңнамалық құжатымен танысуға болады. Қазақстанда жұмыс атқарып отырған «Династия» өмірді сақтандыру компаниясы мысалға алынып, оның экономикалық маңызы көрсетілген.
Ал үшінші бөлімде сақтандыру нарығындағы мәселелер және олардың шешу немесе болдырмау жолдары қарастырылған.

1 Сақтандырудың экономикалық мәні
1.1 Сақтандырудың экономикалық мәні, мазмұны, даму тарихи аспектісі
Адам мүлікке ие болғанннан бастап, оның сақталуына, апатқа ұшырауынан қауіп қатер төне бастады. Сондықтан өз мүліктерін сақтау үшін адамдар тәуекелді ықтымақты және өзара бөлу жолдарын іздестірді. Адамдар мүлікті сақтау үшін алуан түрлі қорлар құрыла бастады. Ең алғашқы сақтандыру бастамасы ежелгі Гректер мен Вавилондар да пайда болды. Ең алғашқы сақтандыру полисі 1584 жылы Триполь және Марсель қала арасындағы жүкті сақтауды қамтамасыз ететін 5% мөлшерінде алынып отырды. Сақтандыру - қоғамның эканомикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі.

1.2 Сақтандырудың түрлері, нысандары және ұйымдастыру ерекшеліктері
Сақтандыру қызметі - сақтандыру ұйымдарының сақтандыру шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынандай сатыларды қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; медициналық сақтандыру; көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су көліктерін) сақтандыру; жүктерді сақтандыру; мүлікті сақтандыру; кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық - құқықтық жауаптылығын сақтандыру; шарт бойынша азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақтандыру; зиян келтіргені үшін азаматтық- құқықтық жауаптылықты сақтандыру.
Жоғарыда аталып өткендей сақтандырудың өзіне тән қасиеті бар және де сол қасиеттерге байланысты бөлініп, әр түрлі әдістер мен ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты жұмыс атқарады.

Жалпы сақтандыру 4 салаға бөлінеді.( Қосымша А)
Жалпы сақтандыру жүйесінің дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады.
Сақтандырудың экономикалық мәніне осы категорияның қоғамдық мақсатының сипатталуы ретіндегі қызметтері сәйкес келеді. Бөлу қызметі: оның ерекшелігі - ол қайта бөлу ретінде қатысады. Ол ескерту қызметіне қосылады, мысалы, сақтандыру жағдайының бөлу мүмкіншілігін ескерту шараларын қаржыландыру жолымен болдырмау. Жеке сақтандыруда бөлу қызметі жинақтау қызметіне қосылады. Бақылау қызметі сақтандыру қорының мақсатты қолдануы мен сақтандыру қорының мақсатты төлемдерінің жұмылдыруын қамтамасыз етуі бойынша нақты қатынастарда көрінеді.

1.3 Америка Құрама Штатының сақтандыру нарығының дамуы
Америка Құрама Штаттары (АҚШ) қазіргі кездегі сақтандыру нарығы өздерінің түрлері мен көлемі бойынша күллі әлемде өзіне теңін таба алмайтын шығар.
Қазіргі кезде АҚШ монополиялары бүкіл әлемдегі сақтандыру нарығының 50 % бақылап отыр. Тек АҚШ өзінде ғана 10 мыңға жуық сақтандыру компаниялары бар, соның ішінде 8 мыңға жуығы мүліктік сақтандыру бойынша жұмыс жасайды. АҚШ өзіміз білетіндей әрбір штаттың өзіне тән заңнамалық құжаттары бар, сол сияқты сақтандыру саласында да әрбір штаттың өзіне тән сақтандыру жөніндегі заңнамалық құжаттары бар, сондықтан сақтандыруды бақылайтын жалпы мемлекеттік немесе федералдық орган жоқ.

2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму жағдайына талдау
2.1 Сақтандыру ісін ұйымдастырудың құқықтық негіздері
Біздің елімізде де сақтандыру саласын заңмен реттеп отыратын жалпыға бірдей Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі болып табылады. Азаматтық кодекске жыл сайын әртүрлі өзгерістер болып тұратындықтан ол өзгерістер сақтандыру саласын да тимей кетпейді.

2.2 Қазақстандық сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметі
Сақтандыру комланиясының қаржылық-шаруашылық қызметінің маңызды бағыты сақтандыру резерві және меншік капиталының қаражаттарын инвестициялау болып табылады. Жинақтаушы сақтандыру арқылы жиналған сактандыру сыйақысының бір бөлігін инвестициялау сақтандыру келісім-шарттарын орындаудың қажетті элементі. Сақтандырудың тәуекелді түрлері ең алдымен мүліктік тәуекелден сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақысын инвестициялау табыстың қосымша және елеулі көзі болып табылады.

2.3 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау
2004 жылдың өзінде сақтандыру ісін жүзеге асырған 32 сақтандыру ұйымы болды. Соның ішінде өмірді сақтандыру - 1, ҚР резидент емес компаниялар — 6, яғни 2002 жылмен салыстырғанда 3 компанияға көбейді.
Осы жылдың ішінде сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 65,6 % , 20,7 млрд теңгеге, жиынтық есептік меншік капиталы 47,3 % , 9,0 млрд теңгеге, сақтандыру резервтері 66,7 % , 4,5 млрд теңгеге өсті.
Сақтандыру сыйақылары бір жылдың ішінде 27, 1 % өсіп, 28, 9 млрд теңгені құрады, соның ішінде міндетті сақтандыру бойынша 136,4 % - 2,8 млрд теңгеге, ерікті жеке сақтандыру 45,2 % - 2,8 млрд теңгеге, ерікті мүліктік сақтандыру 18,6 % - 23,3 млрд теңгеге ұлғайды. Сақтандыру төлемдерінің көлемі 80 % өсіп, 4,2 млрд теңгені құрады, соның ішінде міндетті сақтандыру 73.5 % - 1,3 млрд теңгеге, ерікті жеке сақтандыру 68,6 % - 1,0 млрд теңгеге, ерікті мүліктік сақтандыру 92,5 % - 1,9 млрд теңгеге өсті. (Қосымша Б)

3 Қазақстан Республикасының сақтандыру саласының мәселелері және оларды шешу жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелер
Қазақстанда жұмыс істеп тұрған сақтандыру ұйымдары санының көптігі мен жалпы көрсеткіштерінің өсуіне қарамастан, Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы эканомикада және халықтың өмірінде элі маңызды ролге ие болған жоқ әрі өзінің бастапқы даму сатысында тұр деген қорытындыға келуге болады.
Бүгінгі күні сақтандыру қызметінің сапасы төмен болып отыр, ал олардың тізбесі көптеген сақтандыру ұйымдарында негізінен ең аз шамада күш-жігер мен шығын жұмсай отырып, клиенттер тарту мүмкіндігі болатын міндетті сақтандыру түрлерімен шектелген.
Отандық сақтандыру компанияларының ірі шығынының орнын жабу жөніндегі қаржылық мүмкіндіктері де қанағаттанарсыз, бұл сақтандыру ұйымдарын капиталдандыруды арттыру мен оларды ірілендіру туралы мәселені шешуді талап етеді. Қазақстанның қаржы регионының басқа бөліктердегі регионалдау тәжірибесі көрсеткендей, дәрменсіз қаржы ұйымдары индустрияның кейбір міндеттерін шеше алмайды және олардың халақаралық стандарттарға қол жеткізу айтарлықтай шектеулі.

3.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелерді шешу жолдары
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты - мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердІң мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толықтыруды орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру.
Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтандыру қызметі нарығын саналы жаңа деңгейге көтеру жөніндегі шаралар әзірлеуді және кезең-кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мұндай міндеттерді шешу көзделді:

Қорытынды
Сақтандыру - қоғамның эканомикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі.
Сарапшы мамандардың пайымдауынша, эканомикалық қатынастардың жаңа жүйесін өткеннен кейін шығынды өтеудің тиімді механизмі әрі табыс көзі ретінде сақтандыруға деген объективті қызығушылығын арттыруға тиісті болатын.
Сақтандыру мемлекетік саласының бір қатар мәселелерін шешуге және эканомикаға инвистиция салуға жәрдемдеседі. Сақтандыру компаниялары ел эканомикасына нақты ішкі инвесторлар бола алады.
Сақтық қызметі сақтық ұйымы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады. Бұл қызметтен басқа ол қызметтін мынадай түрлерін: уәкілетті мемлекеттік органнның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тіртіппен инвестициялық қызметті; сақтандыруға тиісті жинақтаушы сақтық шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді; сақтандыру ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды; ақпарат берілімдерінің кез-келген түрінде сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды; бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасауға байланысты келіп түскен мүлікті сатуды немесе жалға беруді; сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді; сақтандыру саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқуды ұйымдастыру мен жүргізуді; сақтау агенті ретінде сақтандыру делдалы болады; консорциум немесе жай серіктестік құруға қатысуға құқылы.
Біздің елімізде де сақтандыру саласын заңмен реттеп отыратын жалпыға бірдей ҚР Азаматтық Кодексі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. ҚР Азаматтық кодексі «Сақтандыру туралы заң» 2003 жыл.
2. Сақтандыру іскерлігі жөніндегі Заң 2002 жылдың 15 шілде.
3. Худянов А. «Страховое право РК» // Жеті Жарғы - 1997 -24-6
4. Ильясов Қ.Қ. «Қаржы», оқулық. Алматы 200 5 жж 394 - б.
5. Қ. Жүйріков, И. Назарова, Р. Жүйріков «Страхование в зарубежных странах», оқулық Алматы 2000жж «БИС»
6. Шаханов В. Страхование - М. « ЮНИТИ» 1997 - 311 - с
7. Шахов В. Страховое дело. М. «БГУ» 2001- 286 - б.
8. «Финансовый рынок за 2003 год» //Банки Казахстана, 2003 жж, №2,
9. «Состояние финансового рынка итоги 2004 года» // Банки Казахстана №2, 2005 жж, 6-6.
10. Ю.«Итоги 2005 года финансового рынка» 2006 жж, №2, 3 - б.
11. 11.Л. Узбаканова «Этапы становления страхового рынкаКазахстана»
12. // Қаржы - Қаражат 2005 жж №5, 66-6 12.К. Айтбай «Страхование вкладов: о чем следует знать» // Қаржы -Қаражат 2003 №3, 60 - б ІЗ.К. Хасенова «Экономические основы страхования жизни» //Қаржы -Қаражат 2005 жж № 3,18 б.
13. Ж. Исингарина «Страхование валютного риска как составной элемент банковской деятельности» // Қаржы - Қаражат 2003 жж, №2, 25 - б. 15.Жолдасбаев С. «Халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша көзі» // Егемен Қазақстан 2004 - 16 – желтоқсан
14. Жолдасбаев С. «Әлеуметтік қолдаудың әлеуетті тетігі» // ЕгеменҚазақстан - 2006 - 10 - ақпан - 3 - б
15. Исаханов П. «Шетелдердегі әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік сақтандыру жүйесінің дамуы» // Қаржы - Қаражат - 2004 - №6 65-6.
16. Қайырбеков X. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» // Егемен Қазақстан -2003 - 5 - мамыр.
17. Уманов Б. Страховой рынок РК: проблемы и перспективы // 4 Конгресс Финанасистов Казахстана - 2004 - қараша РЦБК - №4 2004 жж
18. А. ӘшІмбаева «Медициналық сақтандыру - денсаулық саласына қажетті көзі ретінде» // Аль - Пари №2-3 2002 - 66 - 69-6.
19. И. Сатубалдин «Страхование от компьютерных преступлений в банковской сфере» //Банки Казахстана №4, 2005жж, 20 - б.
20. Мельников А. «Инвестиционное поведение населения и отношение к страхованию вкладов» // Банки Казахстана №8, 2005 жж, 46-6.
21. Мустафин М. «Математическое обоснование тарифов по страхованию риска» // Банки Казахстана №9, 2004жж, 41-6.