Предмет: Қазақстан Республикасындағы сотталғандардың құқықтық жағдайы
Тип: Бақылау жұмыс
Объем: 12 стр.
Год: 2011
Қазақстан Республикасындағы сотталғандардың құқықтық жағдайы
Жоспар
1 Қазақстан Республикасындағы сотталғандардың құқықтық жағдайы 3
1.1 Қылмыстық жазасымен сотталған адамдардың құқықтық жағдайының түсінігі 3
1.2 Сотталғандардың негізгі құқықтары мен міндеттемелері 5
1.3 Сотталғандардың ұсыныстарын, өтініштерін және арыздарын қарау тәртібі 8
Әдебиеттер 12
1 Қазақстан Республикасындағы сотталғандардың құқықтық жағдайы
1.1 Қылмыстық жазасымен сотталған адамдардың құқықтық жағдайының түсінігі
Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 2-тарауында сотталғандардың құқықтық жағдайларының жалпы ережелері, олардың субъективтік құқықтары мен заңды міндеттемелері көрсетілген. Осыған қоса сотталғандарға қатысты адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандығы нақтыланған, адам құқығының Жалпыға бірдей декларациясының, азаматтық және саяси құқықтарының Халықаралық пактісінің, сотталғандармен айналысу стандарттар құқықтарының тағы басқа ережелері көрсетілген.
Сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделері тақырыбын талқылағанда ең бірінші мемлекеттің құқықтық міндеттерін анықтаған жөн, себебі мемлекеттің белгілі бір міндеттері болмаса оның құқығы да болмауы керек. Сондықтан ҚАК-нің 8-бабың 1-ші тармағында мемлекеттің мынадай міндеттері көрсетілген:
1.2 Сотталғандардың негізгі құқықтары мен міндеттемелері
Сотталғандардың сот тағайындаған жаза түрін өтеудің тәртібі мен жағдайлары, өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат алуға құқығы бар. Ал мемлекеттік органдары лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-баптың 3-тармағына сәйкес әр тұлғаны оның құқықтары мен мүдделері жөнінде құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен таныстыруды қамтамасыз етуге міндетті. ҚР ҚАК-нің 10, 11-баптарында жазаларды атқару (өтеу) үрдісінде сотталғандардың құқықтары бекітілген.
Сотталғандардың сот тағайындаған жаза түрін өтеудің тәртібі мен жағдайлары, өздерінің құқықтары мен міндеттері ақпарат алуға құқығы бар.
1.3 Сотталғандардың ұсыныстарын, өтініштерін және арыздарын қарау тәртібі
Қылмыстық-атқару кодексі, басқа заңнамалық актілері сотталғандардың ұсыныстарын, өтініштерін, арыздарын беру тәртібін және нысандарын қарастырады. Сотталғандардың арыздары ауызша немесе жазбаша түрде беріледі (10-баптың 2-тармағы). Бас бостандығынан айырылғандар түзеу мекемесіндегі ішкі тәртіптемесінің ережелерінің 16-тарауына сәйкес ұсыныстарын, өтініштерін намесе арыздарын өз атынан беруге ғана құқылы. Сотталған адамға ұсыныстарын, өтініштерін намесе арыздарын топ атынан немесе басқа тұлғалардың атынан беруге рұқсат етілмейді. Сотталғандар ұсыныстарына, өтініштеріне, арыздарына қол қоюлары тиіс.