Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әлеуметтану

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 7 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қоғамның әлеуметтік - демографиялық құрылымы


Жоспар

1 Қоғамның әлеуметтік - демографиялық құрылымы 3
1.1 Халық қозғалысының әлемдік көрсеткіштері 5
Әдебиеттер 7

1 Қоғамның әлеуметтік - демографиялық құрылымы

Қоғамның әлеуметтік құрылымында елеулі орнын әлеуметтік-демографиялық «өлшемдер» алады, оған келесі тұрғындар құрылымы жатады: жыныс-жастық, отбасылық және генетикалық. Бұл құрылымдар бөлек территория бойынша, тұрғындардың қалыптасуы мен ұдайы өсу үрдісінің нәтижесі мен шарттары болып табылады. Әлеуметтік-демографиялық құрылым бұл - туу, өлу, некелесу, ажырасу, қала мен ауыл мекендері арасындағы тұрғындардың миграциялық алмасу сияқты құбылыстардың статистикалық параметрлері болып белгіленеді.
Белгіленген құрылымның әрқайсысы тұрғындарды келесі белгілер бойынша құрамын сипаттайды: жынысы, жасы, отбасы жағдайы, туған жері, белгілі жерде тұру уақыты. Тұрғындардың құрамын және оның өзгеру заңдылықтарын зерттеп білудің маңызы өте зор. Ол ең алдымен қоғамның келешегін білу үшін, экономикалық-әлеуметтік жоспар құрып, салуатты саясат жүргізу үшін қажет. Тұрғындардың даму келешегін алдын ала көре білу, демографиялық болжам жасау - әрқашан да ғылымның алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі. Әсіресе ол қазіргі адамзат қоғамы өзінің даму жолын өзі айқындап алуына ұмтылып отырғанда өте қажет. Демографиялық үрдістердің заңдылықтарын мен айғақтарын білу сындарлы демографиялық саясат жүргізуге – көп балалы отбасыларға көмек көрсету жолдарын, адамдардың денсаулығын сақтау, тұрғын үйлер салу, тұрғындарды азықпен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге көмек көрсете алады.

1.1 Халық қозғалысының әлемдік көрсеткіштері

Біздің эрамыздың басында, әртүрлі есептер бойынша, Жерде шамамен 200 ден 300 млн адамға дейін өмір сүрді. Миллиардық санына жету үшін, адамзатқа 1800 жыл қажет болды. Алғаш рет адамдардың саны 1 миллиардқа 1825 жылы жетті. Кезекті миллиардық өсімдер келесі жылдар аралығында жүрді:
2 млрд – 1927ж. (102 жылдан кейін)
3 млрд – 1960 ж. (33 жылдан кейін)
4 млрд -1974 ж. (14 жылдан кейін)
5 млрд –1987ж. (13 жылдан кейін)
6 млрд –1999ж. (12 жылдан кейін)
Қойылған болжамдар бойынша, келесі жетімиллиардтық Жер тұрғыны 2007 жылы болады. Бұл көрсеткішке жету үшін небары 8 жыл қажет. Жер тұрғындарының қарқынды өсімі бұл ауқымды мәселе қатарына жатқызылып, планетаға халықтың тым өсу қауіпін тудырады. Ғалымдар мен демографтардың ғылыми болжамдары бойынша, ХХІ ғасырда өсу қадамдары бәсеңдеп, біршама тұрақтанады және небары 10-11 млрд адам құрайды.

Әдебиеттер

1 Аитов Н.А. Социология труда. – Алматы, 1997.- С. 192.
2 Вебер М. Избранные произведения. – М., 1990. – С. 25.
3 Волков Ю.Г., Нечипуренко В.Н., Попов А.В., Самыгин С.И. Социология: курс лекций: учебное пособие. – Ростов-на-Дону. – 1999. – С. 97.
4 Давыдов Ю.Н., Гайденко П.П. История и рациональность: социология М. Вебера и веберовский ренессанс. – М., 1992. – С. 147.