Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 27 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

ҚР қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығының сипаттамасы


Жоспар
Кіріспе 3
1 ҚР ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН АҚПАРАТТАНДЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ БӨЛІМІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ 5
1.1 ҚР қаржы министрілігінің сипаттамасы 5
1.1.1 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің заңды мәртебесі, атауы, орналасқан жері және басқаруы 5
1.1.2 Кәсіпорын қызметінің мәні және мақсаттары 10
1.1.3 Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің қосымша мәліметтері 11
1.3 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы 21
1.4 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар 22
1.4.1 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар 22
1.4.2 Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар 23
1.4.3 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар 24
1.4.4 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар 25
1.5 Концептуалды схема 27

Кіріспе

Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға « ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын « қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.

1 ҚР ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН АҚПАРАТТАНДЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ БӨЛІМІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ

1.1 ҚР қаржы министрілігінің сипаттамасы

1.1.1 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің заңды мәртебесі, атауы, орналасқан жері және басқаруы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 қаңтардағы №20 қаулысына сәйкес құрылды және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бас есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қайта атауы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі 1999 жылғы 9 шілдедегі № 951 қаулысына сәйкес қайта аталды.
Кәсіпорынға қатысты республикалық мемлекеттік меншік құқығының функциясын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - Уәкілетті орган) орындайды.
Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Мемлекеттік басқару органы) болып табылады.

1-сурет. ҚР Қаржы Министрлігінің ұйымдастырушылық құрлымы
СК (НК) - Сақтандыру комитеті (Налоговый Комитет)
ОА (ЦА) - Орталық аппарат (Центральный аппарат Министерства
государственных доходов РК)
ҚК (КК) - Қазына Комитеті (Комитет казначейства)
ДБК(КНД)-Дәрменсіз борышкерлер комитеті (Комитет по несостоятельными должниками)

1.1.2 Кәсіпорын қызметінің мәні және мақсаттары

Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты қаржы саласында ақпараттық жүйелерді әзірлеу және ақпараттық - есептеу қызметтерін көрсету болып табылады.
Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін Кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін орындайды:
1. Мемлекеттік басқару органының бөлімшелеріне және басқа ұйымдарға ақпараттық - есептеу қызметтерін көрсету;
2. Ақпараттық технологияларды енгізу мәселелері жөніндегі үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;
3. Мемлекеттік басқару органының жергілікті есептеу желісінің және коммуникациялық жабдықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4. Қазіргі технологиялық және бағдарламалық құралдардың базасында ақпараттық жүйені әзірлейді және енгізеді, бөлімшелердің тапсырыстары және Мемлекеттік басқару органы бекітілген жоспары бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді алып жүру;
5. Есептеу және коммуникациялық техникаларының құралдарын жабдықтау, техникалық және жүйелік қызметін көрсету;
6. Есептеу техника құралдарын пайдалануды қоса алғанда жаңа және қолданып жүрген нұсқаулар мен әдістемелердің жетілген ережесін жасау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;

1.3 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы

Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің ақпаратты қорғау бөлімінің жұмыс істеу жүйесін автоматтандыру. Ақпараттық жүйені құрудағы мақсатым қазіргі кезде индустриялды экономикадан ақпараттық экономикаға көшу үрдісі жүріп жатыр.
Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар қарқынды жылдамдықпен дамуда. Сол дамудан артта қалып қалмау үшін жаңартылып жатқан технологияларды меңгере отырып жүйелерді жаңартып отыру қажет. Бұл сала соңғы озық технологияларды пайдаланса бұл жүйе жұмысының өнімділігі және қауіпсіздігі артады, яғни бұл жүйені автоматтандыру қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда элементтерін, талаптарын, құжат түрлерін, объектілерін, субъектілерін, заңдарын және т.б. сияқты жайттарды ескеруіміз қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды орындау қажет.
Бұл талаптар мыналар:

1.4 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар

Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады.

1.4.1 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар

Ақпараттың қолдануысыз басқару процесі мүмкін болмағандықтан, ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.
Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.

1.4.2 Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар

Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.
Ақпараттық жүйені тұрғызу – ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де жұмысы көп кезең.

1.4.3 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар

Техникалық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйе жұмыс істеуді қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең жеке операциялардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады.
Барлық операцияларды үш сатыға топтауға болады:

1.4.4 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар

Программалық жабдықтау деп – техникалық жабдықтау жүйесі жұмыс істеуде жабдықтайтын ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын программалардың бірігуін ұғуға болады. Ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты жұмыс істейтін пішіні болады. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнаулы программалық жабдықтау.

Нақты объектінің ақпараттық жүйесінің арнаулы программалық жабдықтауына функционалды ҚПП кіреді. Функционалды ҚПП деп параметрлік икемділік бар және басқару шешімін қабылдауға қажетті ақпаратты алуға бағытталған, өзара байланысқан программалардың бірігуі айтылады. Нақты басқару объектісінің әрбір ақпараттық жүйесінде осы ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын, өзінің функционалдық ҚПП –нің жиынтығы болады. Арнаулы программалық жабдықтауға нақты ақпараттық жүйені тұрғызудағы оның қызметін жүзеге асыру үшін құрастырылатын жеке есептердің шешілу программалары және функционалдық ҚПП – ң бірігуі жатады.
Программалық жабдықтау
4-кесте

1.5 Концептуалды схема
Концептуалды схема ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында басты әдістемелік тұрғыда қарастыруда көрсетеді. Ақпараттың жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік аспектілерін бейнелейді, және негізгі құралдарды анықтайды.
Ақпараттық жүйелер-бұл күрделі жүйе болып келеді.