Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
I ВЕКСЕЛЬДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ВЕКСЕЛЬ АЙНАЛЫСЫ 5
1.1 Вексель туралы жалпы түсінік 5
1.2 Төлем құралы ретінде вексельдің түрлері және жіктелуі 6
II «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВЕКСЕЛЬ АЙНАЛЫСЫ 10
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВЕКСЕЛЬДІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ 15
ҚОРЫТЫНДЫ 17
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 19
КІРІСПЕ
Еліміздің нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты экономикадағы ақша айналысын реттеп отырудың маңызы ерекше болып табылады. осы ақша айналысын реттеудегі шаралардың бірі қолма-қол ақшаларды несиелік ақшаларға ауыстыру саясаты екені белгілі. Бүгінгі таңда ұлттық ақша айналысында несиелік ақшалардың келесі түрлері қолданылуда: вексель, банкнота және чектер. Осылардың ішінде вексельдік қатынастардың маңыздылығы ерекше болып табылады.
Өз кезегінде вексель - қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол - бағалы қағаз. Бірақ Қазақстан Республикасының «ҚР-дағы вексель айналысы туралы» (28,04,97 ж.) ҚР-ның Заңына сәйкес вексель бағалы қағаз болып табылмайды, ол қарыз міндеттемесі деп көрсетілген. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді.
I ВЕКСЕЛЬДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ВЕКСЕЛЬ АЙНАЛЫСЫ
1.1 Вексель туралы жалпы түсінік
Өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде өндіруші - жабдықтаушы көбіне қаржы қорының жетіспеуі сияқты жағдайларға душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек өнім несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі - вексель пайда болады.
Қолма-қолсыз төлем құралы - вексель болып табылады. А.А. Фелдманның айтуынша: «вексель - мерзімі өткеннен кейін вексельде көрсетілге нсоманы төлеудің талап етуге құқық беретін нақты қатаң формада құрастырылған қарыздық міндеттемелерінің бірі». Д.М. Мажитов, осы айтылған вексельге берген анықтамасын қолдай отырып «вексель - бұл белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін иесінің вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан талап етуіне құқық беретін жазбаша түрдегі қарыздық міндеттеме» деп атады.
1.2 Төлем құралы ретінде вексельдің түрлері және жіктелуі
Классикалық вексель айналымының негізін коммерциялық вексель құрайды. Қазақстан тәжірибесінде негізінен қолданылатын вексельдің түрлеріне - жай және аудармалы вексель жатады. Дамыған Жапония және Франция елдерінде аудармалы вексельді белсенді түрде қолданылады.
«ҚР-дағы вексель айналысы туралы» (28,04,97 ж.) ҚР-ның Заңына сәйкес жай және аудармалы вексельді қарастырайық. /1/
Жай вексель (соло) ~ вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
II «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВЕКСЕЛЬ АЙНАЛЫСЫ
Бұл Заң 1930 жылғы 7 маусымдағы Аударым және жай вексельдер туралы бірыңғай заңды белгілейтін конвенцияға, Аударым және жай вексельдер туралы заңдардың кейбір үйлеспеушіліктерін шешу мақсатын көздейтін конвенция мен Аударым және жай вексельдерге қатысты елтаңба алымы жөніндегі конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасындағы вексель айналысын реттейді және төлем құралы мен несие қаражаты ретінде вексельдің қызметін белгілейді.
Аударым векселі вексель берушінің бұйрығымен ақы төленуге тиіс деп берілуі мүмкін./1/
• Ол вексель берушінің өзіне берілуі мүмкін.
• Ол үшінші тұлғаның есебінен берілуі мүмкін.
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВЕКСЕЛЬДІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Қазақстан Республикасындағы қазіргі нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезінде, төлем құралдарының жетіспеушілігі, өндірістің өңдеу салаларының құлдырауы, шаруашылық байланыстарының нашар дамуы және үлкен мөлшерде өтелмеген төлемдер жиналуы жағдайында қолма-қол ақшасыз есеп ретінде вексельге деген сұраныс арта түсуде. Сондықтан вексель шаруашылық өмірге кең көлемде енуде.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, вексель айналысы елдің төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа түсуін жеделдетіп, кәсіпорындағы тауар-зат құндылықтарының қорын азайтып және халық шаруашылығындағы есепті тездетеді. Вексель айналымы экономикалық қатынастардың сан алуан жүйесін қамти алады. Вексель нарығының қызметі - қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу. Вексель айналымының негізі серіктестердің бірін-бірі еркін таңдауымен және бірін-бірі бақылауы мен жасалатын несиелік келісім. Вексель несиені өтемеу қаупімен байланысты болғандықтан ол вексель берушіге шамалы болса да сенім болғасын төлем құралы ретінде қабылданады. Егер вексель беруші тауардың сапасын, құнын, уақытында жіберілуін және басқа да жағдайларын бақыласа, ол вексель иемденуші серіктестің тек вексель алған уақытындағы төлем қабілетін ғана емес, сонымен қатар ол өте маңызды, оның төлем уақыты жеткенге дейінгі болашақтағы қаржы мүмкіншілігінде бақылайды. Вексель келісіміне қатысушылардың бірін-бірі бақылауы және сонымен бірге біріне-бірі сенуі, олардың қабылданған міндеттемені нақты орындауға ұмтылуы нарықтық қарым-қатынастарды дамытуға жол ашады.