Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 21 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Ақшаға сұраныс пен ұсыныс


Жоспар
Кіріспе 3
1 АҚША НАРЫҒЫ 4
1.1 Ақша жүйесінің мәні және түрлері 4
1.2 Ақшаға сұраныс пен ұсыныс 8
1.3 Ақшаның өндіріс көлеміне ықпалы 15
Қорытынды 19
Әдебиеттер тізімі 21

Кіріспе

Икемді ақша саясаты қоғамдық ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеудің аса маңызды құралдарының бірі. Дж.М. Кейнстің пікірінше, оның инфляциялық әсерін фискальдық саясат және баға мен жалақыны бақылау арқылы кемітуге немесе белгілі шекте шектеуге мүмкіндік туады. Тұрақты жалақы мен өте баяу өзгеретін баға денгейі кейнсиандық үлгінің пәрменділігінің шарттары. Бірақ, жалақы мен бағаны заң актілері арқылы шектеу, олардың негізгі қоғамдық қызметі-қоғамдық қажетті шығындарды өлшеу мүмкіндіктерінен ажыратып, экономикалық дұрыс шешім қабылдауға, яғни нені, қалай және кім үшін өндіру қажеттігін айқындауына бөгет болады. Жоғарыда ескертілгендей, кейнсиандық үлгі бойынша ақшалай ұсыныстың ұлғаюы нақтылы өндірістің ынталандырушысы қызметін атқарады. Кейнсшілердің ойынша ақша көлемін артуы несие өсімінің төменлеуіне, қаржыландыруды, өндіріс пен іске тартылуды ынталандыруға ықпал етеді.
Ақшалай ұсыныстың артуы тек қысқа мерзім ішінде ғана өндірістің өсуіне мүмкіндік жасайды. Ал оның ұзақ мерзімдік нәтижесі тіпті де басқаша. Ақша мөлшерінің артуы бағаның шұғыл өсуіне әкеледі де, ол өз кезегінде өсім деңгейінің инфляциясын өршітеді. Алғашында халық қолындағы ақша табыстарының өсуі олардың тұтыну мүмкіндіктерін арттырып, өндірісті ынталандыруға қызмет етеді. Соңынан бағаның шарықтауына сәйкес халықтың нақтылы ақша мөлшері (тауардың бағасымен салыстырғанда) азайып, сұраныс пен өндірістің ара қатынасы жаңа жағдайларды өте жоғары баға деңгейінде теңеседі.

1 АҚША НАРЫҒЫ

1.1 Ақша жүйесінің мәні және түрлері

Дүние жүзінде әр түрлі ақша айналымының жүйелері бар, ол тарихи даму кезеңдерінен өткен және әр мемлекеттің заңымен бекітілген. Ақша айналымының басты компоненттері мыналар:
1. Ұлттық ақша өлшемі (доллар, теңге, сом, франк, марка, иена, крона және т. б ) олар арқылы тауарлар мен қызмет көрсету бағалары белгіленеді.
2. Несие және қағаз ақшалар, монеталар жүйесі, олар қолма-қол айналымдағы заңды төлем құралдары болып саналады.
3. Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни айналымға ақша шығарудың заңды түрде бекітілген тәртібі.
4. Ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік органдар.
Ақша айналымы жүйесінің негізгі екі түрі бар:

1.2 Ақшаға сұраныс пен ұсыныс

Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір пропорциялардың болуын қалаңды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.
Ақшаға сұраныс шаруашылық агенттерінің сақтап жүрген ақша қаржыларының мөлшерімен анықталады. Шын мәнінде ол ақша қорына немесе қалған номиналды ақшаға деген сұраныс. Ақшаға сұранысты теориялық талдау мен рыноктағы теңдік жағдайларын зерделеу бұл мәселелерде екі негізгі экономикалық мектептің «монетарлық және кейнстік макроэкономикалық үлгілердің пайда болғанан көрсетеді.

1.3 Ақшаның өндіріс көлеміне ықпалы

Неокейнсиандықтар мен монитаристердің теориялық айтыстары қалай дегенмен баға белгілеу немесе ақшаға сұраныс мәселесі төңірегінде емес, ақшаның рыноктык шаруашылық дамуына әсері қандай деген проблемада жатыр. Бұл мектептің рыноктық экономика механизмінің қызметі туралы түсініктері әр түрлі.
Монитаристер неоклассиктер сияқты барлық ресурстарды толық пайдалану жағдайында нарықтық экономика тепе-теңдікті автоматты түрде сақтауға ұмтылады дегенді жақтайды. Өйткені экономикалық дамудың «қозғаушы» және «тұрақтандырушы» тетіктері мүлтіксіз жұмыс істейді. Сондықтан мемлекеттік саясат ұдайы өндіріс проценттеріне жанама түрде ғана араласуы керек, өйткені ол кәсіпкерлік еркіндікке зиян келтіріп, оны жоққа шығарады. Алайда өздерінің болжамдарына берік неокейнсияндықтар рынок шаруашылығының ішкі механизмі экономиканы ұзақ кезеңді тоқыраудан, дағдарыстан шығара алмайтын деп жариялайды. Сондықтан олар рыноктық шаруашылықты мемлекеттік реттеу саясатын белсенді насихаттайды.

Қорытынды

Жоғарыда айтылғандарға байланысты ақша саясатының қысқа және ұзақ мерзімді нәтижелері болатындығын көреміз. Бұл мәселеде де неокейнсияндықтар мен монитаристердің позициялары сәйкес келмеді. Неокейинсияндықтар үшін жалақы және баға икемсіз құралдар олардың рыноктық шаруашылықтың дамуына әсері шектеулі, сондықтан қысқа мерзімге болса да үкімет ақша массасын ұлғайту арқылы көрсетілген кесте бойынша ЖҰӨ-нің өсуін қамтамасыз етеді. Ұзақ мерзімді жоспарда мұндай ақша саясаты ЖҰӨ-нің едәуір өсуіне әкелмейді, ол тек инфляцияны туғызады.