Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 33 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Ұлттық валюта нарығы: айырбас курсы, артуы және төмендеуі, оның зардаптары


Жоспар
Кіріспе 3
І бөлім. Валюта экономикасының қалыптасуы 5
1.1 Валюта түсінігі және оның экономикалық маңызы 5
1.2 Ұлттық валютаның қалыптасу кезеңі 12
ІІ бөлім. Ұлттық валюта нарығы 20
2.1 Қазақстан Республикасының валюта жүйесі және девальвация саясаты 20
2.2 Ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудың перспективалы бағыты 25
Қорытынды 31
Қолданылған әдебиеттер тізімі 33

Кіріспе
"Қазақстан-2030" стратегиясы еліміздің экономикалық, әлеуметтік жағдайын түпкілікті түрде жақсарту мақсатын көздейді.
Осы стратегияда экономикалық жоғары табыстарға қол жеткізген кез келген ел жедел экономикалық өрлеудің алдындағы кезеңде жоғарғы инфляцияны жою жөнінде барлық шараларды міндетті түрде қолдану және кейін макроэкономикалық көрсеткіштерді белгіленген шекте ұстап тұруды қатаң қадағалау тиіс.
Экономиканы көтеріп, дамыту жөнінде Н.Ә.Назарбаев былай деп айтқан: "Жаңа экономикалық үлгілерге сай болу үшін біз мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен саласын едәуір көтеруге,жекеше сектор мен ұлттық капиталға жәрдемдесуге, оларды ынталандыруға және олардың белсенділігін арттыруға тиіспіз."
Экономикада ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығына жету, инфляциялық үдерістерді тежеу, елдің банк жүйесінің қызметін жақсарту,экономикалық өсімді қамтамасыз ету қазіргі кезде өте өзекті мәселе болып саналады.Осылайша курстық жұмыстың тақырыбы өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Берілген курстық жұмыстың басты мақсаты:Ұлттық валюта нарығын, оның айырбас бағамын, артуы мен төмендеуін, экономикалық зардаптарын зерттеу.
Зерттелініп отырған курстық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:
1.Валютаның экономикалық маңыздылығын зерттеу.
2.Ұлттық валютаның қалыптасу кезеңіне шолу жасау.
3.ҚР валюта жүйесін және девальвациядан өтуінін талдау.
4.Ұлттық валюта бағамын тұрақтандырудың перспективалы бағытын қарастыру.
Қарастырылып отырған курстық жұмыстың зерттелу деңгейінде келесі ғалымдар өз пікірлерін білдірген: Жанайдарова О.К "Көркем суретті Қазақстан тарихы",Көшенова Б.А "Ақша. несие, банктер, валюта қатынастары", Оспанов А "Тәуелсіздік теңгесі", Омарбаева А.К "Қазақстан алтын–валюта активтерін қалыптастыру және оларды пайдаланудың тиімділігі", Сейітқасымов Ғ.С "Ақша, несие,банктер".
Курстық жұмыстың зерттелу обьектісі: ұлттық валюта болып келеді.

І бөлім. Валюта экономикасының қалыптасуы
1.1 Валюта түсінігі және оның экономикалық маңызы
Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз – құн ) – елдің ақша бірлігі,оның шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін интенсивтендіру (күшейту) халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салалардың өнімін сатуда туындайтын қиындықтар,тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру – міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды.

1.2 Ұлттық валютаның қалыптасу кезеңі
Теңге Қазақстанның алғашқы ақшасы емес. Ежелгі Қазақстан аумағында ақша бұдан көптеген ғасырлар бұрын пайдаланылған. Сырдарияда,Отырар алқабында түркі билеушілері, ал Жетісуда түргештер VII- VIII ғасырларда өз ақшаларын шығарған. Отырар мен Исфиджабта монета сарайлары жұмыс істеген. Х ғасырдың ортасы мен ХІІ ғасырда қалалар тез өсіп, тауар өндірісі мен сауда көлемі ұлғая түсті. Ұсақ бөлшек саудада көбіне мыс фельстер қолданылды. Алтын монеталар да айналымға түсті, бірақ ол саудада дара түрінде салмағына қарай пайдаланылды: монетаны қажетіне қарай кесектеп сындыратын болған. XIV ғасырдың соңынан бастап Қазақстанда Әмір Темір монеталары айналымға енді. Бұлардан басқа Қазақстан қалаларында саудада Самарқанд, Бұхара, Ташкент монеталары, негізінен, мыс динарлар пайдаланылды. Қазақстан ақшасының бұрынғы тарихы міне, осындай.
ХХ ғасырда Қазақстанның қаржы-несие, бюджет, салық, әлеуметтік, ішкі-сыртқы саясаты Ресейге тәуелді еді. Ресейлік 1993 жылғы банкнот Қазақстанға аса қауіпті болды. Енді Ресейден, ТМД-ның басқа елдерінен қолданыста болған бұрынғы ескі ақшалар ағыны күшеюге айналды. Мұның өзі еліміздегі инфляцияны күшейтіп, қаржы-несие саясатын тізгіндеп ұстау мүмкіндігінен айыратын еді. Міне, осы бір аса жауапты кезеңде Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев ұлттық валютаны енгізу жөніндегі ұйғарымға келді.Сөйтіп, ұлттық валютаны енгізу жөніндегі жұмысқа басшылық жасау мақсатымен Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 3қарашадағы Жарлығымен Мемлекеттік комиссия құрылды.

ІІ бөлім. Ұлттық валюта нарығы
2.1 Қазақстан Республикасының валюта жүйесі және девальвация саясаты
Қазақстан 1992 жылдың шілдесінде ХВҚ-ға мүше болып кіргеннен бастап өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің құрылымдық қағидалары мен қордың Жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатынастарын ұйымдастыру үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде “Валюталық реттеу туралы” алғашқы заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан сом аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстары жоқтың қасында болатын. Сонымен қатар еліміз өзінің ұлттық валютасын айналымға шығаруға дайындап, жеке алтын резервтерін құру жұмыстарын жүргізумен шұғылдануда еді. Қабылданған заң бағаны ырқына жіберу (либерализация) деңгейіне сәйкес келіп, кейбір жағдайларда дамып келе жатқан валюта қатынастарына тіпті қарама-қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда “Валюталық реттеу туралы” жаңадан заң қабылданды.

2.2 Ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудың перспективалы бағыты
Валюталық бағам дегеніміз – бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы.Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процесінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді.
Ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығына жету, инфляциялық үдерістерді тежеу,қалыпты қолма-қол ақша айналымын ұйымдастыру, елдің банк жүйесінің қызметін жақсарту, экономикалық өсімді қамтамасыз ету әрқашанда валюта саясатында басым бағыттар болды. Республика экономикасында жүргізілген реформалардың барысында Ұлттық банктің міндеттері алмасып, кеңейіп, құрамында валюта қатынасы да бар ақша-несие саласын реттеу әдістері мен тетіктері жетілді.
Ақша түсімінің көлемі мен бағыттарына бақылау жасаудан басқа валюталық реттеудің алдында қойған бірқатар маңызды міндеттердің арасынан теңгенің айырбас бағамын тұрақтандыруды, капиталдың кемуінің алдын алудың тетігін жасауды, елге валютаның ақшалай түсімінің толық түсуін қамтамасыз етуді және басқа мақсаттарды бөліп алуға болады. Шектеу негізінен капиталдың жылыстауының жолына қойылды.
Валюта әлемі бойынша негізінен экспортшы кәсіпорындардың валюта түсімін міндетті сатуының мөлшерін белгілеу, айырбас операцияларын жүргізген кезде жеке тұлғадан 1% алым алынуды енгізу, белгілі эквиваленттегі қолма-қол валюта әлемінің сомасын мағлұмдау түрінде реттеуші сипаттағы уақытша шаралар қолданылды.

Қорытынды
Курстық жұмысты қорытындылай келсек ұлттық валютамыз енгізілген он бес жыл уақыт аралығында қаржы-несие бағытында жүргізілген саясаттың дұрыс болғандығына көзіміз жете түседі. Теңгеміздің беделінің қазір өз елімізде ғана емес, тысқы жерлерде де жоғары екендігін әрбір қазақстандық орынды мақтаныш қылады. Ұлттық валютаны енгізгеннен кейін экономиканың тұрақтылығына,бағаның қалыпты жағдайға келуіне қол жетті.
Ұлттық валюта жүйесі – деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады.