Коммерциялық және өзге ұйымдарға қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар
Жоспар
1 Коммерциялық және өзге ұйымдарға қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар 3
1.1 Өкілеттіктерді асыра пайдалану (228-бап) 3
1.2 Жеке нотариустардың және аудиториялардың өкілеттіктерді теріс пайдалануы (228-бап) 4
1.3 Жекеше күзет қызметі қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы (230-бап) 6
1.4 Коммерциялық сатып алу (231-бап) 7
1.5 Міндеттеріне адал қарамау (232-бап) 9
Әдебиеттер 11
1 Коммерциялық және өзге ұйымдарға қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар
1.1 Өкілеттіктерді асыра пайдалану (228-бап)
Қазақстан Республикасында іске асырылып жатқан нарықтық қатынастар белгілі бір талаптарға сай жүзеге асырылады. Нарықтық қатынастардағы мұндай талаптарға нарыққа қатысушыларды құқықтық ережелермен қамтамасыз ету, оларға шешім қабылдауға еріктілік беру, оның нәтижесі үшін жауаптылық белгілеу жатады.
1.2 Жеке нотариустардың және аудиториялардың өкілеттіктерді теріс пайдалануы (228-бап)
Жеке нотариустар мен жекеше аудиторларға кәсіпкерлік қызметпен шұғыл-дану құқығын беру қылмыстың мүлдем жаңа құрамы пайда болуына әкеп соғады. Бұл қылмыс құрамының қоғамға қауіптілігі-жекеше нотариус немесе жекеше аудитор заң бойынша өздеріне берілген өкілеттіктерді өз қызметінің міндеттеріне қайшы және өздері немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда табу және артықшылық алу үшін немесе оларға зиян келтіру мақсатында пайдаланып, өздерінің заңсыз әрекеттері арқылы азамат-тардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне немесе қоғамның, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруінде болып табылады.
1.3 Жекеше күзет қызметі қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы (230-бап)
Жекеше күзет қызметі басшысының немесе қызметшісінің лицензияға сәйкес өздеріне берілген өкілеттіктерін өз қызметінің міндеттеріне қарамастан асыра пайдалануы, егер бұл әрекет күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалса ҚК 230-бабында көрсетілген қылмыс құрамына жатады.
1.4 Коммерциялық сатып алу (231-бап)
Қылмыстық кодекстің 231-бабының бірінші бөлігінде «коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерін атқаратын адамға заңсыз ақша, бағалы қағаздар немесе басқа мүлік беру, сондай-ақ оның өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесіне пайдалануы үшін оған мүліктік сипаттағы заңсыз қызмет көрсету-коммерциялық сатып алу (пара беру деп белгіленген.
1.5 Міндеттеріне адал қарамау (232-бап)
Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерін атқарушы адамның қызметіне адал қарамауы немесе енжар қарауы салдарынан өз міндеттерін атқармауы немесе тиісті дәрежеде атқармауы, егер бұл адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса-міндеттеріне адал қарамау деп танылып, жауапқа тартылады.Қылмыстың тікелей объектісі-коммерциялық немесе өзге ұйымның бірқалыпты басқару қызметтерін реттейтін қоғамдық қатынастар. Объективтік жағынан міндеттеріне адал қарамау мына белгілер арқылы сипатталады.