Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Өнертану

Тип: Реферат

Объем: 7 стр.

Полный просмотр работы

Шоқан және музыка

Музыка зерттеуші ғалымдар мен музыка қайраткерлері Шоқан кезеңін қазақ халқы музыка мәдениетінің гүлдену шағы, халық музыка шығармашылының профессионалды - классикалық) деңгейге көтерілген дәуірі деп санайды. Алайда, ғалымдардың бір тобы ХІХ ғасырдың екінші жартысында музыка өнерінде демократиялық тенденцияның өрістеуін орыс мәдениетінің әсерінен қарастырса, екінші бір қатары төл топырағымызда ықылым замандардан келе жатқан уақыт пен табиғаттың, ел мен мекеннің өзі тікелей тұлғалаған дәстүрлі өнер түрінде таниды.

Қазақтардың музыкалық қабілетінің аса биіктігін көрсететін Шоқан айтқан аңызды жазып алдырған Потанин қазақтардың поэзиясы мен музыкасының байланысы жайлы Гелграфия қоғамы мәжілісінде тиянақты тұжырым білдірген. Жарты ғасырдан соң Потанин жаңғыртқан қазақтарға ән қонған халық екендігі жайлы осы аңыз бен музыканың поэзиямен сабақтастығы төңірегіндегі Шоқанның пікірін шамамен 1855-1856 жылдары жазған (« Қазақ халық поэзиясының формалары») атты еңбегінен ұшыратамыз. Бізге толық жетпеген бұл зерттеуінде Шоқан «Ер Көкше - Ер Қосай» мен «Орақ батыр» жырларынан мысал келтіре отырып, жырдың жалпы сипаттамасын қара сөзбен әңгімелей келіп, бас кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен ой-пікірі өлеңмен яки қобыздың сүйемелінде әнмен айтылатындығын жіктеп жазған. Мұнан туатын қорытынды, поэзияның музыкамен ұштастығын Потанин мен Затаевичтен бұрын байқап, тарқатқан Шоқан.

Қазақ халқының дәстүрлі музыка өнері мен музыкалық қабілетіне қатысты Уәлиханов көзқарасының басы ашық. Шоқан қазақтардың музыкаға деген ынта-ықыласы мен үлкен сүйіспеншілігін бірнеше дүркін толғана, тебірене жазған.
Шоқанның «Қазақ музыканттары» атты суретті туындысының жұмбақтығы басым. Араб алфавитімен ана тілімізде жазылған түсініктемелеріне қарағанда, қазақ музыкасының тарихын зерттеушілерге бұл қызықты да құнды мағлұмат бере алады. Мұнда ХІХ ғасырдың орта шенінде өмір сүрген алты бірдей қазақ музыка өнері шеберлерінің суреттері(қаламұшпен) салынған. Олардың арасында Шоқанға көптеген күй орындап берген, әйгілі қобызшы Қанқожа Уәлиханов бар.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Тасмағанбетов И.Т., Құдабаев А., Дүйсебайұлы Е. Дала даналары Алматы, 2001. Қазақстан даму институты.
2.С.Мұқтарұлы. Шоқан және өнер. Алматы, 1985.
3. «Әлемдік биікке шарықтаған жас Шоқан» Ұлағат, 2005ж., №6, 3бет.
4.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. Алматы. Қазақ Университеті 2001ж.
5.Егемен Қазақстан. 2005ж., №6, 5-бет.
6.Қазақ Совет Энциклопедиясы. 11 том, 275-282 беттер