Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Статистика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 13 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

ҰЕЖ негізгі ұғымдары мен жіктемелері


Жоспар
1 ҰЕЖ негізгі ұғымдары мен жіктемелері 3
1.1 Ұлттық есеп жүйесі туралы түсінік 3
1.2 Ұлттық есеп жүйесінің даму тарихы 4
1.3 ҰЕЖ дегі топтастырулар мен классификациялар 7
Әдебиеттер 13

1 ҰЕЖ негізгі ұғымдары мен жіктемелері
1.1 Ұлттық есеп жүйесі туралы түсінік
Нарықтық экономикада шаруашылықтың әр түрлілігі еліміздегі есептің және статистиканің жүйелерінін халықаралық стандартқа сәй өзгертуді талап етеді.
Макроэкономикалық есеп және талдау жүйесін жетілдіру үшін бастапқы стаистикалық ақпаратты түбегейлі өзгертіп, жаңа жүйеге – ұлттық есеп жүйесіне (ҰЕЖ) көшу қажет, оны пайдалану арқылы экономиканың дамуын сипаттайтын, экономикалық саясатты жете зерттуге мүмкіндік беретін макроэкономикалық көрсеткіштер алынады. ҰЕЖдегі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер: жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жалпы пайда, қолда бар жалпы ұлттық табыс, жалпы ұлттық жинақ, ақырғы тұтыну шығындары жатады. Олар ҰЕЖнің динамикасын зерттеу ұдайы өндіріс процестерін зерттуге мүмкіндік береді.

1.2 Ұлттық есеп жүйесінің даму тарихы
Ұлттық есеп жүргізу туралы ойды ең алғаш рет XVIII–XIX ғасырларда ағылшын зерттеушісі Грегори Кинг айтты,ал француз экономисі Француз Кенэ алғашқы рет өз зерттеулерінде өнім қозғалысы мен табыс қозғалысының тұтастығын көрсетуге тырысты. Оның «Экономикалық кесте» жұмысындағы ой-пікірлері кейінірек ұлттық есеп жүргізудің негізгі принциптеріне айналды. ҰЕЖнің дамуына өз үлесін қосқан ғалымдардың бірі – француз ғалымы Антуана Лавуазье, «Францияның корольдігінің аймақтық байлығы туралы саяси арифметикалық очерк» атты баяндамасында өнім өндіру, тұтыну процестерін сипаттайтын және ұлттық өнімнің, ұлттық табыстың, таза табыстың мөлшерін көрсететін кесте келтірілді. 1929-1933 жылдары жинақ пен инвестиция арасындағы байланыс, жалақының өсуі не кемуінің салдары, экспорттың немесе импорттың өзгеруі, кәсіпкердің табысы сияқты келелі мәселелерді шешу қажеттілігі артты.

1.3 ҰЕЖ дегі топтастырулар мен классификациялар
Ұлттық есеп жүйесіндегі топтастырулар мен классификациялар келесідей түрлерге бөлінеді:
- шаруашылық бірліктерің салаларға және секторларға топтастыру;
- экономикалық операцияларды топтастыру;
- мемлекеттік басқару ұйымдарының шығынын топтастыру;
-өнім түрлерінің классификациясы;
- активтер мен пассивтер классификациясы;
-салық пен субсидия классификациясы.

Әдебиеттер
1. ҚР Статистика жөніндегі Заңы, Астана, 2001 жыл.
2. Мемлекеттік статистика мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер. Алматы: ҚР Статистика агенттігі, 2005 жыл.
3. Методологические положения по статистике, Алматы: Агентство РК по статистике, 2006.
4. Абдурахманов, Құсайынов Т.А., Байдақов А.Қ. Статистика және ҰШЖ. Астана, 2010 жыл.
5. Әміреұлы Ы. Статистиканың жалпы теориясы. Алматы. Экономика, 1998
6. Шайкенова Н.Т. Статистика. Оқу құралы. Астана, 2005
7. Абдурахманов М.А. Статистика. Оқу құралы. Астана, 2006
8. Елемесова А.М., Киіков Е.М. Ұлттық есеп жүйесі. Алматы, Экономика. 2000
9. Авров А.П. Общая теория статистики. Алматы, 2004