Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 4 стр.

Полный просмотр работы

Экологиялық құқық бойынша жауапкершілік

Экологиялық жауапкершіліктің негізі экологиялық құқық бұзушылықты істеу болып табылады. Экологиялық құқық бұзушылық – қоршаған ортаны қорғау заңдарын бұзу және қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиян келтірудегі кінәлі, құқыққа қайшы әрекеттер. Кінәлі тұлғалар құқық бұзушылықтың түріне қарай қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартылады.
Экологиялық құқық бұзушылықтың белгілері:

Субъективтік жағы тұлғаның жасаған қоғамдық қауіпті әрекетіне психикалық қатынасымен және де оның зардаптарымен сипатталады. Субъективтік жақтың беогілері кінә, мақсат және себеп.
Экологиялық құқық бұзушылықтың субъектілері өнеркәсіп, ұйым, мекеме, лоардың лауазымды тұлғалары, табиғаттың жеке объектілеріне әрекеттерімен (әрекетсіздік) зардап келтіреді. Түрлі критерийлер бойынша экологиялық құқық бұзушылықтарды түрлерге жіктеуге болады.

Қоғамдық қауіптілік дәрежесі бойынша экологиялық құқық бұзушылықтар бөлінеді экологиялық қылмыстар және экологиялық теріс қылмыстар, олар әкімшілік, азаматтық, тәртіптік және материалдық құқық бұзушылықтар болып тағы жіктеледі.
Келтірілген зиянның сипатына қарай экологиялық құқық бұзушылықтар бөлінеді:

Зиянның орнын толтыру ерікті түрде немесе сот бекіткен такса және залалды санау әдістемесі бойынша, ал олардың болмаған жағдайында – қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиянның толық шығынын, сонымен қатар болмай қалған табысты ескереді.