Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 20 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Кәсіпкерліктің теориялық негіздері


Жоспар
Кіріспе 3
І. Кәсіпкерліктің теорияларық негіздері 5
1.1 Кәсіпкерліктің пайда болу және даму негіздері 5
1.2 Шағын және орта кәсіпкерліктің мәні, мазмұны атқаратын экономикалық қызметтері 7
ІІ. Шағын кәсіпорындарды құру мен дамытудың шетелдік тәжірибесі 11
2.1 АҚШ-тағы шағын бизнесті дамыту тәжірибесі 11
2.2 Жапониялық шағын және орта бизнестің дамуы 12
ІІІ. Қазақстан Республикадағы кәсіпорындардың дамуына талдау 14
3.1 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуының алғы шарты 14
3.2 Қазақстан Республикасының кәсіпорындарының қазіргі кезеңдегі ахуалы және оларды дамыту жолдары 15
Қорытынды 18
Қолданылған әдебиеттер 19
Қосымша 20

Кіріспе

Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлікке барынша қолдау көрсету мәселелеріне айрықша көңіл бөлуде. Оның «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы осы мәселеге арналған. Мемлекет басшысы құқықтық және қаржы – материалдық базаны одан әрі жетілдіріп, жер – жерде азаматтарды шағын бизнеске тарту үшін қолайлы жағдай жасалуына жоғары талап қойып, бұл мәселені ұлттық экономиканың стратегиялық аса маңызды секторы ретінде қарастырып отыр. Алайда, қабылданған шаралардың іс жүзінде нақты жүзеге асуы жеткіліксіз болып отыр. Шағын бизнеске қолдау көрсетуге бөлінетін қаржы мардымсыз болып тұр. Шағын кәсіпорындарды қаржыландырудың ықтимал көздерін іздестіру жұмысының жолға қойылуы да қанағаттанғысыз. Екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта кәсіпорындарға бірінші кезекте несие беру тәртібі баяу енгізілуде.

І. Кәсіпкерліктің теорияларық негіздері

1.1 Кәсіпкерліктің пайда болу және даму негіздері

Жалпы, француз тілінен тарағап «кәсіпкерлік» ұғымын экономика теориясына ХVІІІ тасырда тұңғыш рет ағылшын банкирі әрі экономисі Р. Кантильон енгізді. Р. Кантильон «кәсіпкер» деп бағаның тұрақсыздығы мен болашағын болжауға болмайтын жағдайда тауарларды сату мен сатып алу процестеріне қатысатын, бірақ кірістерінің жалпы сомасын біле бермейтін адамдарды (саудагерлерді, шаруаларды, қолөнершілерді т.б.) атаған. Оның пікірінше, кәсіпкердің басты ерекшелігі ретінде тәуекелшілдік қарастырыл ады.

1.2 Шағын және орта кәсіпкерліктің мәні, мазмұны атқаратын экономикалық қызметтері

Республикамызда 1997 жылы қабылданған шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі заңдар мен қаулылар шоғырында экономиканың бұл саласын дамытуға мемлекеттің шындап кіріскені байқалады. 1997- жылдың 19 маусымында жарнамаланған «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңда шағын кәсіпкерлік нысандарына жыл бойына орта есеппен жұмыскерлер саны 50 адамнан аспайтын заңды тұлға немесе заңды тіркелмеген жеке тұлға жататындығы белгіленген.
Нарық экономикасы жеткілікті дамыған елдердің өзінде соңғы уақытта кәсіпкерлік белсенділігі артып отыр. Шағын кәсіпкерлікпен айналысуға бел буған адамдар бизнесті, әдетте, өзінің жекеменшік ісімен бастаған. Айталық АҚШ - та 1950 жылдары орташа есеппен 130 мың фирма тіркеуден өтсе, оның мөлшері 60-шы жылдары - 200, 70-ші жылдары - 350, 90-шы жылдары - 600, осы ғасырдың алғашқы жылдары - 900 мыңға жеткен.

ІІ. Шағын кәсіпорындарды құру мен дамытудың шетелдік тәжірибесі

2.1 АҚШ-тағы шағын бизнесті дамыту тәжірибесі

Шағын кәсіпкерлік базар қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, базардың тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының қрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады.

2.2 Жапониялық шағын және орта бизнестің дамуы

Шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде Жапония мемлекеті де үлкен тәжірибеге ие болып отыр.
Жапонияда шағын бизнеске ерекше назар аударады. Себебі шағын бизнесті дамыту арқылы Жапония соғыстан қираған елден жоғары технологиялық дамыған елге айналды. Жапонияның халық шаруашылығында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны, тауар айналымы басқа секторлармен салыстырғанда алдыңғы қатарда тұр. Дәстүр бойынша әрбір ірі корпорация өз жанында бірнеше шағын кәсіпорын құрады. Бұл кәсіпорындар бас кәсіпорынға тәуелсіз болады және өздерінің ұйымдық құрылымын жасайды, жаңа өнімдерді шығара бастайды.

ІІІ. Қазақстан Республикадағы кәсіпорындардың дамуына талдау

3.1 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуының алғы шарты

Республикамызда нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы маңызды міндеттердің бірі – шағын кәсіпкерлікті дамыту. Шағын кәсіпорындар экономиканың құрылымдық қайта құруын жеделдетеді, тұтынушылардың сұранысына жедел әрекет етеді. Республикада шағын бизнестің дамуы мен қызмет жасауына қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шарттарды қалыптастырудың алғашқы қадамдарды жасалуда. Оған келесі жағдайлар бекітіліген:

Қорытынды

Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдау мен дамыту мәселесі Қазақстанның экономикалық саясатының стратегиялық міндеттерінің қатарынан саналады. Соңғы жылдардағы кәсіпкерлікті қолдау жөнінде қабылданған заңдар мен бағдарламалардың шоғыры орталық басқару органдарының бұл салаға шынайы назар аударғанын айғақтайды. Мемлекет басшысының «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді стратегиялық еңбегінде әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарының бірі ретінде кәсіпкерлікті қолдау атап өтілгені жайдан-жай емес. Кәсіпкерлік пен бизнесті тиімді қолдау мен жеделдете дамыту міндетін орындау жекелеген тұлғаның, кәсіпорынының немесе шаруашылық саласының ғана емес, тұтас мемлекеттің экономикалық болашағын айқындайтын негізгі факторлардың бірі. Әлеуметтік басым бағыттағы нарық экономикасын дамытуға талпынған біздің мемлекетіміз үшін шағын кәсіпкерлік пен бизнестің мәні мен құрылысын, тиімді үрдістерін зерттеп - зерделеп алу қай жағынан да өте пайдалы болар еді. Сондықтан да кәсіпкерлік пен бизнес дамуының әлемдік тарихына ғылыми шолу жасау аса қажет.