Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономикалық теория

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 12 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Кәсіпорын капиталының айналымы және толық айналымы


Жоспар
1 Кәсіпорын капиталының айналымы және толық айналымы 3
1.1 Капитал нарықтарының құрылымы мен рөлі. Капитал нарығындағы тепе - теңдік. Пайыз және оның мөлшерлемесі 3
1.2 Инвестициялар. Қысқа және ұзақ мерзімдегі инвестициялар. Дисконталған құн. Пайыздың ставкасы 6
1.3 Жер рыногы. Экономикалық рента және түрлері. Жердің бағасы. Жалдау төлемі 9
Әдебиеттер 12

1 Кәсіпорын капиталының айналымы және толық айналымы
1.1 Капитал нарықтарының құрылымы мен рөлі. Капитал нарығындағы тепе - теңдік. Пайыз және оның мөлшерлемесі
Капитал – тауарлар мен қызметтерді өндіруді арттыру мақсатында адамдардың қолымен жасалған барлық өндіріс құрал-жабдықтарының түрлері. Капитал түсінігі кең мағынада қарастырылғанда, оны экономикалық игіліктерді көп мөлшерде өндірумен байланысты және сол мақсатта құрылатын кез-кезген ресурс деп атауға болады. Капиталға машиналар, ғимараттар, құрылыстар, станоктар, құрал-жабдықтар, қозғалғыш заттар, құрал-саймандар, шикізат қорлары, жартылай фабрикаттар, патенттер, «ноу-хаулар» және тағы басқалары жатады.
Капитал жинақтар есебінен құралады, ал олар болса ағымдағы тұтынуды салыстырмалы түрде қысқарту арқылы болашақтағы кезеңдерде тұтынудың мүмкіндіктерін арттырады. Осыған байланысты индивидтер жинақтауды жүзеге асыра отырып ағымдағы тұтынуды болашақтағы тұтынумен салыстырады.
Капиталдың екі негізгі формасы бар:

1.2 Инвестициялар. Қысқа және ұзақ мерзімдегі инвестициялар. Дисконталған құн. Пайыздың ставкасы
Инвестиция – капитал қорларын құру және оны толтыру үрдісі; берілген жылда өндіріске жаңа капиталдың құйылуы. Өндірістік үрдісте капитал қорларының «тозуы» орын алады. Айналмалы капитал (материалдар, шикізаттар мен жартылай фабрикаттар) өндірістік үрдісте қолданылады және қысқарып отырады, ал негізгі капитал (ғимараттар, құрал-жабдықтар және т.б.) физикалық немесе моральдік жағынан тозады және ауыстырылып отырады. Негізгі капиталдың физикалық тұрғыдан тозу қарқынын физикалық тозу деп атайды.

1.3 Жер рыногы. Экономикалық рента және түрлері. Жердің бағасы. Жалдау төлемі
Жер – аса маңызды экономикалық ресурс және оның басты ерекшелігі – шектеулілігі, сондықтан жердің ұсынысы әрқашанда шектеулі болады. Жердің ұсынысына әсер ететін факторлар – оның құнарлығы мен орналасу орны. Жер ұсынысының тұрақтылығы ұсыныс қисығының абсолютті икемсіз сипатта болуын көрсетеді (сурет 1).

Жер ресурстарының тағы бір ерекшелігі – оның қозғалмайтындық сипаты болып табылады. Жердің иесі өзінің жер учаскесін жоғары пайда алу мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарықтарына жақындата алмайды немесе оларға жақын бола алатын өндірістік қалаларға орналастыра алмайды.
Көптеген ғасырлар бойы жер негізінен тек ауыл шаруашылығы саласында ғана қолданылып келген болатын, ал қазіргі уақытта ол тұрғын үйлер, кеңселер, дүкендер және басқа да ғимараттар салу үшін де қолданылады. Сондықтан, жердің тағы бір ерекшелігі – шаруашылықтық іс-әрекеттің кез-келген түрінде қолданыла беретінін де айтып кеткеніміз жөн. Бірақ та экономикалық көзқарас тұрғысынан жердің басты қасиеті әлі күнге шейін өзгерген жоқ: жердің бағасы өскенде оның көлемін арттыру немесе бағасы төмендегенде көлемін қысқарту мүмкін емес болып табылады.