Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сирек заттар

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 15 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Тәрбие процесінің мазмұны


Жоспар
1 Тәрбие процесінің мазмұны 3
1.1 Жалпы адамзаттық құндылықтар мен құндылықты бағыт-бағдарлар 3
1.2 Тұлғаның базалық мәдениетін қалыптастыру 6
1.2.1 Ғылыми дүниетаным тәрбиесі 7
1.2.2 Отаншылдық тәрбиесі 9
1.2.3 Құқықтық тәрбие 10
1.2.4 Адамгершілік тәрбиесі 10
1.2.5 Экологиялық тәрбие 12
1.2.6 Эстетикалық тәрбие 12
1.2.7 Еңбек тәрбиесі 14

1 Тәрбие процесінің мазмұны
1.1 Жалпы адамзаттық құндылықтар мен құндылықты бағыт-бағдарлар
Тұлға мәдениетінің негізі оның жалпы адамзаттық құндылықтарға қатынасынан көрінеді. «Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам қызметіндегі заттар, қоғамдық қатынастар және олар қамтыған табиғат құбылыстары құндылықты қатынастар нысандары ретінде танылған бағалы заттар сипатында іс-әрекетке қосылады, яғни бұлардың бәрі де жақсылық пен жамандық , шындық пен жалғандық, әсемдік пен ұсқынсыздық, әділдік пен әділетсіздік және т.б. тұрғысынан пайымдамады.

1.2 Тұлғаның базалық мәдениетін қалыптастыру
Соңғы педагогикалық зерттеулерде «тұлғаның базалық мәдениеті» түсінігі қабылданған. Адамның іс-әрекеті барысында жүзеге келетін білімдер, ептіліктер, дағдылар, ой-өріс, адамгершілік және эстетикалық даму деңгейі, ортақтасу әдістері мен формалары - бәрі қосылып, «тұлғаның базалық мәдениетін» құрайды.
Тәрбие тұлғаның аталған мәдениетін дамытушы әрі қалыптастырушы бірден бір құрал. Соңғы педагогикалық әдебиеттерде тұлғаның базалық мәдениетін түзуге көмектесетін бірнеше жеке элементтер аталады:

1.2.1 Ғылыми дүниетаным тәрбиесі
Дүниетаным негізі – әлемді түсіну, яғни қоршаған болмыс жөніндегі білімдер тобын меңгеру. Бұл білімдер мен ұғымдар ертеңге де, бүгінге де, алыс болашаққа да қатысты. Олардың бәрі адамдардың рухани дүниесінің кәусар көзі. Дүниетаным құрамы күнделікті өмір барысында, өнерде, әдебиетте, ғылым мен дінде қалыптасатын белгілі мұраттар мен шындық бейнелерінде көрінген болмыстық қабылдаулардан құралады.

1.2.2 Отаншылдық тәрбиесі
Бұл тәрбиенің мақсаты – оқушыда өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін оятып, оған адал қызмет жасауға, оны қорғауға баулу; туған ел тарихы және өз халқы мен басқа да ұлыстардың мәдени мұрасын, салттары мен дәстүрлерін қастерлеу қатынасын қалыптастыру;
Отаншылдық тәрбиесінің мазмұны:

1.2.4 Адамгершілік тәрбиесі
Бұл қоғамдық талаптар және әрекет - қылық нормаларын ескерумен іс жасауға мүмкіндік беруші ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған тәрбие процесінің мәнді бір бөлігі.
Мәдениет тарихында адамгершілік тәрбиесі мәнін түсінудің төрт негізгі дәстүрі қалыптасқан:

1.2.5 Экологиялық тәрбие
Бұл тәрбиенің мақсаттары - тәрбиеленушілерде қоршаған ортаға деген жауапкершілік; табиғатты ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық ретінде тану мен оған жауапкершілікті қатынастар жасау жөніндегі білімдер қалыптастыру; нақты тіршілік аймағы табиғатын зерттеп, мүмкін болар экологиялық жағдайлардың ауысуынан туындайтын зардаптардың алдын алуға үйрету; сонымен бірге қоршаған ортадан ләззат (халықаралық экологиялық қауымдастықтың ұраны) алу арқылы табиғат субъекттерінің баршасына қатысты қайырымдылық сезімін тәрбиелеу.
Экологиялық тәрбиеге байланысты іс-әрекеттер мазмұны:

1.2.6 Эстетикалық тәрбие
Бұл тұлғаның эстетикалық көңіл-күй –сезімдік және тұлғалық сана мен оған сәйкес іс-әрекет қалыптастыру және дамыту.
Бұл тәрбие түрі тұлғаның өзіндік білім игеруі мен өзіндік дамуы барысында іске асады әрі құндылық мәнін иелейді. Эстетикалық тәрбие өз ішіне эстетикалық көңіл шарпулары (эмоция) мен бағамдарын туындататын болмыстың әсем нысандары мен олардың қасиеттеріне бағытталған тәрбие жұмыстарының формалары және әдістемелік жұмыстар түрлерін қамтиды.

1.2.7 Еңбек тәрбиесі
Бұл тәрбие түрінің мақсаты - тәрбиеленушіде осы заманғы техника, технология және өндірісті ұйымдастыру, жалпы еңбектік ептіліктер мен дағдылар, еңбекке деген жауапкерлі қатынас пен психологиялық дайындық, еңбектенуге болған ықылас-ниет, еңбеккерге сый-құрмет сезімін қалыптастыру.