Бағалау қызметін ұйымды - құқықтық реттеу
Жоспар
1 Бағалау қызметін ұйымды - құқықтық реттеу 3
1.1 Кәсіпорынның қайта құрылымы - өнеркәсіп аясындағы бағалау қызметінің нарықтарын қалыптастыру негіздері 3
1.2 Бағалау қызметінің нарықтағы инфрақұрылымның пайда болуы, оны жетілдіру және шаруашылық жүйесін басқару 4
1.2.1 Кәсіпорын ресурстарын басқару кеңістігі 6
Әдебиеттер 8
1 Бағалау қызметін ұйымды - құқықтық реттеу
1.1 Кәсіпорынның қайта құрылымы - өнеркәсіп аясындағы бағалау қызметінің нарықтарын қалыптастыру негіздері
Кәсіпорындар ресурстарының нарықты құрылу үрдісі (материалдық және материалдық емес), олардың нарықтық айналымға кіруі, Қазақстандағы меншіктік қайта құрылымның жаңа кезеңімен тікелей байланысты. Бұл үрдістің тежелуіне әлде де түрлі операциялар жасағанда ресурстарды кұндылық бағалаудың жоқтығы себеп болып отыр.
Кәсіпорынның мүліктік және мүліктік емес потенциал кұндылығының анықталуы, мемлекеттік немесе мемлекеттің қатысуымен, нарықтық инфрақұрылымның жүйесін құру қызметін бағалауға байланысты. Өндірістік операцияларды басқару механизмдерге байланысты мынадай бөлімдерден тұрады:
Өндірістік ресурстар мен операцияларды басқару механизміне байланысты топтар
1.2 Бағалау қызметінің нарықтағы инфрақұрылымның пайда болуы, оны жетілдіру және шаруашылық жүйесін басқару
Кәсіпорын ресурстарын, бүгінгі уақыт шарттарына сай, шаруашылықта жүйемен басқару және адекватты құру мақсатында нарықтардың инфрақұрыл ымының пайда болуы мен бағалау қызметін жетілдіру, келесі негізгі жағдайларды қажет етеді.
Біріншіден, Қазақстан экономикасының мемлекеттік сектордағы елеулі үлесі, құрылымдық қайта құру үрдістерінің ұзақтығы мен күрделілігін объективті шарттайды.
Екіншіден, өнеркәсіпті қайта құру үшін инвестициялық ресурстарды тарту, кәсіпорындардың бәсекеге қабілетілігі мен тиімділігін жоғарлату мүмкіндігін арттырады. Сонымен бірге меншік иесін ауыстыру жолымен ғана емес (мысалы, мемлекеттік немесе муниципалды мүлікті жекешелендіру үрдісі), меншік түріне тәуелді емес мүлікпен операциялар жолымен жүргізіледі.
Кәсіпкерлік қызметтің бағыттары
1.2.1 Кәсіпорын ресурстарын басқару кеңістігі
Мүліктік құқықтар бағалау объектілерінің құқық жиынтығы болып табылады да, олардың кейбірі мүліктің иемденушісі немесе заң бойынша оқшаулануы мүмкін. Нәтижесінде кейбір құқықтар мен міндеттемелер мәміленің басқа жағына беріледі де, әрбір жаққа мүлікке деген белгілі жиынтық құқықтар қалады. Бұл құқықтар мынадай болуы мүмкін: кәсіпорын ресурстарымен белгілі операциялар жүргізу үшін, иелік ету немесе жеке ресурстарды қолдану құқығын уақытша шектеу, сонымен қатар олардың қайта құрылымы туады. Құқықтардың әрбір шектеуі (ауыртпалығы) және оларды қолдану тәсілі, кәсіпорын мен ресурстарды бағалау құнына әсер етеді.