Тарих философиясы
Тарих философиясы: оның мәні. Тарих философиясының негізгі варианттары. Тарихи процесс мәселесі. Тарихты кезеңдеу мәселесі. Тарихтың объективтік заңдылығы идеясы. Адамзаттың табиғи прогресінің жалпы теориясы. Партикуляризм және универсализм. Тарихта прогресс мүмкін бе!? Тарихтық бірлігі идеясы. Белдеулік уақыт түғырнамасы. «Тарих толқындары». Циклдер және ырғақтар. Тарихтың соңы? Өркениеттер қақтығысы. Қазіргі әлемдегі ұлттық жолдың өзіндік болмысы мәселесі. Қазақстан тарихи дилемма алдыңда. Традиционализм мен модернизмнің синтезі мәселесі. Әмбебап-адами құндылықтар: шындық пен елес.
Адамның барлық объективті мүмкіндіктері (дүниені тану, түсіну, ұғыну т.б.) және одан қисынды туындайтын шығармашылық, жасампаздық іс - әрекеттері нақты тарихи дәуірде, қолайлы жағдайларда ғана іске асырылады. Адамның басқа адамсыз күні жоқ, о бастан – ақ ол өз болмысын басқаларсыз қарастырмаған.
Философияның қоғамды ерекше құбылыс ретінде қарастырып, оның мәнін ашатын бөлімі - әлеуметтік философия деп аталады. Ол қоғамды біртұтас динамикалық жүйе ретінде ала отырып, оның негізгі және қозғаушы күштерін анықтап, өмір сүруі мен дамуының тетіктерін айқындайды, әлеуметтік процестердің қисынын түсіндіреді.
Төртіншіден, адам мен қоғамның дамуынан тікелей туындамайтын, бірақ оған қажет кейбір қызығу объектілері. Адамдарда бұлар көпжақты болатыны соншалықты, кейбіреулері оның өмір сүруіне кері әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайдың мысалы ретінде маскүнемдік, нашақорлық сияқты әлеуметтік ауруларды атауға болады.
Адамдар өзін қоршаған ортадағы табиғат күштері мен заттарын ғана өзгертіп отырмайды, олар өздерінің бір – біріне қатынастарын да өзгертіп, қайта жасайды.
Халықтың екі тобында - жастар мен зейнеткерлер арасындағы қалыптасатын қарым - қатынастар аса үлкен роль атқарады. Зейнеткерлер - әлеуметтік дамудың барлық сатысын басынан өткеріп, оның ыстығы мен суығын жеке өмірінде көрген, тәжірибесі мол, азаматтық дүниетанымы берік адамдар, ал жасөспірімдер мен жастар әлі пісіп - жетілмеген, буыны қатпаған, әлеуметтік тәжірибесі әлі қалыптаспаған топ. Жастардың зейнеткерлерден артықшылығы - олардың жастық энтузиазмы, қайраты, күші және болашаққа деген сенімі, өмірден күтетін дәмесі мен оларды алға жетелейтін үміті.