Монопсония туралы жалпы түсінік
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Монопсония нарығына жалпы сипаттама 4
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер тізімі 12
Кіріспе
Егер монополияны сатушы нарықтық бағаға билік етудің ерекше құбылысы ретінде қараумен байланыс¬ты болса, бағаларға белгілі бір бақылау сатып алушы жағынан да болатын туралы айта кеткен жөн. Егер монополия ұғымы "жалғыз са¬тушы" дегенді білдірсе, монопсония ұғымы "жалғыз сатып алушы" дегенді білдіреді. Монопсония мәселесін зерттеу Дж. Робинсонның аса маңызды ғылыми еңбегі болып табылады.
Монопсония жағдайында бағалардың орнығуын талдаудан бұрын "сатып алушының көзімен" жетілген және жетілмеген бәсекелі нарыктарды салыстырамыз. Жетілген бәсеке кезінде көптеген сатушылармен бірге көптеген са¬тып алушылар әрекет етеді.
1. Монопсония нарығына жалпы сипаттама
Сатып алушы жағымен сатушы жетілген бәсеке кезіндегі сұраныс пен ұсыныстың қисық сызықтарын салыстырайық. Жетілген бәсекені талдаудан белгілі графикке сатушының (өндірушінің) сұранысының қисық сызығы көлбеу түрінде болады, ал ұсыныстың қисық сызығы МС шекті шығындардың қисық сызығының жоғары көтерілуші тарауы. Нақ сондықтан ұсыныс сызығының келбеу болуы сатып алу¬шылар арасында жетілген бәсекенің болуының белгісі бо¬лады.
Жетілмеген бәсеке кезінде бағаның езгермеуі сатып алу¬шы бағаға ешқандай да әсер ете алмайды да, Р = АС = МС теңдеуінің барлық шарты орындалады. Сатып алушының төлеген Р бағасы өнімге ие болудағы қосымша шекті шығындармен сәйкес келеді.
Графиктен көрініп тұрғандай монопсонист үшін енді ұсыныс бағасы болуы мұмкін:
1) кемуі — АС төмеңдеуші тарамы;
2) өсуі — АС жоғарылаушы тарамы.
Жетілген бәсекеден жетілмеген бәсекеге өту орын алған болса (сатып алушы жағынан), ұсыныс қисық сызығы өзінің келбеу түрінен айрылып V бейнелі (АС) саласының орта шығындарының қисық сызығы формасын алады. Бірінші жағдайда монопсонист технологиялық деңгейі жоғары, шығындарының темендеу тенденциясы бар фирмалармен істес болады. Екінші жағдайда монопсонист шығындары өскен фирмалардан өнім сатып алады. Сонымен монопсонист "басып алған" саладағы ұсыныс бағасы төмендеуші де, жоғарылаушы да болуы мүмкін. Сондықтан монопсонистің ие болған өнімінің шекті шығындары өзгермейтін болудан қалады (жетілмеген бәсеке кезіндегідей) олар төмендеуші де, жоғарылаушы да бола алады. (Өйткені МС, АС қисық сызығының өсіңкілігін көрсетеді).
Алайда монопсонияның сатып алу келемі енді Q бо¬лады, ал ол Qо (жетілген бәсеке жағдайында еңдіруге болатын сатып алу келемі) асып түседі.
Бірақ тағы да жетілген бәсекелестің қисық сызыгын бейнелеу туралы айтайық: Бұл сызық ДД абцисс тігіне параллель жатыр. Сонымен қатар бұл МК шекті табысының сызығы. Басқаша айтқанда, жетілген бәсеке жағдайында ДД мен МК сызықтары, белшектенбеген келбеу сызыққа біріккен.
Қорытынды
Жетілмеген бәсекені монопсонист сатып алушы тұрғысынан талдау жетілген бәсеке жағдайындағы нарықтық бағаның тепе-теңдік күйден ауытқуы сияқты ұқсас қорытындыға келтіреді. Ерекшелігі, тек монополист өзінің бағасын жетілген бәсеке жағдайындағы деңгейден жоғары қояды, ал монопсонист жетілген бәсеке кезіндегіден төмен деңгейде қояды. Монопсония мәселесін қарағаннан кейін жетілген бәсекенің монопсонист үшін жағдайларының графикалық бейнесін салыстырмалы талдау керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Әкімбеков С., Баймухаметов А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория.Оқу құралы.- Астана 2002.
2. Долан Э.Дж., Линдсей Д. Рынок: микроэкономическая модель/Пер.с англ. Под общ.ред. Б. Лисовика и В.Лукашевича и др.-М., 1996.
3. Курс экономической теории: Общие основы экономической теории.Микроэкономика.Макроэкономика.Основы национальной экономики: Учебное пособие / Под ред.д.э.н., А.В.Сидоровича; МГУ им. М.В.Ломоносова.- М.: Изд-во «Дело и сервис»,2001.
4. Курс экономической теории /Под общ.ред.проф.Чепурина М.Н., проф.Кисилевой Е.А.- Изд-во «АСА». Киров 1995.
5. Макконнелл К.Р.,Брю С.Л.Экономикс: Принципы, проблемы и политика. В 2 т., пер.с англ. 11 изд.Т.1,2.-М.: Республика, 1992.
6. Фишер С., Дорбуш Р., Шмалензи Р. Экономика: пер.с англ.со 2-го изд. –М.; «Дело ЛТД» 1995.
7. Хейне Пол Экономически2 образ мышления.- М., Изд-во «Дело» 1992.
8. Шеденов Ө.К., Жүнүсів Б.А., Байжомартов У.С. Жалпы экономикалық теория. – Алматы. 2002.
9. Экономикалық теория негіздері /Осипова Г.М. – Алматы. Каз.ГЭУ.2002.