Заңды тұлға
Жоспар
1 Заңды тұлға 3
1.1 Заңды тұлға ұғымы 3
1.2 Заңды тұлғаның белгілері 5
1.3 Ұйымдық бірлік 5
1.4 Заңды тұлғаның органдары 6
2 Өкілдік 7
2.1 Өкілдік туралы жалпы ережелер 7
2.2 Өкілдік қатынастардың субъектілері 9
2.3 Өкілдік өкілеттіліктер 11
2.4 Өкілдіктің пайда болу негіздері және түрлері 11
2.5 Коммерциялық өкілдік 13
Әдебиеттер 14
1 Заңды тұлға
1.1 Заңды тұлға ұғымы
Жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғаларда азаматтық – құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады (ҚР АК-ның 1-бабы),
Заңды тұлға дегеніміз – бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады.
1.2 Заңды тұлғаның белгілері
Заңды тұлғаның анықтамасынан кез келген ұйымның заңды тұлға ретінде таныла бермейтін көреміз. Ұйым заңды тұлға мәртебесін алу үшін мынадай белгілердің жиынтығы болу қажет:
1.3 Ұйымдық бірлік
Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды. Индивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өз ара әрекеттесу мен қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп түсінеді. Заңды тұлғаның азаматтық – құқықтық қатынастарды бір тұтас тұлға ретіндегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан тұрақты ұжымдық құрылым – заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек.
1.4 Заңды тұлғаның органдары
Заңдар немесе құрылтай құжаттары арқылы құқықтың басқа субъектілері алдында арнайы уәкілеттсіз (сенімхатсыз) өз атынан әрекет етуге уәкілетті заңды тұлғаның адамдары мен ұжымдық құрылымдары заңды тұлғаның органдарына жатады.
2 Өкілдік
2.1 Өкілдік туралы жалпы ережелер
Өкілдік ұғымы. Жалпы ереже бойынша, азаматтық субъектілерін басқа тұлғалардың - өкілдіктің жәрдеміне жүгінбей – ақ мүліктік айналымға өз бетінше қатысу мүмкіндігі болды. Солай болса да, азаматтық айналымда өкілдік институты кеңінен қолданылады.
2.2 Өкілдік қатынастардың субъектілері
Өкілдікте өкіл, өкілдік беруші (сенім білдіруші) және үшінші тұлға арасында қатынастар туындайды. Өкілдікте және өкілдіктің көмегінен жасалған мәміле бойынша қатынастардың тууы үшін үш тұлғаның бірлескен және үйлесімді еркі болуы қажет: өкілдік беруші адам арқылы құқықтар мен міндеттерді белгілеу үшін - өкілдің; өкілдік беруші адаммен қатнас орнату үшін - үшінші адамның; өкіл арқылы мәміле жасауға өз келісімін ертерек немесе кешірек беру үшін - өкілдік берушінің еркі болу керек.
2.3 Өкілдік өкілеттіліктер
Өкілдің жасалуына рұқсат етілген мәмілелер ауқымын өкілеттілік деп атайды. Өкілеттік өкіл үшін ғана емес, сондай – ақ оның өкілдік берушінің атынан құқықтық қатнас орнататын адамдары үшін міндетті, өйткені кейін оларды өкілдік беруші мақұлдайтын жағдайлардан басқа реттерде өкілеттілігі жоқ немесе өкілеттілігі жоқ өкілдік заңдық салдар туғыза алмайды.
Өкілдің өкілеттілігі, әдетте, өкілдікке негіз заңдық фактының мазмұнынан туындайды.
2.4 Өкілдіктің пайда болу негіздері және түрлері
Заң немесе шарт өкілдіктің пайда болуының негізі болып табылады. Заң арқылы пайда болатын өкілдік заңды немесе қажетті өкілдік деп аталады. Шарттың негізінде пайда болатын өкілдік шарттық немесе еріктік өкілдік деп аталады.
2.5 Коммерциялық өкілдік
Құқықтық реттеуінде елеулі ерекшеліктер бар коммерциялық өкілдік ерікті өкілдіктің ерекше түрі болып табылады, оның құқықтық реттелу ерекшеліктері АК-ның 166-шы бабында баянды етілген коммерциялық өкілдіктің айырым ерекшелігі - өкілдікте ерекше субъект - коммерциялық өкілдің қатысуында.