Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 9 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Баланс өтімділігін талдау


Жоспар
1 Баланс өтімділігін талдау 3
1.1 Жалпы түсініктеме 3
1.2 Баланс өтімділігінің шарттары және топтастыру 3
1.3 Өтімділік көрсеткіштерінің қалыпты шектеулері 7
Әдебиеттер 9

1 Баланс өтімділігін талдау
1.1 Жалпы түсініктеме
Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның «өтімділігін» анықтап алу керек.
Өтімділік кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі. Өтімділік - бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайывдығы мен жылдамдығы.

1.2 Баланс өтімділігінің шарттары және топтастыру
Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына ай-налу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.
А1 Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұлар-ға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.
Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) - айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға тез айналады.
А2 Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалуы мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтық экономикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Кез келген дебитор айыппұл төлеу қаупінен тіпті банкрот болып жарияланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытында төлеуге тырысады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның өтімді қаражаттарын есептегенде ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борышын да қосады.

1.3 Өтімділік көрсеткіштерінің қалыпты шектеулері
Баланстың топтастырылған баптарын кесте түрінде көрсету орынды болады.
1-кесте
Баланс активінің өтімділік дәрежесі және оның пассивінің төлеу мерзімінің шұғылдығы бойынша баптарының тобы

Әдебиеттер
1. Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. – Алматы, 2005 – 552 б.
2. Мельников В. Д., Ли В. Финансы. Учебник. Алматы, 2005
3. Сахариев С.С. Финансы: учебник – Алматы, Юридическая литература, 2004
4. Финансы: учебник для вузов / под ред. Романовского М.В. – Москва: Перспектива, 2000
5. Саясат: ақпаратты-аналитикалық журнал, 2002 – 2005 ж.