Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 58 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Азаматтық құқық қатынасының


Мазмұны
Кіріспе 3
1 тарау. Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы, элементтері 5
1.1 Азаматтық құқық туралы ұғым 5
1.2 Азаматтық құқықтық реттеу тәсілдері 9
2 тарау. Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың түсінігі, шектері 16
2.1 Азаматтық құқық қатынастарының элементтері 16
2.2 Субъективтік азаматтық құқықтар. Құқықтарды саралау және қорғау 36
Қорытынды 56
Библиографиялық тізім 58

Кіріспе
Азаматтық құқық – Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік – аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінетіндігі белгілі. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады.

1 тарау. Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы, элементтері
1.1 Азаматтық құқық туралы ұғым
Қазақстан Республикасының біртұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын – азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі десек те болатын шығар. Өйткені, бұл саламен реттелінетін құқық қатынастарының шеңбері өте кең.

1.2 Азаматтық құқықтық реттеу тәсілдері
Азаматтық құқық сала ретінде толық көрінуі үшін оның реттеу тәсілдерін анықтау қажет. Көптеген ғалымдардың тұжырымдары бойынша құқықтық қатынастарды реттеу тәсілінің бірнеше түрі бар және ол құқық жүйесінің салаларына байланысты әрқилы болуы мүмкін. Азаматтық –құқықтық қатынастардың ерекшелігіне байланысты азаматтық құқығының реттеу тәсілі төмендегі ережелерге байланысты анықталады. Біріншіден, Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың заңды теңдігі, яғни азаматтық құқығының субьектілері азаматтық айналымға түсу процесінде бір-біріне тәуелсіз. Екіншіден, жеке және заңды тұлғалар азаматтық құқықпен азаматтық міндетті өз ниеттерінің негізінде жүзеге асыруы, азаматтық-құқықтық қатынастарды жүзеге асыру мүмкіншілігінің теңдігі және заң алдында бір текті қорғалуы.

2 тарау. Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың түсінігі, шектері
2.1 Азаматтық құқық қатынастарының элементтері
1. Құқық қатынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субьектілері деп аталатын қатысушылар болып табылады. Азаматтық құқықтық қатынастарының субьектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік-аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.
Құқық қатынастарын қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады.

2.2 Субъективтік азаматтық құқықтар. Құқықтарды саралау және қорғау
Біз жоғарыда айтып өткеніміздей, субъективті азаматтық құқықтар мен оған тиесілі міндеттер кез келген құқық қатынастарының, оның ішінде азаматтық құқықтың түп қазығы болып табылады. Субъективтік құқықтардың сипаты олардың саралауы арқылы көрінеді. Біріншіден, абсолюттік (шек қойылмаған) және арақатынасты құқық болып бөлінеді.

Қорытынды
Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздар және басқа да мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иемдену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі (міндеттемелік қатынас), меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иемдену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.