Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 27 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

ҚР Сайлау жүйесі


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ САЙЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ 4
1.1 Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы ұғымы 4
1.2 Сайлау құқығы принциптері 5
1.3 Сайлау жүйелері ұғымы 7
1.4 Қазақстан Республикасындағы сайлау органдары жүйесі 9
ІІ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЙЛАУШЫЛАР МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІ 13
2.1 Сайлаушылар дауыс беру үрдісі 13
2.2 Сайлаушылар мінез-құлқын зерттеудегі әлеуметтік-психологиялық әдіс 17
2.3 Сайлаудағы тиімді бағыт теориясы 22
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27

КІРІСПЕ
Сайлау заңдылықтарын реформалау 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдаудан және 1993 жылғы 2 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінен басталды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясы сайлау нормаларын одан әрі өзгертуге себеп болды. Мұндай нормативтік акт Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қырқүйектегі конституциялық заң күші бар Жарлығы болды. Ол кейін "Қазақстан Респуб-ликасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы деп атауын өзгертті. (Аталған заңға ҚР-ның 1997 жылғы 19 маусымдағы №133-1, 1998 жылғы 8 мамырдағы №222-1, 1998 жылғы 6 қарашадағы №285-1 және 1999 жылғы 6 мамырдағы №375-1 Конституциялық заңдарымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді).
Сайлау құқығының теңдігі принципі сайлаушылар кез келген сайлауға тең негіздерде қатысады және олардың әрқайсысы тиісінше бір дауысқа ие болады дегенді білдіреді (Сайлау туралы Конституциялық заңның 5-бабы). Тең сайлау құқығы сондай-ақ Парламент, Мәслихат депутаттығына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына кандидаттардың да сайлауға тең негіздерде қатыса алатындықтарынан көрінеді. Әрбір сайлаушы тек бір тізімге ғана енгізіледі және ол өзі дауыс беруге міндетті.
Қазақстан Республикасында өткізілетін сайлаулардың барлығында дерлік дауыс беру нәтижесін анықтаған кезде көпшілік принципі қолданылады. Бұл жүйе халықаралық тілмен айтқанда можаритарлық сайлау жүйесі аталады. Мажоритарлық жүйеден басқа Қазақстан Республикасында кейінгі уақытта, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаған кезде пропор-ционалды (тепе-теңдік) сайлау жүйесі қолданылады.

І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ САЙЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ
1.1 Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы ұғымы
Президентті, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, Мәслихат депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі принциптері бекітілген заңдық нормалар жиынтығы Қазақстан Республикасының сайлау құқығы болып табылады. Сайлаулар референдуммен қатар, халықтық биліктің жоғары нысаны бола отырып, демократияның маңызды бір элементін құрайды.
Сайлаулар азаматтардың мемлекеттік билік органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құруға тікелей қатысуын қамтамасыз ете отырып, тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығын жүзеге асыруға ықпал етеді. Сайлау құқығы Республикадағы конституциялық дамуға байланысты үнемі жетілдіріліп отырады.

1.2 Сайлау құқығы принциптері
Сайлау құқығы принциптері Конституцияға және Республиканың сайлау заңдарына бекітілген.
Негізгі принцип жалпыға бірдейлік, мүліктік және басқа да сипаттағы шектеулерге қарамастан, он сегіз жасқа толған барлық азаматтардың сайлауға қатысу мүмкіндігі болып табылады (Конституциялық заңның 4-бабы). Сонымен бірге жалпыға бірдейлік принципі тиісті сайланбалы органға сайлану мүмкіндігін білдіреді. Сайлау туралы конституциялық заңның 4-бабы әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген басқа жағдайларға байланысты сайлау құқығын шектеуге жол бермейді. Сайлау құқығын шектеу сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтарға қатысты қолданылады. Олардың сайлауға қатысуға құқығы жоқ және сайланбалы лауазымдарға сайлана алмайды.

1.3 Сайлау жүйелері ұғымы
Сайлау жүйесі — заңмен белгіленген ережелер, принциптер және бағамдардың жиынтығы, олардың көмегі арқылы дауыс беру нәтижелері анықталады.
Қазақстан Республикасында өткізілетін сайлаулардың барлығында дерлік дауыс беру нәтижесін анықтаған кезде көпшілік принципі қолданылады. Бұл жүйе халықаралық тілмен айтқанда можаритарлық сайлау жүйесі аталады. Мажоритарлық жүйеден басқа Қазақстан Республикасында кейінгі уақытта, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаған кезде пропор-ционалды (тепе-теңдік) сайлау жүйесі қолданылады.
Мажоритарлық жүйенің екі түрі бар:

1.4 Қазақстан Республикасындағы сайлау органдары жүйесі
Қазақстан Республикасында сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады (Сайлау туралы Конституциялық заңның 10-бабы).
Сайлау органдарының біртұтас жүйесін:

ІІ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЙЛАУШЫЛАР МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІ
2.1 Сайлаушылар дауыс беру үрдісі
Демократияны танымал зерттеуші Р. Даль демократиялық мемлекет, демократиялық басқару үшін қажетті демократиялық саяси институттар қатарында:
1. Лауазымды кызметкерлерді сайлау;
2. Еркін, әділ, жиі өткізілетін сайлаулар;
3. Өз ойын еркін жеткізу;
4. Балама ақпарат көзінің болуы;
5. Бірлестіктер автономиясы;
6. Жалпы азаматтық құқты көрсеткен.
Бірінші орынға азаматтардың лауазымды қызметкерлерді сайлауы қой-ылған, бұл өз кезегінде өкімет қабылдайтын шешімдерге конституциялық бақылауды жүзеге асыруға мұмкін береді. Жиі өткізілетін сайлауларда еркіндік және әділдік принциптерінің сақталуы азаматтарға өз тандауларын жасауға жағдай жасайды.

2.2 Сайлаушылар мінез-құлқын зерттеудегі әлеуметтік-психологиялық әдіс
Сайлаушылар мінез-құлқын зерттеудегі келесі әдіс — әлеуметтік-психологиялық модель. Бұл бағыт өкілдерінің пікірінше, дауыс беру сайлаушылардың өздерінің жеке партияларға сенімділігін, өздерін олармен саяси ұқсатуын көрсететін құралы. Осы бағыт негізін қалаушылар Мичиган мектебі зерттеушілерінің пікірінше, сайлаушылар таңдауы өзара байланысты себептер жиынтығына негізделеді. Себептердің ең негізін әлеуметтік-саяси қарама-қайшылықтарды туындататын әлеуметтік-экономикалық жағдайлар құрайды. Себептердің келесі деңгейі әлеуметтік-экономикалық факторлардың әлеуметтік-топтық шыдамдылығы мен құндылық бағытына ықпалы.

2.3 Сайлаудағы тиімді бағыт теориясы
Келесі бағыт — тиімді таңдау теориясы. Тиімді таңдау теориясы — американдық саясаттану мектебінің танымал бағыттарының бірі. Бұл тео-рияға сәйкес — саясат саласында барлық адамдар балама мақсаттар мәнін есепке ала отырып, әрі өз мақсатына қол жеткізу үшін тиімді әрекеттер негізінде өз мүдделерін жүзеге асыруға саналы түрде ұмтылады. Жалпы бұл теория шеңберінде жеке таңдау үрдісіне көп көңіл бөлінеді. Әлеуметтік-психологиялық және социологиялық әдістермен салыстырар болсақ бұл әдістің ерекшелігі индивидке әсер ететін сыртқы факторлардан гөрі, оның ішкі әлеміне көп мән беруінде.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы — Республиканың он сегіз жасқа толған азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген басқа жағдайларға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 11-бабы Орталық сайлау комиссиясының құрылу тәртібін, құрамын және қызметін реттейді. Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық өтеді және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
Орталық сайлау комиссиясы Республика Президентінің ұсынуы бойынша Парламент Мәжілісі қызметке сайлайтын және қызметтен босататын комиссияның тәрағасынан, төрағасының орынбасарынан, хатшысынан және мүшелерінен тұрады. Төраға мен хатшының жоғары білімі болуға тиіс.