Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Технологиялық құрал-саймандарды жобалау

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 27 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Тетіктерді қысып бекітетін және бастапқы күштің шамасын көтеретін құрылғылар


Жоспар

1 Тетіктерді қысып бекітетін және бастапқы күштің шамасын көтеретін құрылғылар 3
1.1 Бұрама қысқылардың құрылымдары 3
1.2 Сыналы қысқылар 6
1.3 Эксцентрикті қысқы 9
1.4 Механизацияланған қысу құрылғылар 11
1.5 Механизацияланған жетектер 13
1.5.1 Пневматикалық жетектер 13
1.5.2 Вакуум қысқылар 18
1.5.3 Сығымдалған ауаны беруді басқаратын пневматика аппаратуралар 22
1.5.4 Гидрожетектер 23
1.5.5 Құрама күш құрылғылар 23
1.5.6 Магнитті және электромагнтті қыспақ құрылғылар 24
Әдебиеттер 27

1 Тетіктерді қысып бекітетін және бастапқы күштің шамасын көтеретін құрылғылар

Осы құрылғылар тетікті орнықтар бетіне қысып бекітеді, онымен олар бір жақтық тетікпен орнық арасындағы байланыстарды екі жақтықа өзгертеді, яғни орнықтандыруды анықтайды және тетікпен орнықтар арасында үзіліссіз түйіспе береді. Мұнда элементарлы және механизацияланған құрылғылар қолданылады.

1.1 Бұрама қысқылардың құрылымдары

Бұрама қысқылар ұштықтарына қатысты төрт түрге бөлінеді:
- жазық ұштық;
- бунау ұштық;
- сфералы ұштық;
- башмак кигізілген ұштық.

1.2 Сыналы қысқылар

Сына қыспақтар әдетте механизацияланған қысып бекітетін құрылғыларда аралық буын ретінде пайдаланады. Сыналарға қойылатын негізгі талап олар өздігінен тежелу.
Мұндай шартты мынадай есеппен шығаруға болады.

1.3 Эксцентрикті қысқы

Эксцентрик сынаның бір түрі. Экцентрік дөңгелек тетік, бірақ айналу центрі мен шеңбердің ортасы бір бірімен сәйкес емес. Олардың арақашықтығы е – эксцентриситет деп аталады. Кейбір эксцентриктердің сыртқы беттері Архимед спиралі не эвольвентамен сызылған. Технологиялылық тұрғыдан сыртқы беті шеңбер болса, онда тиімді.
Дөңгелек эксцентриктің негізгі өлшемдері:

1.4 Механизацияланған қысу құрылғылар

Теіктерді қысып бекітетін механизацияланған құрылғылар құрамында бір немесе бірнеше элементарлы құрылғылармен, иінтірек механизмдері және жетек бар.
Кеңінен мұндай құрылғылар сериялы, ірі-сериялы және жаппай өндіріс түрлерінде қолданылады.
Механизацияланған қысу құрылғыларды есептегенде күштер және қозғалыстардың беріліс қатынастарын есептеу керек.

1.5.1 Пневматикалық жетектер

Пневматикалық жетектер құрылымдарына байланысты пневмоцилиндр және пневмо-диафрагмалы бөлмешіктер ретінде жасалады және олар стационарлы не айналмалы болады. Поршеньді пневмоцилиндрлер ұзын жүрістерде қолданылады, пневмобөлмешіктер соташықтың қысқа қозғалыстары болса пайдаланылады.
Пневматикалық жетектердің бірнеше түрлері қолданылады: пневмоцилиндрлер, диафрагма және вакуум бөлмешіктер.
Пневмоцилиндрлер жұмыс ұстанымдарына байланысты біржақты және екіжақты түрлерге бөлінеді.

1.5.3 Сығымдалған ауаны беруді басқаратын пневматика аппаратуралар

Машина жасау зауыттарында қысымды ауа сығымдағыш станцияда дайындалып құбыржолмен цехтің пневматика желісіне жеткізіледі. Цехтің пневматика желісінде сығымдалған ауаның қысымы 0,3 – 0.6 МПа. Цехтің пневматика желісінен сығымдалған ауа жұмыс орындарға таратылады. Ауа пневоцилиндрге не басқа жетек түріне берілер алдында ол механикалық кірмелерден және ылғалдан тазартылып, маймен байытылады. Ауаны осындай дайындықтан өткізуге және пневатика жетектің механизмдерінің жылдамдығын реттеу үшін зауыттарда сериялы жасалып шығарылатын аппаратура қолданылады.
Аталған аппаратура атқаратын міндеттеріне байланысты төрт топқа бөлінеді:

1.5.4 Гидрожетектер

Гидрожетек ретінде көбінде гидроцилиндрлер қолданылады. Гидрожетектерде жұмыс сұйықтық ретінде сапалы майлар қолданылады, олар индустриалды 12.20. 30, үршық майын турбина майы. Сұйықтың қысымы пневможетектердің қысымынан едәуір жоғары 6-15 МПа. Майларды қосымшалардан тазартуға сүзгіштер пайдаланылады, олар тор, киіз, фетр, қағаз және тілімше сүзгі. Сұйықты қысуға тілімшекті, тістегерішті, аксиаль-поршеньді және басқадай сорғыштар пайдаланылады. Гидроцилиндрлерде дөңгелек сақина тәрізді қымтағыштар қолданылады. Гидроцилиндрлердің құрылымдары пневмоцилиндрлерге ұқсас.

1.5.6 Магнитті және электромагнтті қыспақ құрылғылар

Магнитті және электромагнитті қыспақ құрылғыларда тетіктерді қысып ұстауға электромагниттік энергия қолданылады. Магнитті және электромагнитті қыспақ құрылғылар электромагитті және магнитті тақталар, айналмалы үстел, призма және қысқы ретінде жасалып шығарылады.
Электромагнитті тақтаның принципиалды жұмыс атқару ретінің сұлбасы 1.15-суретте көрсетілген.

Әдебиеттер

1 Клепиков В. С. Проектирование технологической оснастки : учебное пособие. – М . : МГИУ, 2008. – 76 с.
2 Схиртладзе А. Г. Станочные приспособления : учебное пособие. – М. : Выс. шк., 2001. – 140 с.
3 Маслов А. Р. Приспособления для металлорежущего инструмента. – М. : Машиностроение, 2008. – 309 с.