Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Жаратылыстану ғылымдары

Тип: Диссертация

Объем: 34 стр.

Полный просмотр работы

Жоғары оқу орнында болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру

Мазмұны
Кіріспе 3
Негізгі бөлім 12
Қорытынды 29
Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды 32

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Егемендік алған кез-келген елдің, халықтың ең басты міндеті – жас ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастырып, шыңдауға қызмет ететін білім жүйесін қалыптастыру. Білім берудің ұлттық жүйесін құру –ұлттық мәдениетті оқу-тәрбие процесінде пайдалану арқылы ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеу. Болашақ мұғалімдерді этнопедагогикалық біліммен қаруландыру мақсатында, халықтық дәстүрлердің тәрбиелік мүмкіндіктерін ашу - осы мәселені шешу жолдарының бірі.

Негізгі бөлім
Болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдірудегі зерттеу жұмысымыздың өзектілігін ашуда біз әдіснамалық негізде кәсіби білім беру теориясы мен этнопедагогикалық тұжырымдарға сүйендік.
Осыған байланысты біз зерттеу тақырыбымызбен тікелей байланысты келесі екі топқа жататын ұғымдардың анықтамаларына талдау жасадық. Бірінші топқа кәсіби білім беру теориясына байланысты «кәсіби даярлау», «кәсіби даярлық» және «кәсіби құзіреттілік», ал екінші топқа «этнопедагогикалық іс-әрекет», «этнопедагогикалық мәдениет», «этнопедагогикалық даярлау», «этнопедагогикалық құзіреттілік» ұғымдары жатады.

Сурет 1 - Болашақ география мұғалімін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру моделі.
Бұл міндеттер мен принциптер негізінде болашақ география мұғалімін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру жүйесі анықталды (2- сурет).
Бұл жүйенің мазмұны жалпыкәсіби, географиялық және этнопедагогикалық білімдерді қамтитын жоғары кәсіби білім стандарттары бойынша тағайындалған пәндер және практика бағдарламаларына қосымшаларды, арнайы семинар мен арнайы курстарды камтиды. Осы қаланған мазмұнды жүзеге асыруға толық мүмкіндік беретін педагогикалық технологияны қадағалауды қажет етеді. Бұл технология жоғары оқу орындарының педагогикалық процесіне сай болуы және көрсетілген мазмұнды біртұтастық принципке негізделуі тиіс. Мақсатқа жетудің әр кезеңі оқытудың негізгі курсына сәйкес болу керек. Олай болса, болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдірудің төрт кезеңі анықталды:

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың айқындаушы кезеңінде студенттердің, география мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығының бастапқы деңгейін анықтау үшін әртүрлі диагностикалық әдістер қолданылды. Оның нәтижесінде болашақ география пәні мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығы жеткіліксіз деңгейде қалыптасқанына көз жетті.
Қалыптастырушы эксперименттің бірінші кезеңінде (барлығы төрт кезең) «Болашақ география пәні мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығын қалыптастыру ерекшеліктері» атты оқытушаларға арналаған

Қалыптастырушы эксперименттің төртінші кезеңінде студенттер толық сабақ және тәрбие жоспарларын өз беттерімен жасай алады.
Сонымен, қалыптастырушы эксперимент барысында студенттер негізгі мамандыққа байланысты пәндерді меңгерді. Олар: педагогикалық-психологиялық, географиялық, этнопедагогикалық пәндер және далалық және педагогикалық практикаға барды. Далалық практика кезінде студенттер өздері жергілікті жерге зерттеу және бақылау жұмыстарын жүргізді, Педагогикалық практика кезінде студенттің алғашқы кәсіби қалыптасу кезеңі жүреді. Осы уақытта студент білім берумен қатар тәрбие жұмыстарын қатар жүргізеді. Білім беру процесі және тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде этнопедагогикалық бағыттағы жұмыстар көп жүргізілді. Олар: арнайы сынып сағаттары, ашық тәрбие сағаттары.

Қорытынды
Сонымен, зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:
1. Болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлау тұтас жүйе болуы тиіс және жоғары білім берудің мемлекеттік стандартындағы барлық циклдер пәндеріндегі этнодидактикалық бірліктерді қамтитын пәнаралық негізде іске асырылуы керек. Болашақ география мұғалімдерін даярлауда жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік стандарттарының, оқыту бағдарламаларының, оқу жоспарларының, оқу-әдістемелік құралдарының және басқа да оқу-әдістемелік кешен құралдарының мазмұнын талдау

Жасалынған қорытындылар негізінде мынадай ұсыныстар айтуға болады:
- жоғары оқу орнында болашақ география мұғалімінің этнопедагогикалық даярлығын қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру қажет;
- география мамандығының оқу жоспарына этногеографиялық білімдерді қалыптастыруға бағытталған пәндер енгізілуі тиіс;

Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды
1 Географиялық білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелері // Қазақстан географиясы: мазмұны, мәселелері, келешегі: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (20-22 сәуір 2006 ж). - Алматы: Аркас баспасы, 2006. – Б. 369-374. (К.Д. Кенжина, Г.М. Жанғожинамен авторлық бірлестікте).
2 Болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың шарттары // География в школах и вузах Казахстана. – 2006. - №5 . – Б. 7-8.
3 Этникалық тәрбие беруде топонимиканың рөлі // Ұлт тағылымы. – 2007. - №1. – Б. 46-50.
4 Болашақ география пәні мұғалімдеріне климотологияны халық педагогикасы негізінде оқыту // Ізденіс. – 2007. - №2. – Б. 232-236.
5 Болашақ мұғалімге экологиялық білім беруде халық педагогикасының рөлі // Қазақстан жоғары мектебі. – 2007. - №2. – Б. 52-55.
6 Болашақ география пәні мұғалімдерін даярлауда этнопедагогиканың рөлі // Наука и образование – ведущий фактор стратегии «Казахстан - 2030»: труды Х Юбилейной Международной научной конференции (26-27 июня 2007г.). – Караганда, 2007. – Б. 267-270.
7 Географиялық білім беруде этнопедагогиканың орны // Білім беру реформасы – Қазақстанның нақты бәсекеге қабілеттілігіне апарар жол: VII Халықаралық Байқоңыров оқулары материалдарының жинағы (28-30 мамыр 2007ж.). - Жезқазған, 2007. – Б. 72-74.
8 Жер-судың аты – ұлттық байлығымыз // Ұлт тағылымы. – 2007. - №3. – Б. 28-31.
9 Этнопедагогикалық білімнің география пәні мұғалімдерін даярлаудағы орны // Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы. – 2007. - №2(46). – Б. 136-138. (С.Т. Каргинмен авторлық бірлестікте).
10 Кәсіби білім беруде этнопедагогиканың орны // Наука и образование – ведущий фактор стратегии «Казахстан - 2030»: труды Международной научной конференции (24-25 июня 2008г.). – Караганда, 2008. – Б. 432-435.
11 Этнопедагогическая подготовка учителей географии в условиях высшего учебного заведения //«Динамика исследования - 2008»: материалы IV международной научной практической конференции (16-31 июля 2008г.). – София: Бял ГРАД-БГ ООД, 2008. – Б. 68-71.
12 Болашақ мұғалімнің этнопедагогикалық даярлығын жетілдірудегі педагогикалық жоғары оқу орнының білімдік ортасының ерекшелігі // Жаһандану және қазіргі замандағы университеттер: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (26-27 қыркүйек 2008ж). – Қарағанды, 2008. – Б. 51-54. (С.Т. Каргинмен авторлық бірлестікте).
13 Халықтық географиялық білімнің этнопедагогикалық құндылығы // Этнопедагогика. – 2008 - № 05(23). – Б. 21-26. (С.Т. Каргинмен авторлық бірлестікте).
14 Топонимика (әдістемелік нұсқау). – Қарағанды: ТОО Санат-Полиграфия баспасы, 2007. – 30 б. (П.А. Мақсұтова, Г.Б. Абиевамен авторлық бірлестікте).