Электромагниттік толқындарды эксперементте бақылау
Жоспар
Кіріспе 3
Негізгі бөлім 9
1 Электромагниттік толқындарды эксперементте бақылау 9
2 Ашық тербелмелі контур 10
3 Герц тәжірибелері 11
4 Электромагниттік сәулелер ағынының тығыздығы 13
Қорытынды 18
Пайдаланған әдебиеттер 19
Кіріспе
а) Электромагниттік толқын.
Электр заряды бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстырып қана қоймай, бір түзудің бойымен шапшаң тербеліс жасайды. Заряд серіппеге ілулі жүк сияқты қозғалып, үлкен жиілікпен тербеледі. Сонда зарядтың тура жанындағы электр өрісі болса, енді зарядтан үлкен ара қашықтықта, айнымалы электр өрісін т. с. с. туғызатын болады.
Тербелуші заряд тудыратын электромагниттік өрістің пайда болуының күрделі процессін біз егжей-тегжейлі қарастырмаймыз. Тек соңғы нәтижені ғана келтіреміз.
Заряд қоршаған кеңістікте, бір-біріне перпендикаляр болып, периодпен өзгеретін электр және магнит өрісінің жүйесі пайда болады да, барған сайын үлкен аймақтарды қамтып жайылады.
Кеңістіктің әр нүктесінде электр және магнит өрістері уақыт бойынша периодты өзгереді. Неғұрлым нүкте зарядтан алысырақ тұрса, өрістердің тербелістері оған соғұрлым кішірек жетеді. Олай болса, зарядтан әр түрлі қашықтықтағы тербелістер әр түрлі фазамен жасалады.
Негізгі бөлім
1 Электромагниттік толқындарды эксперементте бақылау
Электромагниттік толқындардың тұнғыш рет қалай алынғанымен танысалық. Бұл толқындардың пайда болу процесі күрделі, біз оларды жалпы сипатта ғана қарастырып өтеміз.
Электромагниттік толқын айнымалы электр және магнит өрісінің өзара байланыстары арқылы пайда болады. Бір өрістің өзгерісінен келіп екінші туады.
Неғұрлым магнит индукциясы уақыт бойынша шапшаңырақ өзгеретін болса, өнетін электр өрісінің кернеулігінің соғұрлым жоғары болады.
2 Ашық тербелмелі контур
Алайда электромагниттік тербелістердің үлкен жиілігі электромагниттік толқындар интенсивті (күшті) шығарып алудың кепілі бола алмайды. 1-суретте кескінделген әдеттегі контурда (оны жабық контур деуге болады) магнит өрісі түгел дерлік катушканың ішінде, ал электр өрісі – конденсатордың ішінде жинақталған деген болады.
3 Герц тәжірибелері
Герц электромагниттік толқындары жоғары кернеу көзінің көмегімен вибраторда тез айнымалы токтың импульстер сериясын қоздыру арқылы шығарып алады. Вибратордағы электр зарядтарының тербелістері электромагниттік толқын туғызады.
4 Электромагниттік сәулелер ағынының тығыздығы
Шығарылған электромагниттік толқын шығарып таратудың энергетикалық сипаттамасының маңызы зор, өйткені толқын шығаратын көздердің оның қабылдағыштарына тигізер әсерін айқындайды. Біз енді толқын шығарып тарату сипаттамаларының ең бастыларының бірімен танысамыз.
Қорытынды
а) Генрих Герцтің электромагниттік толқынды ашуы.
Генрих Герц (1857-1894) – көрнекті неміс физигі, ол электромагниттік толқындардың бар екендігін 1886 ж. алғаш рет электромагнитпен дәлелдеді. Электромагниттік толқындарды зерттей келе, Герц электромагниттік толқындар мен жарық толқындардың негізгі қасиеттерінің бірдей екенін тағайындады. Герцтің жұмыстары, электромгниттің өріс теориясының дұрыстығының, оның ішінде, жарықтың электромагниттік теориясының электромагнттік ділілі болды. Максвелл теңдеуінің қазіргі түрін Герц жазған. 1886 ж. Герц бірінші рет фотоэффектіні бақылады.