Ұлттық экономика негізгі нәтижелері және оның өлшемі
Жоспар
1 Ұлттық экономика негізгі нәтижелері және оның өлшемі 3
1.1 Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс 3
1.2 Жалпы ұлттық өнім (Ж. Ұ. Ө.) 6
Әдебиеттер 8
1 Ұлттық экономика негізгі нәтижелері және оның өлшемі
Экономикалық теория да шаруашылық практикасы сияқты қоғамдық өнімнің әр қилы өлшемдерін пайдаланады. Бұл әр қилылық мына жайлармен байланысты: біріншіден, қоғамдық өндірісті сипаттауға теориялық тұрғыдан жан-жақты қарау; екіншіден (бұл бірінші жағдайдан туындайды) статистикалық есептеудің сан алуан методологиясы, үшіншіден, қоғамдық өнім қозғалысының әр түрлі сатысы тиісінше макроэкономикалық көрсеткіштерді талап етеді.
1.1 Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс
Кеңес елінің саяси экономиясында материалдық өндіріс саласына жұмсалған еңбек қоғамдық өнімді өндіреді деп түсіндіріледі. Материалдық өндірістен тысқары қалғандар қайта бөлуден кейін қоғамдық өнімді тұтыну саласын құрайды.
Материалдық өндіріс саласы материалдық игіліктерді өндіруші салаларды қамтитыны белгілі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс), сонымен қатар материалдық қызмет көрсету саласы (өнімдерді) тұтынушыларға жеткізуші транспорт пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, атап айтқанда, киім тігу мен жөндеу, киімді жуу, тазалау, радио және электрлік тұрмыс тауарларын жөндеу т. б.
Соңғы отыз жылда ғылыми-техникалық революцияның қарқынды және терең дамуына байланысты материалдық өндіріс түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Жаңа технологияның пайда болуы мен қоғамдық еңбектің терөңдеуі, қоғамның бүкіл-әлеуметтік шаруашылық жүйесінің күрделенуі жаңа салалардың пайда болуына, ал ескі салалардың рөлі өзгеріп, жаңаша сипатқа ие болуда. Мысалы, ғылым бірте-бірте қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуда. Күрделі де, көп салалы және көп дәрежелі қоғамдық өндіріс орғанизмі осы мамандығы терең де жоғары басқарушылар мен ұйымдастырушыларды, қаржы-несие мәселелері, маркетинг т. б. бойынша маман кадрларды талап етуде. Бұл қызметкерлердің еңбегіне деген сұраныс, еңбекті өнімді және өнімсіз деп бөлудің кандай да болмасын жолдарының теориялық негізін жоюда.
1.2 Жалпы ұлттық өнім (Ж. Ұ. Ө.)
Батыстық экономикалық теория мен статистика бойынша жалпы ұлттық өнім көрсеткіші материалдық және материалдық емес өндірістегі кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың табыстарынан тұрады. Жалпы ұлттық өнімге амортизация жарнасы да енеді, соңғысы болса пайдаланылған еңбек құралдарының құнының дайын өнімге ауысу жолымен құралады.
Жалып ұлттық Өнімнің белгілі модификациясы — жалпы ішкі өнім көрсеткіші болып табылады. Жалпы ішкі Өнім, белгілі бір ел шеңберінде кәсіпорындар мен қызметкерлердің ұлттық азаматтық сипатына байланыссыз өндірістік қызметінің нәтижесін қамтиды. Жалпы ұлттық өнім → жалпы ішкі өнімнен сол елдің ресурстарын шет елде пайдаланудан түскен табыстар сомасында (проценттер, дивиденділер, жалақы т. б.) көп болады. Мысалы маусымды жұмысшылардың жалақысы жұмыс істеп жүрген елдің жалпы ішкі өнімінде есептеледі және олардың тұрақты тұратын елінің жалпы ұлттық өнімінде де есептеледі.
Әдебиеттер
1. Жолдасова Г.А. Экономика негіздерінен сабақ беру әдістемесі Астана 2003
2. Мәуленов С, Бекмолдин С, Құдайбергенов С. Экономикалық теория Оқу
құралы. 2 өлім. Экономика 2003
3. Крылова В. Экономикалық теория А. 2003
4. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері. А.2002